туа біткен гипотиреоз
300.10 жасар қыз бала, ара шақаннан кейін, кенет ауырған, тізе және шынтақ буындардың үстінде симетриялы папулезды - геморагиялық бөртпелер пайда болды. Осындай бөртпелер ішкі сандарында, жанбасында пайда болды. Іші жұмсақ, асқазан және тоқ ішек аймағында ауырсыну, нәжісінде алқызыл қан байқалады, температурасы 37,30С. Қандай диагнозы дұрыс
геморрагиялық васкулит
301.Бала 11 жаста, стационарға бала есін жоғалтқанда әжесі әкелген. Анамнезінде: қант диабетімен ауырады, инсулин қабылдайды. Соңғы рет инсулинді 1,5 сағ. бұрын қабылдаған. Әжесінің сөзіне қарағанда бала бірден бозарған, терлеген, есін жоғалтқан. Қарағанда: терісі бозарған, ылғалды; бұлшық ет тонусы қалыпты, ацетон иісі жоқ, пульсі минутына 110 рет, қанағаттанарлық. АҚ - 90/60 мм; тынысы қалыпты, іші жұмсақ, бауыр ұлғаймаған, температура 36,4°. Қандай диагноз дұрыс
гипогликемиялық кома
302.5 жасар бала, кенет ауырған. Түскендегі: температурасы 37,20С, жиі құрғақ жөтел, тыныс жиілігі 28, перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультацияда тынысы қатаң, құрғақ сырылдар, жүрек тондары ырғақты. Қан анализы өзгеріссіз. Өкпе рентгенограммасында - өкпе суреті күшейген. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін
жедел жай бронхит
303.7 жасар бала. Жедел ауырған, дене температурасы 400С. Қарағанда: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге. Терісі бозғылт, «мәрмәр» сүретімен. Аңқасы гиперемирленген. ТЖ - минутына 32. Кеудесі керілген, оң жақ бөлігі тыныстан қалады. Перкуторлы: оң жақта өкпеде жауырың астында қысқарған. Аускультацияда: тынысы қатаң, қысқарған жерінде әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ. ЖЖЖ минутына 120 соғыс. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Жалпы қан анализі: НЬ - 115 г/л, Лейк. - 18,0 х 109/л, таяқшалар – 10 %, с. – 57 %, э. – 1 %, л. – 23 %, м. – 9 %, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Рентгенографияда: оң жақ өкпеде VIII и IX сегменттерде интенсивті қараюлар бар. Қойылған диагноз: оң жақты сегментарлы пневмония. Науқаста қандай өкпелік асқыну болу мүмкін
пиопневмоторакс
304.Бала 7 жаста. Анамнезінде: әжесі бронх демікпесімен ауырады, 6 айынан бастап цитрустарға аллергиясы бар. 3 жасында жедел есекжеммен ауырған. 1 сағат бұрын, жөтел, қиын шулы тыныс пайда болды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын - ерін үшбұрышының цианозы, экспираторлы ентігу 1 минутта 50 рет, тынысы әлсіз, құрғақ ысқырықты сырылдар, перкуссияда өкпеде қорап тәрізді дыбыс. Қандай ауру туралы ойлауға болады
бронх демікпесі
305.Бала 11 жаста, қант диабетімен есепте тұрады. Шағымдары: шөлдеу, зәр шығаруының жоғарылауы, кіндік айналасындағы ауырсынуға, жүрек айну, құсу, бас айналуы, көру қабілетінің бұзылуы. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті: шырышты қабаты құрғақ,айқын, ауыз бұрыштарында жарықтар бар, тілі жабындымен жабылған, бет сүйектерінің терісінде (на скулах) қызару бар. Науқаста негізгі аурудың қандай асқынуы бар
Достарыңызбен бөлісу: |