Негізінен коронарлы артериялардың тарылу себебі болып атеросклероз, яғни, тамырдың ішкі қабырғасына холестериннің жиналуы болып табылады. Холестериннің жиналуы нәтижесінде артерияларлың ішкі саңылауы тарылып, миокардтың қанмен қамтамасыз етуі азаяды да, әсіресе адамға физикалық күш түскен кезде жүрек жиі соғып, оған жеткізілетін ауа мен қан мөлшері жеткіліксіз болады да, жүрек аймағында аурыру белгілері пайда болады (жүрек талмасы). Корнонарлы артериялар тарылған сайын болмашы жағдайдың өзінде-ақ, мысалы, сөйлесу кезінде, тамақ ішкен соң, суықтың әсерінен, жүйкеге салмақ түсу кезінде ауыру белгілері байқалады. Әдетте, кеуде тұсындағы ауру тыныштық жағдайында бірнеше минуттардан соң өздігінен тарайды. Ауру сол жақ жауырынға, қолға, астыңғы иекке, кейде асқазанға да беріледі. Бұл жағдайда адам оны гастрит немесе асқазанның ойық жарасымен шатыстыруы мүмкін.

ЖИА-ның клиникалық түрлері
Жедел: стенокардия, күтпеген жүректік өлім және жедел миокард инфаркты
Созылмалы: Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы
Стенокардия
Стенокардия – көбінесе кеуде қуысы қысылып, төс тұсында жаншылған ауру сезімі пайда болатын жəне осы ауру сезімі сол қолға, мойынға, төменгі жақ жəне асқазан астына таралатын клиникалық синдром. Ауырсыну дене қимылы кезінде жəне суыққа шыққан кезде, тойып тамақтанғанда, жан күйзелісі кезінде ушығады, тыныш жағдайда басылады, нитроглицерин қабылдаса, бірнеше секунд немесе минуттан кейін қояды.