НҰР-СҰЛТАН, 2021
Кеудедегі ауырсыну. Клиника,диагностика Орындаған: Мейіргер ісі кафедрасы
Кеудедегі ауырсыну
Жүрек аймағындағы ауырсыну аурудың ең тән белгілерінің бірі болып табылады. Кейбір жағдайларда жүрек ауруы жүректің және коронарлық тамырлардың ауыр органикалық ауруларының көрінісі болып табылады (стенокардия, миокард инфарктісі), басқаларында онша қауіпті емес, мысалы, кардионевроз. Жедел коронарлық жеткіліксіздік кезінде жүрек аймағындағы ауырсыну коронарлық артериялардың спазмынан немесе тромбозынан болады.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) — деп жүректің тәждік артериясындағы қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын жүректегі ишемиялық (дистрофиядан некрозға дейінгі) өзгерістерді түсінеміз. ЖИА халық арасында өте көп таралғандықтан 1965 жылдан бастап БДҰ шешімі бойынша жеке ауру ретінде қарала бастады, бұрын ол атеросклероз бен артериялық гипертонияның жүректік түрі деп есептелінген. ЖИА негізінен 40-65 жастағы ер адамдар арасында кездеседі, бірақ та ол 25-30 жастағы кісілерде де дамуы мүмкін.