Жанама шығындардың көлемі цехтағы және жалпы зауыттағы жабдықтарды күту және пайдаланудағы шығындардан құрастырылып, негізгі еңбек ақыдан пайыз есебінде анықталады:
Шж=Шн.е× (Нж/100), (5.6)
мұнда, Нж – жанама шығынның нормативі, оны 10% тең етіп алуға болады.
Шж=1759680×(10/100) =175968
Жобаны іске асыруға күрделі қаржы салу шығындардың есебі
5.7 Жабдықтарды ұстау және күнделікті жөндеу, амортизация шығындар
есебі.
Амортизациялық аудару есебінде жабдықтардың құны және белгіленген амортизациялық норма нәтижесі бойынша іске асырылады:
Ақ=(Жс×Бл×На)/100, (5.7)
мұнда, Ақ – амортизация құны;
Жс – жылдық бағдарламаға керекті жабдықтардың саны;
Бл – техниканың лимиттік бағасы, теңге;
На – амортизация нормасы, %, На=15%.
Ақ=48×144900×0,15=1043280
Техниканы жөндеу және пайдалану шығындарын анықтаған-әрекеттегі жоспарлы ескертілген жөндеу нормативі негізінде және жөндеушілер-жұмысшылрадың есептегі еңбек ақысының қорытындысымен анықталады:
Шжөн=Ссан×Еор.ж× (1+(Әқ/100)), (5.8)
мұнда, Шжөн – жөндеу шығыны;
Ссан – жөндеуші-жұмысшылар саны;
Еор.ж – жөндеуші жұмысшылрадың орта жылдық еңбек ақысы, теңге;
Әқ - әлеуметтік сақтандыруға көшірілетін қаржы,%, Әқ=10%.
45 000 жалақы 40 АЕК-тен асады. Сонан әлеуметтік салық:
ӘС = ((16380-1092-1638)*0,2+(43680-16380-2730)*0,15+(45000-43680-132)*0,12)*6 = 138769,9
Жаңа қолданатын техниканың, аналогі жоқ техникаға шығын көлемі жалпы техниканың құнынан 10% көлемде алынады:
Шжөн=Жс×Бл×10/100, (5.9)
мұнда, Шжөн – жөндеу шығыны;
Жс – жылдық бағдарламадағы керекті жабдықтардың саны;
Бл – техниканың лимиттік бағасы, теңге.
Шжөн=6×16000×0,1=9600
Достарыңызбен бөлісу: |