Комикстің мұқабасы барлық шығармашылық процесс аяқталған соң салына ма, әлде алдын ала дайындалып қойса бола ма?
– Комикстің тұпнұсқасы дайын болған соң, мұқаба мен промоарт жөнінде ойлану керек. Әдетте комикс жанрына енді келіп жатқандар ең әуелі комикстің мұқабасы мен промоартын дайындап алады да, комикстің өзін салуға содан кейін ғана барып отырады. Мұның кесірінен комикс пен мұқаба арасында алшақтық пайда болуы мүмкін. Жалпы, мұқаба оқырманды алдамауы керек.
– Бұл нәрсе суретшінің істі соңына дейін жеткізуіне көмектеседі әрі оның еңбегін де шығын қылмайды. Мәселен, менің «Чародейдің саяхаты» атты үштомдық кітабымның әр томы шамамен 150 беттен тұрады. Оны бірден соңғы нұсқадағыдай етіп жазуға отырсам, яғни, бірінші кадрды детальдарына дейін салатын болсам, 150-бетке жеткенде мүлде басқа суретшінің жұмысы секілді әсер қалдырар еді. Өйткені процесс соңына жеткенше бірнеше ай, жыл кетуі ықтимал. Бұл уақыт ішінде суретшінің шеберлігі шыңдалады, сәйкесінше бұрынғы және соңғы жұмыстар арасында айырмашылықтар байқалады. Комикс салу жұмысын кезең-кезеңімен іске асыру осындай айырмашылықтардың ізін білдірмеуге ықпал етеді.