Кез келген тақырыпты комикс тілінде сөйлетуге болады


Ал көркем жазу өнері қаншалықты маңызды? Көп комикстердегі мәтін дайын шрифтпен емес, қолдан жазылатынын байқадым. Мұның сыры неде?



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі352,59 Kb.
#12018
1   2   3   4   5   6
Ал көркем жазу өнері қаншалықты маңызды? Көп комикстердегі мәтін дайын шрифтпен емес, қолдан жазылатынын байқадым. Мұның сыры неде?

– Комикс салуда көркем жазу өнері аса қажет. Оқырманды компьютермен емес, автордың өз қолымен жазған жазуы көбірек қызықтырады. Мен калиграфия курсын да, леттеринг курсын да оқымағанмын. Сондықтан компьютердің көмегімен өзімнің жеке шрифімді жасап алдым. Оны жасау түк қиын емес. Бірінші өз қолыңмен бүкіл әріптер мен сандарды графикалық планшетке түсіріп аласың, кейін содан арнайы бағдарламалар арқылы жаңа шрифт құрастыруға болады.

Қандай графикалық планшетте жұмыс істейсіз?

– Wacom Intuos 5. Алайда менің бір түсінгенім, жақсы комикс шығару үшін графикалық планшеттің түрі аса маңызды емес. Ол – қылқалам немесе кенеп тәрізді жай ғана сурет салу құралы. Мұндағы ең бастысы, өзіңіз суретті жақсы сала алсаңыз болғаны.

Осы жанрға жаңадан кірісіп жатқан жас суретшілерге қандай кеңес берер едіңіз?

– «Көп оқыңдар!» дер едім. Комикстің аясы күннен-күнге кеңеюде. Бүгінде қоғамдағы кез келген өзекті тақырыпты комикс тілінде сөйлетуге болады. Тағы бір маңызды нәрсе – үздіксіз еңбек. Жалғыз комикс сізге атақ та, ақша да әкелмейді. Бұл салада өз қолтаңбаңды қалыптастыру жылдар бойғы ізденісті талап етеді.

Әңгімеңізге рақмет.



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет