Аспирация- шприцтті алып өзегі кең инені жалғап, жұмсақ жерге пункция жасаймыз. Инемен іріңді сорып аламыз. Бітеу жараны шприцпен алып сорып,антисептикалық ерітінді жасаймыз.
Экзантемамен көрінетін инфекциялық аурулар мен тері аурулары екшеу диагностикасы
Қызылша (лат.Morbilli) — парамиксовирустармен қоздырылатын, ауа-тамшылы механизм арқылы берілетін клиникасы циклды ағыммен, қызбамен, интоксикация, катаральді синдромдармен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Есекжем (грек. urticaria, орыс. крапивница) – кенеттен теріде қалақай шөбі тигеннен кейін болатын бөртпеге ұқсас, қатты қышыну сезімімен қабаттасатын, қышыма бөртпе пайда болуымен көрінетін дерт (-сурет). Ол әртүрлі тітіркендіргіштерге дамитын, жиі аллергиялық (атопиялық) серпілістерге жатады
Этиологиясы. Есекжемнің пайда болуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы зор. Есекжемнің қоршаған орта тітіркендіргіштерінің (қалақай шөбі, маса, қандала, ара, құмырсқа шағуы), суық температураның, күн сәулесінің әсерлеріне, организмге жақпайтын кейбір тағамдық заттарға (ет және балық консервілер, жұмыртқа, бал, кофе т.б.) және дәрі-дәрмектерге (антибиотиктерге, сульфаниламидтерге, ацетисалицил қышқылына, В-тобындағы витаминдерге, аминазинге т.с.с.) дамиды.
Есекжем
Патогенезі
Қызылша
Инфекцияның кіру қақпасы – жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары. Вирус тыныс алу жолының эпителийінде көбейеді. Жасырын кезеңнің соңғы күндерінде, бөртпе шыққаннан кейін 1-2 күн ішінде вирусты қаннан бөлуге болады. Жасырын кезңнің аяғында вирусемияның тым шиіленіскен 2-ші толқыны байқалады. 3-ші күні вирусемия төмендеп, 4-ші күні вирус табылмайды. Ауруды бастан өткізген соң тұрақты иммунитет қалыптасады.