Егер есекжем аутоуыттану, тағамға немесе бактерияларға сезімталдық көтерілуі сияқты эндогендік ықпалдарға дамыса, онда қан тамырларының бүліністері аллергиялық серпілістердің реагиндік 1-түрінің тетіктері бойынша дамиды. Атопия дамуында, анафилаксиялық серпілістерге сәйкес арнайы тетік болып, аллергенге жауап ретінде организмнің IgE – антиденелерді артық өндірілуі маңызды орын алады. Есекжем кезінде қышыма бөртпелердің пайда болуында қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуі өте маңызды орын алады. Бұл кезде қан тамырларының өзгерістері дамуына аллергиялық медиаторлардың (гистамин, серотонин т.б.) маңызы зор. Қанда гистамин деңгейінің көтерілуі әртүрлі себептерден пайда болған есекжеммен ауыратын науқастарда байқалады.
Клиникалық көрінісі
Дене температурасы 38-39 º-қа көтерілуі, шаршағыштық, тәбетінің нашарлауы.
Кактарльді көріністер: құрғақ жөтел, конъюктивит, склерит, жарықтан қорқу, блефароспазм;
Филатов- Коплик- Бельский дақтары: ұсақ қызыл дақты қызылша энантемалары, экзантемалар шықпай тұрған кезде шығады.
3-4-ші күні бөртпе кезңі басталады; ол сатылы шығумен сипатталады: 1 күні – бет пен мойында, 2 күні – кеудеде, қолда, жамбаста, 3 күні – аяқтарында.
3-4 күннен кейін бөртпе ағарып, орнында пигментация қалады. Одан әрі кебекті қабыршақтану байқалады.
Аймақтық лимфа түйіндері (мойын, шүйде) ұлғаяды, пальпацияда ауырсынады.
Балалардың 50 % көкбауыры үлкейеді.
Қызылша
Қызылша
Қызылша
Есекжем
Клиникалық көрінісі
Шынайы есекжем нақты шекарасы жоқ тері қызаруынан (эритемадан) басталады. Шарт бойынша бөртпелер симметриялы, қол мен аяқ, дене терілеріне таралуы мүмкін.
Микробтық есекжем қандай да бір жұқпа – стафилококктық немесе стрептококктық инфекция нәтижесінде, әсіресе әлсіреген адамдарда төмендеген иммунитетте дамиды.
Бала есекжемі бет терісіндегі, бастың шаш бөлігіндегі бөртпелерден басталады, ол дененің басқа телімдеріне таралады.
Себореялық есекжем май бездері мол тері телімдерінде – бетте, бастың шаш бөлігінде, кеудеде, жауырын арасында орналасады.
Кәсіби есекжем терінің анық телімдерін зақымдайды (қолдар, мойын мен бет). Жұмысты ауыстыру мен зиянды фактормен контактты доғару кейде бөртпенің жойылуына жетелейді.
Бұл дерт кезінде қан және лимфалық қылтамырлар кеңиді, терінің бүртікті қабатында шектелген ісіну және эпидермисте жасуша аралық ісіну пайда болады. Ісік үлкен көлемге жетіп шелмайға тарауынан квинке ісінуі дамиды. Есекжем кезінде тыныс жолдарының шырышты қабығы бүлінуінен тыныс алу ауырлайды, ұстамалы жөтел пайда болады, асфиксия дамуына қауіп төнеді.