«Киіктер тағы көбейеді, Сарыарқаны тастамайды» дейді «Алтын дала» мемлекеттік табиғи



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата06.03.2017
өлшемі22,27 Mb.
#7991
1   2   3   4   5   6   7

Айханым АМАНГЕЛДІ

Өнер

C

M

Y



K

C

M



Y

K

тарихшылардың  қасиетті  боры-



шы.  Сондықтан  да  бабамыздың 

ұрпағына қалдырған құнды мұрасын 

оқырман  қауымға  қайта  ұсынуды 

жөн санадық. 



ДӘСТЕМНАМА

(тарихи дастан)

(үзінді) 

Жаңа шыққан қыран ем,

Қияға шырқар талпына.

Сәлем бердім әуелі,

Жиналған тойға, халқыма.

Ақтарайын ел-жұртым,

Буулы теңді қоймада.

«Дәстемнама» дегенге,

Мақтаншақ деп ойлама!?

Қазақтағы Орта жүз,

Керейден шыққан серімін.

Өлеңге де, соғысқа,

Бірдей боп жүрген бөрімін.

Толыбай сыншы баласы,

Қарабас ердің ұлымын,

Халқын жаудан қорғаған,

Жас сардардың бірімін.

Ұстаз болған өзіме,

Қожаберген ағамыз.

Ақындық пен ерлікке,

Баулыған сол данамыз.

Ағам аты – Ер Асқап,

Өз есімім – Дәстем сал.

Қызылжар* деген өңірде,

Мекенім менің Өзентал.

Әріден жайды қозғайын,

Мұсылманға паш қылып,

Жәрдем еткей жалғыз хақ,

Көңілді қойма аш қылып.

Зейінге мықтап тоқыдым,

Молданың берген білімін.

Бойыма тағы сіңірдім,

Жақсылардың ілімін.

Шежіреден көргенді,

Оқып жақсы білгенді,

Жария етсек жарасар,

Құлаққа және ілгенді.

Мұны бізге қалдырған,

Тарих етіп ескі көз.

Керейдің көне жырауы – 

Шаншарбектен жеткен сөз.

Шаншарбай жазған шежіре.

Әркімдердің қолында,

Қызмет қылған ер екен,

Дін исламның жолында.

Он сегізге келген соң,

Ел қорғауға сайланып,

Тұлпар мініп, жер шолдық,

Әр өңірді айналып.

Сері болдым, топ бастап,

Домбыра, қобыз қолға алып.

Сібірлік түрік ахуалын,

Жыр етпекке толғанып.

Өтіндіңдер шығар деп,

Тыңдауға хисса лайық.

Олай болса, жарандар,

Сіздерге қызмет қылайық.

Ерен шабыт шақырып,

Шырқап әнге салайық.

Ата-баба шежіресін,

Әрдайым еске алайық.

Жыраулық пен ерлікті,

Көрдім бойға лайық.

Тіршілікте әлеумет,

Ел қорғаны болайық.

Қолға қобыз алған соң,

Жұрт көңіліне толайық.

Шыңғыс ханнан бастауды,

Мақұл көрдім халайық.

Татар, Қырғыз хандығын,

Билей алмай жалғанда,

Өткен екен Есуқай,

Шерлі болып арманда.

Кім десеңіз Есуқай,

Шыңғыс ханның әкесі.

Татардың, маңғұл жұртының,

Тұсында болған серкесі.

Татар, қырғыз хандығын,

Біріктірген шығыста.

Әскер бастап батысқа, 

Аттанған жылжып Шыңғыс та

Жол-жөнекей көп елге,

Көрсеткен татар зорлықты,

Бағыныпты талай жұрт,

Көрмеу үшін қорлықты.

Басшысына әр елдің,

Шыңғыс бұйрық жолдаған.

Қирату үшін көп жұртты,

Ислам дінін қолдаған.

Кей көсемді Шыңғыс хан

Алдап-сулап көндірген.

Елемесе бұйрықты,

Қауіп-қатер төндірген.

Мейірімсіз Шыңғыс хан,

Өз мизамын ендірген.

Тыңдамаған халықтың,

Шырағын бірден сөндірген.

Қан жоса қып Шыңғыс хан,

Қырылып нелер ел қалған.

Өз жұрты ере көшкен соң,

Құлазып жері бос қалған.

Алған екен татарлар,

Шыңғыс ханның кезінде,

Том мен Еділ арасын,

Жалған жоқ осы сөзімде.

Болып өткен Еділде,

Шыңғыс ханның шайқасы.

Мекендеген Қазанды,

Татардың маңғұл тайпасы.

Хандығына Шыңғыстың,

Татардың бәрі болған мас.

Қызыл-сары жүздері,

Көздері көк, жирен шаш,

Осылай болған маңғұлдың,

Ұқсас халқым өңдері.

Алтай таудан әрі екен,

Ежелгі татар жерлері.

Маңғұл, мешер, қырғыз бен

бұлғар да татар тайпасы.

Оң қолы болған Шыңғыстың,

Қызғанда жаумен шайқасы

(жалғасы келесі санда)

9

C



M

Y

K



Ұлы  Жеңістің  70  жылдығын  еліміз,  фашизмге 

қарсы күрескен елдердің барлығы  атап өтті. Алайда  

соғыста Отан үшін жасалған  ерлік, майдан даласы-

нан оралмаған боздақтар, тылда еңбек еткен ана-

лар мен бұғанасы қатпаған балалар туралы дастан 

таусылмақ емес. Еліміздің жас өркенін патриоттық, 

елдік сезімде тәрбиелеу үшін де аталар ерлігі сана-

мызда жаңғыра береді, оларға тағзым етеміз. 

Жеңіс мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық 

мемлекеттік архиві «Ұлы Отан соғысының мұрағаттық 

шежіресі»  фотоқұжаттық  көрмесін  ұйымдастырған 

болатын. Дайындалған көрме  облыс жұртшылығына 

ұсынылды.  Осы  кезге  дейін  Ұлы  Отан  соғысына 

облыстан  қанша  жауынгер  кеткені,  қаншама 

шаруашылық  жұмыс  істегені,    қаншама  кәсіпорын  

сол  кездегі  Кеңес    Одағының  жау  жақындаған 

облыстарынан    Қостанайға  көшірілгені,  кеңес, 

партия  органдары  жұмысы  туралы  мәліметтер 

жұртшылыққа жеткізілгендей еді. Алайда  обылстық  

мемлекетітк архив қызметкерлерінің инемен құдық 

қазғандай  төзіммен,  шаң  басқан  архив  тікпелерін 

ақтару нәтижесінде соғыс тақырыбына байланысты, 

қаһарлы жылдар жаңғырығындай көптеген  құжаттық 

материалдар мен фотосуреттер табылды. Оларды  

көрмеге жинақтап, жұртшылық назарына ұсынды.  

– Көрме жәдігерлері Қостанай облыстық тарихи-

өлкетану  музейінің  қорынан,  Қазақстан  Республи-

касы  Президентінің  архивінен  алынды,  сондай-ақ 

Қостанай  мемлекеттек  педагогика  институтының 

студенттері  «Жеңіске-71  жыл»  студенгттік  тарихи 

жобасы  шеңберінде  жнақталған  материалдар 

көп мәліметтер берді, – дейді Қостанай облыстық 

мемлекеттік архивінің  құжаттарды пайдалану мен 

жариялау бөлімінің басшысы Юлия Говорова.

Көрмені дайындау барысында архив қызметкерлері 

жергілікті  тұрғындармен  тығыз  байланыста  жұмыс 

істеді.  Осы  жұмыс  аясында    Ұлы  Отан  соғысы 

ардагерлерінің,  соғыс  жылдарының  куәсі  болған 

қарапайым қарттардың  отбасылық мұрағаттарынан 

көптеген құнды материалдар алынды. Мысалы, тыл-

да жұмыс істеп жүрген әйелдер суреті кімнің де бос-

ла жүрегін шымырлатады. Қайран аналар, күйеуін, 

балаларын,    бауырларын  майданға  аттандырып, 

солар істейтін жұмысқа өздері шықты. Жержыртты, 

шөп шапты, отын  жинады, сиыр сауып, мал бақты.  

Бейнеттің белі қайысып жүрген әйелдердің көз жасын  

майданннан келген «қара қағаздар» да құрғатпады. 

Сондай-ақ  соғыс  басталған  жылы  Қостанайға 

көшірілген  «Большевичка»  тігін  фабрикасының 

ұжымының суретін де толқымай қарау мүмкін емес. 

Жалындай  жап-жас  қыздар.  Олардың  тағдыры 

не  болды?  «Соғыс  тағдырын  күл-талқан  етті  ме, 

әлде сүйіктісі майданнан аман келіп, бейбіт күннің 

ырыздығын көрді ме?» көрмені қызықтаған әркім де 

осындай ойға берілері хақ.  

Көрмеге  архив  қызметкерлері  барлығы  150 

құжаттар  мен  суреттер  қойды.  Олардан  соғыс 

уақытының  тынысы,  лебі  білінгендей  болады.  Ал 

уақыт өткен сайын срғайған суреттер мен хаттардың 

маңызы да арта түседі. Олар келер ұрпаққа соғыстың 

қасіретін жеткізетін болады. 

 

 



Әмина ЖУАСПАЕВА

Жеңіс 70

Сағыныштай сарғайған жауынгер хаттары...

28


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Конституцияға – 20 жыл

Қазақстан Республикасының  Конституци-

ясы 1995 жылы 30 тамызда  республикалық 

реферундумда  қабылданған  болатын.  Ол 

еліміздің  азаматтарына адам бостандығын, 

жан-жақты  құқық  кепілдігін  беретін  барлық 

құқықтық  актілерінің  іргетасы  болып  та-

былады.  Ата  заңымыз  қабылданған    20 

жыл ішінде демократиялық қоғам орнатуда 

Қазақстан жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 

Сонымен бірге Конституция мазмұны Қазақстан 

мемлекеттілігінің ырғақты алға басқандығын 

көруге  мүмкіндік  береді.    Елдің  барлық 

азаматтарының,  мемлекеттік  органдардың, 

лауазым иелерінің, қоғамдық бірлестіктердің  

Конституция  идеялары  мен  ұстанымдарын, 

нормаларын қолдану, сақтау жаңа тәуелсіз ре-

спублика іргесінің бекуіне, нығаюына алғышарт 

болғаны да рас . Құқықтық тәртіптің орнауы, 

адам  бостандықтарының  сақталуы  өмірдің 

сапасын жоғарылатты, саяси тұрақтылықты  

және  қоғамдық  келісімді  қамтамасыз  етті. 

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік 

саяси аренаға шыққалы біздің елімізде бірде 

бір рет  саяси дағдарыс, ұлтараздық оқиғалары 

болған емес. Қаншама ұлт өкілдері, діни кон-

фессиялар өкілдері тату –тәтті бірлікте өмір 

сүріп келеді. Біздің ел   қоғамдық келісім мен 

бірліктің қазақстандық үлгісін жасады. Осының 

барлығының негізі  Ата заңымызда жатыр. 

Бүгінгі Қазақстан Республикасының Консти-

туциясы  қоғам мен  мемлекет өмірінде  ерекше 

маңызды орын алады. Елдің негізгі құқықтық 

құжаты болып саналатын Конституция біздің 

елдегі демократиялық, құқықтық, әлеуметтік 

және зайырлы мемлекеттің жетістігі де болып 

саналады.  Ата заңымыз қалай  шынайы, ай-

барлы болса Қазақстан да солай бола береді. 

Демократиялық қоғамның биік идеалдарына 

ұмтылу,  ежелгі қазақ жерін жайлаған ұлттар 

мен ұлыстар арасындағы достық пен келісім, 

бірлік,  мәдениеттердің    өз  ара    араласып, 

жарасым табуы және мемлекеттік  органдар 

жүйесінің  құрылуы—осының  барлығы  да 

елдің негізгі заңы—Ата заңымыздан шынайы 

көрініс тапты.  Конституция – құқықтың негізгі 

бұлақ бастауы, қайнар көзі болып табылады. 

Онда құқықтық жүйенің барлық бастаулары 

бар. Ағымдағы заңдар үшін негізгі база Ата 

заңнан табылады, сол заңдардың  сипатын 

анықтайды.  

Конституцияның  жоғары  заңдық  күші 

бар. Оның заңдық күшінің жоғарылығы мен 

күштілігі өзге заңдар мен мемлекеттік орган-

дар актілері Конституцияға сәйкес және оның 

негізінде шығарылатындығынан көрініс таба-

ды. Контитуцияны  қатаң және нақты сақтау 

барлық  азаматтар,  қоғамдық  бірлестіктер 

және мемлекеттік органдар үшін ең жоғары 

норма саналады.

1995 жылы шыққан  Конституцияға  2007 

жылы өзгерістер  мен толықтырулар  енгізілуіне 

байланысты  ол    Қазақстанның  дамуына 

күшті серпін берді, экономикалық, саяси және 

әлеуметтік реформалар үшін іргетас, бастау 

болған  Ата  заң  мемлекетте  және  қоғамда 

болып жатқан  барлық үдерістердің белсенді 

жүруіне ықпал етті.

Жастармен студенттер қауымы   ең бастысы 

Конституцияны  құрметтеп ғана қоймай, оның 

негізгі заңдық міндеттерін жүзеге асыруға үлес  

қосуы тиіс. Жастарға біздің елімізде білім алу 

үшін  барлық  жағдай  жасалған.  Білім  алуға, 

оқуға, мамандық игеруге Конституция құқық 

берген. Соны сезінген әр студент жақсы оқуға

білім үшін жұмсалған мемлекет қаржысының, 

одан қалды ата-ана еңбегінің  қайтарымын 

жасауға талаптанады. Уақыт, барлық саладағы 

әлемдік нарық бәсекеге қабілетті болуды талап 

етіп отыр. Сондықтан әрбір жас, әр студент то-

лерантты және тәрбиелі  болып, Қазақстанның 

болашағы, игілігі үшін жақсы оқып,  еңбек етуі 

керек. Өзінің жан-жақты дамуын қамтамасыз 

етсе  игі.  Білімді,  тәрбиелі  жастар    әлеуеті 

мемлекетті нығайтады. Олар еліміздің  лайықты 

азаматы болып қалыптасады. Ата заңның ба-

сты  бағыты да осы.



А д а с т ы р м а с   б а ғ ы т ы м ы з ,

р у х   б е р е р   а й б а р ы м ы з

Денис КАЧЕЕВ,

философия 

ғылымының 

кандидаты, 

тарих магистрі

10

C

M



Y

K

Өнерлі, белсенді, жігерлі жас



Аты жөні: Гүлмира Опина

Факультеті: Аграрлық-биологиялық 

факультет



Курсы: 3 курс

Хоббиі:  Бос  уақытында  кітап 

оқып,  әр  түрлі  тағам  түрлерін 

дайындағанды ұнатады

Сүйікті  кітабы:    «Абай  жолы», 

М.Мақатаевтың  өлеңдер жинағы 



Арманы:  Ата  –  анасының  үмітін 

ақтап,  университеті  үздік  аяқтау, 

білікті  маман иесі атану 

Ерекше үлгі тұтар тұлғасы: Өзінің 

ата-анасы,  Олжас Сүлейменов



Өмірлік ұстанымы: «Өмір - шимай-

ламай сурет салу»



Жетістіктері  мен  қоғамдық 

жұмысы:  «Ахмет  ұрпақтары» 

пікір-сайыс клубының мүшесі, «үздік 

төреші»,  ҚМУ  ректоры  кубогіне 

арналған  VII-IX  халықаралық 

турнирдің  ұйымдастырушысы. 

«Арулар отауы» клубының мүшесі, 

«Асыл  Ару-2015»  байқауының  

ұйымдастырушысы.  Университет 

қабырғасында өткен ғылыми «Тамақ 

өнеркәсібіндегі  инновациялық тех-

нологиялар» конференциясында  ІІ орын, республикалық «Ғылым шарай-

насы» атты ғылыми жұмыстар байқауында І-орын, халықаралық «Сократ»  

ғылыми жұмыстар байқауында «Жас сарапшы» аталымы бойынша ІІ-орын 

алды.


Көпшілік  пікірі:  Гүлмира  өте  белсенді  әрі  қарапайым  жан.  Әрқашан 

ізденісте жүреді, жаңалыққа, түрлі зерттеулер жүргізуге құмар.  

27

Университет мақтанышы


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Әдеби мұра



(басы 3–санда)

Ағайын, туыс-туған барлығы Мұсаның ора-

луына зор қуаныш білдіріп, шағын той жасай-

ды. Бір аптадай өз ауылында сауық құрған 

Мұса көрші ауылдарға да сапар шегеді. Ол 

әр  сапарында  жалғыз  өзі  емес,  бала  күнгі 

достары  Байдалының Мұстафасы, Бекеттің 

Әбділдасымен бірге аттанатын болған.   Боз-

бала шағынан ойын сауықты ұнатқан Мұса бір 

той-думанда Бәтима есімді аруға ғашық бола-

ды. Бірақ онымен байланысы ұзаққа барма-

ды.  Орман ауылында Шорманның ұрпақтары 

билік құрған тұста, Мұса Шормановтың інісі 

Мұстафа  Жаяу  Мұсаның  елге  келіп  сауық 

құрғанын,  елдің  ықыласына  бөленуін  ұната 

қоймайды. Уақыт өте  Мұса бір күні Шорман 

балаларының ауылының жанынан өтіп бара 

жатып  ән  салады.  Мұны    естіген  Мұстафа 

Шорманов    оны  өз  адамдарын  жіберіп  көк 

ала  қойдай  қып  соққыға  жығып,  астындағы 

халық сыйлаған жалғыз атын тартып алып, 

жаяу еліне тентіретіп жібереді. Осы оқиғадан 

бастап  Мұса    Байжанұлы  тарих  беттерінде 

Жаяу  Мұса  деп  аталып  келеді.    Шорман 

ұрпақтарынан    көрген  озбырлығы  оны  өз 

елінен  кетуге  мәжбүр  етеді.  Бұл  озбырлық 

оның елден кетуімен аяқталмайды, керісінше 

кеңге қанат жайып, жалғасын табады. Сол ел-

ден кеткен жылдары ол Тобылға он екі жылға 

жер аударылады. Жер аударылуының себебі 

де сол бұрын озбырлық көрсеткен Мұстафа 

Шормановтың  патша үкіметіне жазған хаты-

нан  кейінгі  іс-әрекетінен  байқауға  болады.   

Он  екі  жыл  Тобылда  айдауда  жүріп  көрген 

азабы  оның зарлы да мұңға толы өлеңдер 

жазуына әсер етті.

Жаяу  Мұсаның  өмірімен  қатар  өнерін  де 

бірге алып жүрген танымал тұлға қатарында 

болғаны  белгілі.    Оның    әр    айтқан  әнінің  

өзінде  терең  мағынамен    қатар  тарихпен 

астасып  жатыр.    Мәселен,  баршамызға  та-

нымал  «Сұрша қыз» әнінің тарихы тереңде 

жатыр. Бұл әннің  шығу тарихы туралы мы-

надай  бір  дерек  бар:  Жаяу  Мұса  бұл  әнді 

өзімен бірге Тобылда айдауда бірге болған 

досы, замандасы Арап есімді жігіттің ғашық 

болған  қызына  арнаған.  Араптың  ғашық 

болған  қызының  есімі  Күнбөпе.  Олар  бірге 

ғұмыр кеше алмады. Бұған себеп Шоқанның 

Жақып есімді інісінің оларға қарсы құйтұрқы 

әрекет  жасауында.  Жақып  Күнбөпе  бой-

жеткенге  ғашық  болып,  оны  өзінің  жары 

ету  мақсатында,  оның  сүйген  жігіті  Арапқа 

жала жауып Тобылға айдатын жібереді. Бұл 

оқиғадан  кейін  Күнбөпе  ару  есінен  адасып, 

ми далада қасқырға жем болып қаза таба-

ды.  Арап  пен  Күнбөпе  арасындағы  мұңға 

толы махаббат машақатынан кейін, досының 

айдаудағы  өміріне  қапаланған  Жаяу  Мұса 

« Сұрша қыз» әнін жазған деген дерек бар. 

Ал «Ақ сиса» әнінің тарихы баршаға белгілі 

Шорманның  Мұстафасынан көрген қорлығын 

ән  мәтініне  сыйғызып,  ішіндегі  ашу-ызаға 

толы сезімін ән арқылы жеткізген.

Жаяу    Мұса    өмірімен  өнері  туралы 

айта  берсең  де  жаза  берсең  де  дерек-

тер  баршылық.  Ол  өмірінде  ұзақ  жасаған 

тұлғалардың  қатарында.    Сол  ғұмырында 

ол  қуаныш-қайғымен  қатар  көп  қорлықты 

да  көрген.    Кейбір  деректерде  оны  қайғыға 

толы өмірдің қаһарманы ретінде қартайған 

шағында халық Жаяу Мұса емес Батыр ата 

деп  атаған.  Сұм өмірдің ащысы мен тұщысын 

қатар  көрген    батыр  бабамыз  тоқсан  төрт 

жас  жасаған.    Өмірінің  соңына  дейін  өмірін 

өнерімен  өрнектеген    тұлға,  өз    ұрпағына 

өмір тарихымен өнерде қалдырған ізі арқылы 

өнеге бола білді. Оның өміріндегі оқиғаларға 

негізделген әндері бүгінгі таңда дәстүрлі ән 

өнерінде шырқалып жүр. Жаяу Мұсаның «Ақ 

сиса»  әнін  білмейтін  қазақ  кемде  кем.  Ән 

әлемінде шарықтап шыңға шыққан қоңыр үнді 

әсем даусы мен сөзге шешендігі, тапқырлығы 

үйлесім тапқан  Жаяу Мұса әдебиет, тарих, 

ән  әлемінде  өшпес  із  қалдыра  білді.  «Ат-

тыдан  жаяу  жүріп  кек  алған,  өжеттілігімен 

қайсарлығы бойына біткен өшпес тұлға» деп  

жазушы  Зейтін    Ақышев  айтқандай,    Жаяу 

Мұса  өмірі  мен  өнері  келешекті  бастаушы 

кемел  ұрпаққа  мәңгілік  мұра,  таусылмас 

қазына, жоғалмас  тарих.

Мөлдір АМАНБАЙҚЫЗЫ,

ҚМУ ГӘФ қазақ филологиясы 

мамандығының 2 курс студенті

Жаһанды жаяу кезген Жаяу Мұса

26

C



M

Y

K



Қазақ  өркениетінің  білім,  ғылым,  мәдениет  һәм 

көсемсөз  бағыттарында  болып  жатқан  қандай  да 

жарыстарды  тілге  тиек  еткенде,  ұлт  ұстазы  Ахмет 

Байтұрсынұлының 1913 жылы жазған «Білім жарысы» 

атты мақаласы түсері сөзсіз. Тіпті, мақала маңызының 

зорлығы соншалық, қазір оның аты басылымның атау-

ына айналды! Үнжарияның заңды иесі әлбетте, ғұлама 

есімін иеленген Қостанай мемлекеттік университетінің 

журналистика мамандығының студенттері мен медиа-

орталықтың  ұжымы.  Жарасымды  жалғастығын 

тапқан  үнпарақтың әлеуметтік-қоғами ортаға қызмет 

көрсеткеніне  де  17  жыл  болыпты!  Сол  уақыттан 

бері  басылым  зертханасынан  төртінші  рет  түлектер 

маман  ретінде  жолдама  алып,  үлкен  өмірге  қанат 

қақты десеңізші... Осы іспеттес болашақ мамандарды 

даярлау  мақсатында  қаншама  игі  шаралар  қолған 

алынып, дәстүрлі жиындарға айналуда. Жүрегі – от, 

рухы – биік, жыр дүлдүлі Мағжан Жұмабаевтың «Мен 

жастарған  сенемін»  деген  өлеңі,  біздің  келешегіміз 

жастарда  екенін  үндеп,  насихаттап  тұр  емес  пе?! 

Ендеше,  еліміздің  ертеңі  жастарды  тәрбиелеуде 

дұрыс бағыт-бағдар беру мұғалімнің міндеті, ал қай 

мамандық саласы болсын, бірінші кезекте «өз ана тілін 

сүйген, әдебиетін әспеттеген жастар – біздің жарқын 

болашағымыз» екені айтпаса да түсінікті. 

Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы   Б і л і м   ж ә не 

ғылым  министрлігінің  базалық  ЖОО-да  пән 

олимпиадаларының  өткізілу  кестесіне  сәйкес,  2015 

жылы  сәуірдің  23-24  күндері  Қостанай  мемлекеттік 

педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

мамандығы  бойынша  өткен  VІІ  республикалық  пән 

олимпиадасы  әрбір  білім  ордасынан  жиналған 

жауқазын  жастардың  өз  білімін  сынауда  кеудесіне 

үміт  отын  ұялатып,  ана  тілге  деген  құрметтерін 

оятты.  Олимпиадаға  қатысқан  20  жоғары  оқу 

орнының командалары, оның екеуі – ұлттық, он үші 

– мемлекеттік, бесеуі – жекеменшік білім ордасының 

үкілеген  тәлімгерлері  өз  білімдерін  жарыстыруда 

бірінен бірі асып түсті. Пән олимпиадасының мақсаты 

болашақ  мамандардың  ерекше  кәсіби  қабілеттерін 

анықтап  және  талантты  студент  жастарды  қолдау 

болса, студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу 

әрекеттерін  ынталандыру,  жеке  кәсіби  әлеуетін, 

шығармашылық  қабілеттерін  ашу,  мүмкіндіктерін 

толық пайдалануы мен кәсіби қалыптасуына жағдай 

жасау, азаматтық ұстанымын орнықтыру, ең дарынды 

студенттерді іріктеу және қолдау, білім беру жүйесін 

жетілдіруге  деген  кәсіби  белсенділік  қатынасын 

қалыптастыру болды оның міндетіне айналды.

Пән  олимпиадасы  екі  турдан  тұрды,  алғашқысы 

студенттердің  тіл  мен  әдебиет  бойынша  теориялық 

білімі мен танымын көрсететін шығармашылық жұмыс 

аясында берілген тақырып бойынша ауызша ойталқы, 

яғни студенттің  теориялық білімі, сөйлеу мәдениеті, 

ой  жүйелілігі,  сөз  саптауы,  тақырыпты  аша  алуы, 

ой  нақтылығы,  фактілі  дәлелдер,  салыстыру  және 

қорытындылау  әдістерін  ұтымды  қолдануы,  мате-

риалдарды тиімді пайдалана алуы сыналды.  Келесі 

кезекте тест тапсырмалары негізінде, Қазақ тілі мен 

әдебиеті пәндері бойынша қатысушының теориялық 

білімі тексерілді. 

Пән  олимпиадасының  қорытындысы  бойынша 

жүлделі орындарды: Гран-при – Әл-Фараби атындағы 

Қазақ  Ұлттық  университетінің,  І  орынды  –  Тараз 

мемлекеттік педагогикалық институтының, ІІ орынды – 

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, 

Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік 

университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық 

институтының командасы, ІІІ орынды – С.Торайғыров 

атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің, 

Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік 

университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік 

мемлекеттік университетінің командалары алды. 

«Жүзден  –  жүйрік,  мыңнан  –  тұлпар»  демекші, 

білім жарысына   сыналған студенттердің келбетінде 

ең  бастысы,  жүлделі  орын  алғандарынан  бөлек,  әр 

өңірден  жиналған  жастардың  дидарласуынан  алған 

әсерлері көңілге қуаныш сыйлады. Шын мәнінде, білім 

бәйгесінде шынайы бәсекемен бірге, ой жарыстырып, 

тағылымды  жиын  қорытындыланып  жатса,  бұл  бір 

ғанибет емес пе?! 

Райхан ИМАХАНБЕТ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті м. а., 

филология ғылымдарының кандидаты 

Білім жарысы

Пән олимпиадасы білімге құштар 

студентті пысытады

11


C

M

Y



K

C

M



Y

K



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет