«Киіктер тағы көбейеді, Сарыарқаны тастамайды» дейді «Алтын дала» мемлекеттік табиғи



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата06.03.2017
өлшемі22,27 Mb.
#7991
1   2   3   4   5   6   7

Мәселенің мәнісі

Қазақстан – шығысы Алтайдан, батысы   Атырауға, 

оңтүстігінде  Алатау  мен  қазыналы  Қаратаудан 

солтүстігінде  Сібір  ойпаттарына  дейін  созылған 

кең  байтақ  ел.  Жерінің  көлемінен  әлемде  9  орын-

ды  иеленеді.  Кең  байтақтығымен  қатар  Азия  мен 

Еуропаның кіндігінде орналасқан транзиттік тиімділігі 

тағы  бар.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың     саясаты  ата-бабадан 

мұра  болып  қалған      ұлан-байтақ  өлкенің  саяси-

экономикалық  тұрғыдан  өрлеуін  және  әлеуметтік 

жаңғыруын әлемдік дамудың қарқынынан қалдырмай, 

дамыған  30  елдің  қатарына  қосылуын  қамтамасыз 

етуді мұрат тұтады.   «Мәңгілік ел» идеясының бір 

астары да осы дамуда жатыр. 

Қазақстан  экономикасын  дамыту  мақсатында 

елімізде  индустрияландыру  бағдарламасының  2 

кезеңі  қарқын  алып,  ортақ  мүддеге  Қазақстанды 

мекен  ететін  барлық  ұлыстармен  тізе  қоса  отырып 

жету  көзделген.      Қазақстан  Республикасының 

Президенті    сайлауында  қазақстандықтардың 

жұмылған  жұлдырықтай  бірлігі,  Нұрсұлтан  Назар-

баевты таңдауы Елбасы саясатын қолдайтындығын 

көрсетті.  Әсіресе,  жастардың  белсенділігі  ерекше 

байқалды. Жалпы, қазақстандық жастар Елбасының 

саясатын үнемі белсенді қолдаушылар болып табы-

лады.


  Өткен  жылы  елімізде  «Мәңгілік  ел  жастары  - 

индустрияға»  деген  девизді  алға  тартқан  «Серпін» 

бағдарламасы дүниеге келген болатын. Оның басты 

мақсаты  –  демографиялық  өсімі  қарқынды,  бірақ 

оның есесіне жұмыс орындары тапшы оңтүстік өңір 

жастарын  халықтың  өсімі  аз,  бірақ  жұмыс  орын-

дары  көп  солтүстік  аймақта  білім  алып,  кейін  сол 

жерде  жұмысқа  орналастыруды  көздейді.  Өйткені 

Қазақстанның  индустриялық  картасында  солтүстік 

аймақтарда ашылатын өндіріс орындарының қатары 

да қалың. Биыл «Серпін» бағдарламасы   жалғасын 

тауып, оңтүстіктен солтүстікке оқу-білім арқылы тар-

тылатын  жастарға  арналған  мамандықтар  шеңбері 

де  кеңейе  түсуде.  Бірақ  кезінде  Қазақстанның  ішкі 

аймағындағы өлкелердің транспорттық, әсіресе, темір 

жол арқылы өзара байланысы кемшін дамыды. Мы-

салы, Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігін тікелей 

байланыстыратын  не  теміржол,  не  автокөлік  жолы 

жоқ. Бәрі де  негізінен оңтүстік өлкені жағалайды не-

месе батысқа қарай бойлай барып бұрылады. Мұндай 

олқылықтар оңтүстіктен солтүстікке білім алуға келіп 

жатқан жастарға, шағын және орта бизнес өкілдерінің 

алыс-берісіне қиындық туғызып отыр.  Мұны Үкімет 

білмей отыр дей алмаймыз. Бұл мәселе оның наза-

рында екені сөзсіз.

  Қазақстан  Президентінің  2015  жылға  арналған 

Қазақстан  халқына  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  ба-

стар  жол»  атты  Жолдауында    еліміздің  ішкі  бай-

ланысын  нығайтатын  автокөлік,  темір  жол,  әуе 

жолдарын  тереңдете  дамыту  екені  айтылды.  Осы 

орайда,  Қазақстанның  астықты  аймағы,  тау-кен, 

машина  жасау,  азық-түлік  өнімдерін  өңдеу  салала-

ры  жақсы  дамыған  Қостанай  аймағына  Жамбыл, 

Шымкент, Қызылорда облыстарынан тікелей келетін 

теміржол маршруты жоқ. Тек Алматы мен Қостанай 

аралығындағы жалғыз маршрут бар.  Бұл  адамдардың 

қатынауына,  жүк  тасымалына  әжептәуір  қиындық 

келтіреді.  Сондықтан  Елбасының  «Нұрлы  жол» 

бағдарламасын іске асыру аясында күнгей облыстар-

дан теріскейге тікелей келетін бір поезд маршрутын 

ашу – орайы келіп тұрған оң іс болар еді. «Қазақстан 

темір  жолы»  ұлттық  компаниясы»  АҚ  бұл  мәселені 

дұрыс шешеді деп ойлаймыз. Себебі Қызылордадан 

шығып  оңтүстіктегі  Шымкент,  Жамбыл  облыстарын 

жағалап, Астана арқылы Көкшетауға келетін № 56-

55 «Көкшетау-Қызылорда», «Қызылорда-Көкшетау» 

маршрутындағы поезд бар. Соны Қостанайға қарай 

созып, «Қызылорда-Қостанай, Қостанай-Қызылорда» 

деп  өзгертсе  немесе  оңтүстіктен  келетін  поездарға 

арнайы вагондар тіркеп, Астана арқылы Қостанайға 

келетін поездарға қосып жіберсе – жолаушылар жолы 

қысқарып, жол қиындығы біршама жеңілдер еді. 

Бұл  жұмыстар  өз  кезегінде  бір  бүйірде  оқшау 

тұрған Қостанайды Қазақстанның оңтүстігімен түрлі 

бағытта  тығыз  байланысуына  жол  ашары  анық. 

Инновациялық-индустриялық  дамуды  жеделдете 

жүргізу  бағытын  ұстанған  Қазақстанға  оңтүстік  пен 

солтүстіктің  экономикалық  даму,  демографиялық 

өсім  қарқынында  аса  үлкен  алшақтық  болмауы 

қажет. Мұндай көріністің орнауына жол қатынасының 

маңызы да ерекше.

Оңтүстік пен солтүстік  облыстар арасындағы жол-

көлік  инфрақұрылымын  жақсарту,  соған  қоса  поезд 

маршруттарын қолайлы ету «Серпін» бағдарламасы 

бойынша  білім  іздеп  келген  студенттерге  де  жақсы 

болар  еді.  Мысалы,  Қостанайдан  Қызылордаға 

жолаушы    поезбен  үш  тәулікке  жуық  жүреді.  Егер  

жоғарыда айтқандай,  Астанадан шығып  Қостанайдың 

үстімен  өтетін  поездарға  вагон  тіркесе,  «Көкшетау-

Қызылорда» маршрутын  Қостанайға дейін созса үш 

күндік жол да қысқарар еді. Қостанайға  оңтүстік об-

лыстардан келетін жолдың қысқаратынына  күдіктен 

гөрі үміт басым.

Алмас ӘБСАДЫҚОВ,

филология ғылымдарының докторы

профессор

Оңтүстік облыстар мен Қостанайдың 

арасы қашан қысқарады?

12

C



M

Y

K



25

нәтижесінде «Қазақтың XV-XVIII ғасырлардағы тари-

хи аңыздары: тарихилығы, генезисі, типологиясы» де-

ген тақырыпта докторлық диссертациямды қорғауым 

менің ғұмырымдағы ең бір бақытты да айшықты кезең 

болып табылады.

Алайда,  Қостанай  мемлекеттік  университетінде 

кафедра  меңгерушісі,  содан  соң  осындағы  оқу  ісі 

жөніндегі  басқарманың  басшысы  секілді  жауапты 

қызметті атқарып жүргенімде,   Астанадағы Еуразия 

ұлттық университетіне Қазақ әдебиеті кафедрасының 

профессоры  болып  жұмысқа  шақырылдым.  Бірақ 

көп  ұзамай,  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 

мемлекеттік   университетіне оқу ісі және жаңа тех-

нологиямен  оқыту  жөніндегі  проректоры  қызметіне 

шақыру алдым. Құп алдым.

Өйткені, кіндік қаным тамған Қызылордадан кейінгі 

екінші  бауыр  басқан  жерім  осы  табиғаты  кәусар, 

адамдары дарқан өңір емес пе.

Ғылыми жетекшім көрнекті тұлға

–  Жалпы  ғалым    жұмысының  жемісті  бо-

луы,  оның  жетекшісіне  байланысты  деседі. 

Сондықтан,  кандидаттық  және  докторлық 

диссертацияларыңызды  қорғауда  бағыт-бағдар 

берген тәлімгеріңіз жөнінде де әңгімелеудің реті 

келген сияқты?

– Жалпы, мен өзімді бақыттымын деп есептеймін. 

Себебі,  ғылымдағы  жетекшім  өте  білімді,  көпті 

көрген  өте  зиялы  тұлға.  Өз  басым  елімізде  Сейіт 

Қасқабасовты білмейтіндер жоқ шығар деп ойлаймын. 

Өйткені, ол Ұлттық Ғылым академиясының академигі, 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қаншама ғылым 

докторлары  мен  кандидаттарын  дайындаған  абыз 

ағаларымыздың бірі. Ол кісі әу баста   Қостанайдан 

барған  мені  жылы  қарсы  алып,  дер  кезінде  бағыт-

бағдар берді. Мен де жетекшімнің нұсқауымен алған 

тақырыптарымды тынбай зерттедім. Сондықтан да 

есімі  аталған  ғылым  қайраткеріне  қашанда  айтар 

алғысым шексіз. 



–  Сіз  сұхбат  барысында  ерлі-зайыпты  жас 

маман  ретінде  Қостанайда  еңбек  жолыңызды 

бастағаныңызды  айтып  қалдыңыз.  Сіздің 

өміріңізді  нұрландырып  отырған  Жәмила 

қарындасымыз  жөнінде  де  қысқаша  тілге  тиек 

етсеңіз?

– Жәмила да сол Қызылорда өңірінің қызы. Екеуіміз 

институт  қабырғасында  бір  топта  оқыдық.  Ол  да 

сабаққа  тиянақты  да  зерек  болды.  Оқу  орнындағы 

озат  студенттердің  санатында  есімі  мақтанышпен 

аталатын.Жәмила өте инабатты жан. Өскен ортасы да 

көпке танымал. Екеуміз сол институтты бітірген жылы 

шаңырақ көтердік. Қостанайға   жас маман ретінде 

қол ұстасып бірге келдік. Ол да білікті кадр ретінде 

Қостанайда өзін жан-жақты көрсетті. Біраз жылдар 

өзім жұмыс істеген филология факультетінде оқытушы 

болды, кейін Сырбай Мәуленов атындағы қазақ гим-

назиясына ұстаз болып ауысты. Ондағылардың ай-

туына  қарағанда,  ол  білікті  мұғалімдер  санатында. 

Жайсаң мінезімен әріптестерінің құрметіне бөленіп, 

шәкірттерінің ең сүйікті де сыйлы адамына айналған. 



–  Сізбен  сұхбатымыз  жарасты.  Отбасында 

қанша бала тәрбиеледіңіздер? Олар қазір қайда 

оқиды немесе жұмыс істейді?

– Қызмет өз алдына, өмірдің мәні де, сәні де ұрпақ 

өсіру емес пе? Үш ұлымыз да осында дүниеге келді. 

Олар туған жеріміз көкорай шалғынды, әсем де көрікті 

Қостанай қаласы деп өте орынды айтады. Зайыбы-

мыз  екеуіміз  өзгелерге  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен 

сабақ  беріп  қана  қоймай,ұлдарымызды  да  ана 

тілімізде  оқыттық.  Тұңғышымыз  Абылайхан  Алма-

ты қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық 

техникалық  университетінің  мұнай-газ  факультетін 

бітірді. Бұл күндері Қызылорда шаһарындағы үлкен 

бір  мұнай  компаниясында  жемісті  жұмыс  атқарып 

келеді. Екінші перзентіміз Абай Астанадағы таңдаулы 

оқу орындарының бірі - Л.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің Заң факультетінде оқып жүр. 

Ол  –  болашақ  заңгер.  Маған  оның  намысқойлығы, 

ұлтжандылығы ұнайды. Жәмила екеуіміздің сүйікті ба-

ламыз Әлихан қолымызда. Ол облыс орталығындағы 

№24а  қазақ  бастауыш  мектебінің  үшінші  сынып 

оқушысы.    Ол  да  өз  ана  тілімен  қатар  орыс  және 

ағылшын тілдеріне де зерек.

Алмасбектің өзгеше қырлары

–  Алмасбек  Ахметбекұлы,  сіздің  ана  тіліне 

жетіктігіңіз  өз  алдына,  қаламгерлік,  көсемсөзші 

сынды қасиеттеріңіз де бар. Тағы біз байқамаған 

қандай қырларыңызды айта кетесіз?

–  Әкем  Ахмет  пен  шешем  Күләй  өздері  ұстаз 

болған соң ба, біздің жастайымыздан жан-жақты бо-

лып өсуімізге көп көңіл бөлді. Көркем әдебиеттерді 

жастығымыздың астына қойып оқыдық. Сондықтан 

болар, қаламгерлік қабілетім де бар. Оны жұртшылық 

республикалық  «Ана  тілі»,  «Айқын»  секілді  газет-

термен қатар «Abai.kz» порталдарынан оқып жүрген 

болар.  Жұрттың  алдында  ойымды  еркін  әрі  ашық 

жеткізетін  қабілетім  студент  кезімнен  басталды. 

Көсемсөзші ретінде де замандастарым құрметтейді. 

Ғылымдағы  жазған  монографияларым  және  тың 

тақырыптағы  еңбектерім  де  баршылық.  Менің  ең 

жақсы  көретін  ісім,  яғни    таза  ауада  серуендеу. 

Табиғат  аясында  көп  жүру.  Спорттың  баскетбол 

түрімен де шұғылданамын. Оны өзіммен  бірге жүрген 

замандастарым жақсы біледі.

Өздеріңіз секілді қолына қалам ұстаған ағалардың 

жылы  лебізі  кейінгі  іздеріңізді  басып  келе  жатқан 

бізге  де  қанат  бітіреді.  Осы  сұхбатымда  айттым 

ғой,  әдебиетті  ерекше  жақсы  көремін.  Сондықтан 

қолым  қалт  етсе  жазу  үстеліне  отырамын.  Кітап 

дүкендеріндегі  жаңадан  шыққан  кітаптарды  оқып, 

танысқанша асығамын. 



–  Жалпы  шығармашылықпен  айналысатын 

адамдар жылдың түрлі кезеңдерін ұнатады. Біреуі 

көктемді,  екінші  біреу  жайдары  жаз  айын  деген 

секілді. Сіз бұл жөнінде не дер едіңіз?

–  Мақтанғаным  емес,  жұмысыма  берілген  адам-

мын.  Ғылыми  мақала  жазу  бағытында  да  тынбай 

ізденемін. Ал мынау шығармашылық жағына келгенде 

өзім көбінесе салқын, яғни күз, қыс айларын жақсы 

көремін. Сондықтан демалыс күндері қолыма қалам 

алып, алтын уақытты текке жібермеуге тырысамын. 

Әңгімелескен Оразалы ЖАҚСАНОВ, журналист


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Уақыттың ұшқырлығын институтты бітіріп, қолыма 



диплом  алғанымда    мойындағандаймын.  Кеше  ғана 

мектеп қабырғасынан шығып, Ұлттық біріңғай тест тап-

сырып, қалаған мамандығымды игеру үшін Қостанай 

мемлекеттік  педагогикалық институтына түскен едім. 

Төрт  жыл бойы институт қабырғасында жүріп, білім 

нәріне  сусындадым,  студенттік  шақтың  қызығы  мен 

қиындығын да көрген  секілдімін. 

Студенттік кездің қызығы әркімге де түсінікті болар. 

Ал  «қиындығы»  дейтінім,  аталарымыз  оқуды,  білім 

алуды  «инемен  құдық  қазғандай»  деп  сипаттаған 

екен. Оқытушы берген тапсырмалар мен өз бетімізше 

жауапкершілік  алып,  кітапханадан  шықпай,  кітапқа 

үңілу  қажырлы  еңбекті  қажет  етеді.  Әрине,  көңіл 

өрекпіп  тұрған  жастық  шақта    кітапқа  үңіле  беруге 

көптеген студенттердің шыдамы жетісе бермейді. Біз 

осындай сәттерді студенттік кездің «қиындығына» ба-

лайтын едік. Бірақ қиындықсыз, кедергілерді жеңбей, 

төзімділік  көрсетпей  өмірде    биіктерге  көтеріле  ал-

майтынымзды  есейе келе түсіндік. Мысалы,  инсти-

тутта жақсы оқып,  теориялық білім алмасақ, ертең 

қызметке  барғанда  да    қайтарымды  жұмыс  істей 

алмас едік. Мен осы тұрғыдан алғанда, ұстаздарыма, 

диплос жетекшім Жанетта  Ильинична Кан апайыма  

алғысымды білдіремін. Олар маған кеңестер айтып,  

бағыттар көрсетті. 

Институт ректоры профессор Қуат Баймырзаевтың 

қолынан  диплом  алып  тұрып,    бірге  оқыған  

құрбыларыммен  бірге  мен  де  ерекше  толқығандай 

болдым.  Себебі,  институт  бізге  құстың  ұясындай 

ыстық  екен,  біз  оның  қамқорлығының, 

қолдауының арқасында еркін жүрдік. Диплом 

алған  соң,    білім  ордасымен  қоштасарда 

енді  жалғыз  желкенге  мініп,  ашық  айдынға 

кетіп бара жатқандай сезімде болдық. Ата-

ананың  қамқорлығы да бізге енді көп көмек 

бола  алмасы  анық.  Өйткені  біз  ер  жеттік. 

Әрқайсысымыз  жұмыс тауып, өз бетімізше 

күн көреміз, қайта ата-анамызға нанымызды  

жегізуіміз керек. 

Мен  Қостанай  мемлекеттік    педагогика 

институтының    Педагогикалық  психология 

факультетін  бітірдім.  Оқу  үдерісі  барысын-

да  мектептерде,  колледждерде    тәжірибе 

сабақтарын  алдым.  Мамандығымның  қыр-

сырын  біле  түскендей  болдым.  Педагог 

психологтардың алдына болашақ өркениетті, 

дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын 

жас  ұрпақтың  ең  әуелі  адамгершілік 

қасиеттерін  қалыптастырып,  жанын  ізгі 

ету  мақсаты қойылады. Мен Затобол ауыл 

шаруашылығы  колледжінен  жұмыс  таптым. 

Онда психолог және психология пәні мұғалімі 

қызметтерін атқаратын боламын. Жас маманға инсти-

туттан кейін бірден жұмыс орнын табу үлкен  табыс 

екенін білемін.

Диплом алған күні курстас құрбыларымызбен, доста-

рымызбен туған қаламыз Қостанайдың орталығындағы 

гүлзарда  қыдырдық.  Демалдық.  Бірақ    өзіміз  білім 

алған білім ордасымен қоштасуымыз   жастық шақпен  

қоштасу емес, біздің өміріміз енді басталды. Білім ор-

дасы біздің сол үлкен өмірге үкілеп шығарып салды. 

Биыл  жоғары  оқу  орындарын  бітірген  түлектерге  ақ 

жол болсын, өмірде олардың алдынан жақсы адамдар 

кездессін деп тілеймін! 



Жазира АҒЫБАЕВА,

Қостанай мемлекеттік педагогика

 инстиутының  түлегі

«АТТАНДЫҚ САПАРҒА, КӨҢІЛДЕ – МОЛ АРМАН...»

Түлек – 2015

13

C



M

Y

K



Ғалым. ұстаз. азамат

Жігітке жеті өнер де аздық етеді



Филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықовпен әңгіме

24

Филология ғылымдарының докторы, профес-



сор  Алмасбек  Әбсадықов  Қостанай  облыстық 

«Меценаттар  клубының»  «Ғылым»  аталымы 

бойынша  «Қазына»  сыйлығын  алды.  Ғалымды 

осы  жетістігімен  құттықтай  отырып,  жур-

налист  Оразалы  Жақсановтың  ғалыммен 

сұхбатын  оқырмандар назарына ұсынамыз. 

Сыр өңірінің перзенті

–  Зиялы  қауым  Қызылорданы  «сыр  елі, 

жыр  елі»  деп  өте  орынды  айтады.  Өйткені,  ол 

өңір  біздің  Қостанай  секілді  ұлтымызға  та-

лай  қайталанбас  тұлғалар  берген.  Сізді  де  сол 

құнарлы топырақтың перзенті деп естиміз?

– Ол рас. Қызылорданың қазақ елінің тарихында 

өзіндік  алар  орны  ерекше.  Кезінде  Қазақстанның 

астанасы  да  болды.  Көптеген  рухани  ордаларда 

мәдениетіміздің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан, 

есімдері  алтын  әріппен  жазылған  ағаларымыз  бен 

апаларымыз қызмет етті. Қазір де аталған өңірдегі 

бауырларымыз  мемлекетіміздің  өсіп-өркендеуіне 

лайықты үлестерін қосып жатқаны көпке аян болса 

керек. Әлгінде сіз өте орынды айттыңыз. Қызылорда 

сыр  елі,  жыр  елі  болып  барша  қандастарымыздың 

санасында жатталып қалған. 

Мен  де  аталған  облыста  дүниеге  келдім, 

ұстаздардың  отбасында  тәрбиелендім.  Ата-анам 

байырғы  мұғалімдер.  Соларға  еліктедім  бе,  әлде 

кішкентайымнан  сөз  өнерін  пір  тұттым.  Мектепті 

аяқтаған  соң,  сол  аймақтағы  ең  таңдаулы  оқу 

орындарының  бірі  бұрынғы  Н.Гоголь  атындағы 

Қызылорда педагогикалық институтының Қазақ фи-

лологиясы факультетіне түсіп, оны  үздік аяқтадым. 

Қолыма  дипломды  алған  соң,  Білім  және  ғылым 

министрлігі бізді арнайы жолдамамен Қостанайдағы 

ең іргелі оқу орындарының санатындағы мемлекеттік 

педагогикалық институтына оқытушы етіп жіберді. Со-

дан бері өмірім мен ұстаздық қызметім Қостанаймен 

тығыз  байланысты.  Уақыт  деген  сынаптай  сырғып, 

білдірмей  өте  шығады  екен.  Қазір  қарап  отырсам, 

соған  да  тұп-тура  23  жыл  болып  қалыпты.  Жарым 

Жәмила екеуіміз жас маман ретінде еңбек жолымыз-

ды әлгі жоғары оқу орнында бастадық. Қостанайдың 

халқы  да  бізді  туған  бауырларындай  қарсы  алды. 

Олармен  тонның  ішкі  бауындай  араласып  кеттік. 

Өзіміздің  институтта  алған  білімімізді  алдымыз-

дан  дәріс  алған  шәкірттеріміздің  бойына  сіңіруге 

тырыстық. Бұл күндері өткен күндерге көз жүгіртсем, 

өзімнің  шәкірттерімнің,  көбісі  еліміздің  түкпір-

түкпірінде жемісті жұмыс атқарып, өздері де кейінгі 

жастарды тәрбиелеп жатқаны мені шексіз қуантады. 

Қай  қалаға  барсам  да  өзімнен  дәріс  алған 

студенттерім:  «Алмасбек  аға,  қош  келіпсіз!»  деп, 

ілтипат танытып жатқан кезде әжептәуір марқайып 

қаламын. Қостанай ыстық мекеніме айналды.



–  Шынында  да,  сіз,  яғни  кешегі  институтты 

үздік бітірген жас маман киелі Қостанай жерінде 

республикамызға  танымал  дарынды  ғалым 

болып  қалыптастыңыз.  Қаншама  абырой  мен 

беделге  бөлендіңіз.  Осы  жөнінде  де  ойыңызды 

таратыңқырап айтып берсеңіз?

– Жалпы, «Оқу инемен құдық қазғандай» деп босқа 

айтпайды. Себебі, өзім университеттегі Қазақ фило-

логиясы факультетінде деканның орынбасары және 

басқа да жауапты жұмыстарда жүргенде ғылыммен 

шындап  айналыстым.Қазақстан  Ұлттық  Ғылым 

академиясының  Мұхтар  Әуезов  атындағы  әдебиет 

және өнер институтында ғылыми тәжірибеден өттім. 

Әрине, оған көп қажыр-қайрат жұмсадым.  Көптеген 

жылдарым  Алматыдағы  Ұлттық  кітапханада  көз 

майымды тауысқан зерттеу жұмыстарына арналды. 

Содан, арада төрт жыл өткен соң, 1998 жылы   Аста-

на  қаласындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде 

«Абылай туралы аңыздар» деп аталатын тақырыпта 

өзімнің  кандидаттық  диссертациямды  сәтті  қорғап 

шықтым. 


Елордадан  ғылым  кандидаты  болып  оралғанда 

Қостанайда  бірге  жұмыс  істеп  жатқан  әріптестерім 

маған  үлкен  сенім  артты.  1999-2003  жылдары 

Қазақ  әдебиеті  мен  журналистика  кафедрасының 

меңгерушісі  болып  тағайындалдым.  Көп  өтпей  осы 

университеттегі  қазақ  және  орыс  филологиясы  ин-

ституты директорының орынбасары болып бекітілдім. 

Ғылыми жұмысымды одан әрі жалғастырдым. Соның 



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Қазір  қол  қусырып  отыратын  за-



ман  емес.  Ізденбесең,  талпынбасаң 

мүмкіндіктен де, пайдадан да қағыласың. 

Ал  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  елдің 

ішкі  мәселелерін  шешіп,  экономикалық 

және  әлеуметтік  жағдайды  нықтау  үшін 

5  тапсырма  берген  болатын.  Соның  ең 

біріншісі орта таптың үлесін  көбейту, орта 

және шағын бизнесті дамыту керектігі екенін 

айтты.   Осыны жақсы түсінген аманкелділік 

ағайынды  Ералы  мен  Берік  Мырзабаев-

тар  еңбектен  қашпады,  аталарымыздың 

құрығын  қолынан  тастамады.  Олардың 

табанды  ізденісі,  еңбегі  далаға  кетпеді, 

бейнеттің жемісін көріп отыр. 

Жас  жігіттер  осыдан  5  жыл  бұрын 

қорадағы жылқы басын көбейтіп, қымыз өндірісін 

қолға  алады.  Олардың  отбасылық  жоспары  өз 

нәтижесін  бергелі  қашан.  Шаруасы  ірілене  келе, 

«Қонысбай  Қырықмылтық»  шаруа  қожалығы 

деңгейіне дейін жетеді. Олардың жылқышысы да, 

сауыншысы  да  өз  әулетінен  шықты.  Аманкелді 

ауданының  Құмкешу ауылында тұратын Ералының 

3 баласы бар, тапқаны отбасына молынан жетеді. 

Одан  бөлек  ағайын-туысына  қарасу  үшін  де 

жұмысына  ерекше  мән  береді.  Отбасы  қымыз 

өндіруге  әбден  қалыптасып  алған.    Келіншегі 

уақытын өткізбей бие сауса, әжесі қымызды бап-

тап,  күбі  пісуге  көмек  беріп  отырады.  Осылайша 

жұмыла өндірген сапалы қымыз өндіруші тараптан 

тікелей тұтынушыларға жеткізіледі. Мұның да басы-

қасында ағайынды екі жігіт жүреді. Тынбай 

еткен еңбектің пайдасы да мол дегенді тілге 

тиек  етті  кәсібінің  нәсібін  көріп  отырған 

азаматтар. Сұраныс   болса қымызды кез-

келген жерге жеткізіп беруге дайын еңбек 

ұжымы әзірге Қостанай облысына тұрақты 

қымыз саудалайды. 

– Қымыздың құрамы  таза бие сүтінен 

тұрады.  Біз  тек  таза,  сапалы  қымыз 

өндіреміз.  Өнімге  күмән  келтірушілер 

шығып жатса лабораториялық сараптама 

арқылы дәлелдеп беруге дайынмын. Жал-

пы ауыл шаруашылығы – нағыз табыстың 

көзі. Ауылда кәсіптің көзін табуға мүмкіндік 

зор. Жұмыссыз  жүрген жігіттер  еңбектенсе  

табысы болады,  – дейді кәсіпкер жігіттер.

Расында, ауылдарда бос жүрген жастар 

аз емес. Олар іс бастауға   тартыншақтай 

береді.  Қазір  қаржы  жағынан  қол  ұшын  беретін 

бағдарламалар  да    жеткілікті.  Тек  тиянақтылық 

болса,  талпынса  істің  дөңгеленіп  кетеріне  сенуге 

болады.  Бос  жүргенмен  ешкім  ештеңені  сырттан 

әкеліп бермейді.   Ауылда табыс табуға, іс ашуға 

талпыныс  жасап  келе  жатқан  жастардың  қатары 

көбейсе өзінің де,  өзгенің  де әлеуметтік тұрмысы 

көтерілері сөзсіз. Жастар талаптанбаса, тәуекелге 

бармаса уақыт оларды күтпейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет