Кілтті сөздер: Экономикалық өсу. Экономикалық өсу моделдері


Экономикалық өсудің жаңаклассикалық және жаңакейнсшілдік үлгілері



бет4/6
Дата01.02.2023
өлшемі79,24 Kb.
#64244
1   2   3   4   5   6
3.Экономикалық өсудің жаңаклассикалық және жаңакейнсшілдік үлгілері
1929-1933 жылдардағы әлемдік экономиканың дағдарысы қатардағы экономикасы дамымаған қарапайым елдермен қатар, өнеркәсібі дамыған елдерді де жойқын күшпен соқты.
Бұл кезеңде, яғни XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әртүрлі экономикалық бағытты жақтаушылар (маркстік ілімді жақтаушылардан басқалары) Сэйдің «әрбір тауар өндіруші өзіне қажеттіні сатып алуы үшін өнімін сатады, нәтижесінде ұсыныс өздігінен сәйкесінше сұранысты тудырады, сондықтан артық өнім өндірісі, жалпы дағдарыс болуы мүмкін емес» секілді тұжырымдамаларының ықпалынан асып шыға алған жоқ. Сөйтіп неоклассиктер теорияларының күштері микроэкономиканыталдауға ғана бағытталды да, мұндай дәстүрлі емес кең ауқымды дағдарыстарды зерттеп, одан шығудың жолдарын көрсетуге дәрменсіздік танытты. Бұл дағдарыстан шығу жолын іздестіру бағыты -макроэкономикалық талдауды қажет етті.
Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) – қазіргі әйгілі ғалым-экономист. Оның ең ірі еңбегі «Ақша, процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы».
Көптеген экономистердің бағалауынша, Дж. М. Кейнстің «Жалпы теориясы ...» XX ғасырдың экономикалық ғылымындағы жаңа бетбұрысты және елдердің бүгінгі экономикалық саясатын анықтады.
Оның басты және жаңа идеясы мынада: «рыноктық жүйедегі экономикалық қатынастар әдетте жетілмеген және өзінен-өзі реттелмейді, барынша жұмыспен қамту және экономикалық өсуі тек мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы мүмкін».
Дж. М. Кейнстің экономикалық ілімінің зерттеу пәні мен методологиясының жаңалығы мынандай:
1. Микроэкономикалықтан макроэкономиканы талдауды артықша көру, бұл оны макроэкономиканың негізін қалаушы етті және экономикалық теорияда оны өз алдында бөлім етіп шьғарды.
2.«Сұраныс эффектісі» деген концепцияны негіздеді (езінің психология заңы бойынша, яғни мемлекеттің сұранысын ынталандыру).
Сол кезде «революциялық» деп саналған методологиялық зерттеулері арқылы Дж. М. Кейнс өзінедейінгілерге қарағанда және үстем еткен экономикалық көзқарастарға қарамастан мемлекеттің көмегімен жалақыны қысқартуға болмайды, ол - жұмыссыздықты жоюдың негізгі шарты және адамның психология жағынан жинаққа ұмтылуы тұтынудың өсуін табысқа қарағанда баяу етеді деп тұжырымдайды.
Кейнс бойынша, адамдардың табыстың бір бөлігін жинақтауға Ұмтылысы оны кемітіп, күрделі қаржы көлемі азайып, ал соңғысы перманенттық табысқа әсер етеді. Ал адамның шекті түтынуға үмтылысы, ол «Жалпы теория» авторының ойынша тұрақты, сондықтан инвестиция мен табыс дәрежесінің әрақатынасын өсіріп отырады.
Айтылғандар Дж. М. Кейнс зерттеу методологиясын экономикалық өсуде экономикалық емес факторларға айтарлықтай мән бергенін көрсетеді. Олар:
- мемлекет (өндіріс құрал -жабдықтары мен инвестицияға тұтынушылар сұранысын ынталандыру);
- адамдардың психологиясы (шаруашылық субъектілердің саналы өзара қатынастарының деңгейін анықтайды);
Дж. М. Кейнс экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуде меркантилистердің әсерін жоққа шьғармады. Олармен оның жалпы пайымдауы анық және мыналардан байқалады:
а) елдің ақша массасын ұлғайтуға тырысуы (арзандату құралы, қарыз проценті ставкасын төмендету және өндірісте инвестицияны ынталандыру);
ә) баға өсуін қолдау (сауда мен өндірісті ұлғайтуды ынталандыру);
б) ақшаның аздығы жұмыссыздықтың себебі дегенді мойындау;
г) экономикалық саясаттың ұлттық (мемлекеттік) сипатын түсіну;
Дж. М. Кейнстің «Жалпы теориясында» шексіз үнемшілдік пен қорланудың тиімсіздігі туралы ой байқалады және керісінше, қаржыны көп жұмсау пайдалы, өйткені ғалым бірінші жағдайда тиімсіз өнімділік (ақша) түріне енеді; ал екіншісінде - олар сұраныс пен жұмыспен қамтуды ұлғайтады.
Дж. М. Кейнстің бұл заңының мәні мынада:, «қоғам психологиясы жиынтық нақты табыс өскен сайын жиынтық тұтыну да өседі, бірақ табыстың өскеніндей дәрежеде емес».
Бұл анықтамада оның теориялық - методологиялық позициясы айқын ол бойынша толық емес жұмыспен қамту мен толық емес өткізудің себептері және қоғам психологиясын реттеудің (мемлекеттің) тәсілі, негіздері жатыр. Ал бұның маңызы экономикалық заңдардан кем емес.
Осыдан келіп, оның ойынша, егер экономикалық процеске қатысушылардың психологиялық ұмтылыстары осындай болса, онда жұмыспен қамтуды ұлғайту, оныңинвестициямен байланыстылығы туралы заңдар тұтыну игіліктерін өндіретін салаларды ынталандырады, сөйтіп жиынтық жұмыспен қамту ұлғаяды. Және мұндай ұлғаю алғашқы жұмыспен қамтудан артық, өйткені ол қосымша инвестициялармен байланысты.
Инвестицияның көбеюі, осыдан шығатын ұлттық табыс пен жұмыспен қамтудың өсуі - онды экономикалық тиімділік деп қарау керек. Сонғысы экономикалық әдебиеттерде «мультипликатор эффектісі» деп аталып, инвестицияны арттыру қоғамның ұлттық табысын көбейтеді және алғашқы инвестиция өсімінен көп көлемде».
Мұндай жағдайдың себебін Дж. М. Кейнс «психологиялық заңмен» байланыстырады, оның әсерінен нақты табыс өскен сайын қоғам оның өскен бөлігін тұтынғысы келеді.
Бұдан әрі ол мынадай қорытындыға көшеді: мультипликатор принципі ұлттық табыстың кішкене бөлігін қамтитын инвенстиция толқуы үлкен амплитудаға жеткізетін жұмыспен қамту және табыс толқуын туғызады.
Өзінің зерттеулерінің қорытындысыдеп Дж. М. Кейнс сапалы жаңа экономикалық теория жасағанын айтады. Соңғысы, оның ойынша, «негізінен жеке адам инвестициясына берілген мәселелерге орталықталған бақылау орнатудың өмірлік қажеттігі екенін көрсету еді... Мемлекет өзін басқарушы ретінде тұтынуға бейімділікке ықпал етуі - салық жүйелері арқылы, процент нормасын бекіту және мүмкін басқа тәсілдер арқылы жүргізуге тиіс».
Сондықтан процестерді мемлекеттік реттеудің тиімділігі Дж. М. Кейнстің ойынша, мемлекет инвестициясын қаржы табудан, халықты толық жұмыспен қамтуға қол жеткізуден және процент сомасын бекітумен байланысты.
Дж. М Кейнс ойлағанындай, мемлекеттік инвестиция жетімсіз болған жағдайда, қосымша ақша шығаруға кепілдеме болуы тиіс, мүмкін болатын бюджет дифицитін жумыспен қамту мен процент нормасын төмендету арқылы алдын алу керек. Былайша атқанда, Дж. М. Кейнстің концепциясы бойынша, сауда процент нормасы төмен болса инвестицияны ынталандыру жоғары инвестициялық сұраныс дәрежесін өсіруге әкеледі, ал соңғылары жұмыспен қамтуды ұлғайтып, жұмыссыздықты жояды. Сонымен бірге өзінің алғашқы шарты деп ақшаның классикалық теориясының мына тұжырымын айтады: шындық өмірде «қолданылмаған ресурстар толық қолданылған жағдайда ақша өсуіне сәйкес, бағалардың жоғарылауы кезіндегі түрақты бағаның орнына біз факторларды қолданудың кебеюіне қарай үздіксіз өсетін бағаны аламыз».
Осымен байланысты М.Блауг былай деп жазады: «Кейнс үшін толық жұмыспен қамту процент ставкасы мен жалақының дұрыс арақатынасына тәуелді және екіншісін қысқартқаннан гөрі біріншісін төмендеткенде мүмкін. Кейнс бойынша, жұмыссыздықттың басты себебі - процент мөлшерлемесінің ұзақ мерзімде де жоғары болып қалуында».
Блауг бойынша, «Кейнстеориясына сәйкесақша массасын екі есеге өсіру баға деңгейін екі есеге жоғарылатады, бірақ процент мөлшерлемесіне ықпал етеді... өйткені ақшаға кейнсиандық сұраныс қызметі, айталық спекулятивтік (алыпсатарлық) қызметі, ақша иллюзиясын (сағымын) немесе жеке-дара адамдардың кез келген номиналды ақша қалдығына реакциясын ескереді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет