Кілтті сөздер: Экономикалық өсу. Экономикалық өсу моделдері


Жаңакейнсшілдік. Кейнсшілдіктің соғыстан кейінгі эволюциясы: 2 тенденция



бет5/6
Дата01.02.2023
өлшемі79,24 Kb.
#64244
1   2   3   4   5   6
Жаңакейнсшілдік. Кейнсшілдіктің соғыстан кейінгі эволюциясы: 2 тенденция.
Қазіргі кейнсиандық бағытта екі тенденция басым -американдық (АҚШ экономистерінің есімдеріне сәйкес) және европалық, көбіне француз экономистерінің зерттеулеріне байланысты.
Дж. Кейнс ілімін американдық жалғастырушылардың ішінде көбірек аталатындары -Э. Хансең С.Харрис, Дж. Кларк және т. б.
Олар Дж. Кейнс іліміне сүйене отырып, халықтан алынагын салықты көбейтуге (25% дейін және одан да жоғары), мемлекеттік займ көлемін өсіруге және мемлекет шығынын жабу үшін ақша шығару керек (мейлі икфляция мен мемлекеттік бюджет дефициті көбейсе де) дейді.
Тағы бір кейнсиандық қосымша - перманенттік реттеуді (ауыстыру), жеке және мемлекеттік инвестицияны шығындарды маневр жасау тәсіліне жұмсау және ол экономикалық конъюктураға тәуелді болуын ұсынады. Мысалы, экономика өсуі кезеңінде инвестиция шектеледі, ал төмендегенде, құлдырағанда - ұлғаяды (бюджеттік дефицитке қарамастан).
 Ең соңында, егер Дж. М. Кейнс өз теориясында мультипликатор принципіне сүйенсе және ол табыстың өсуі инвестиция өсуінің төмендеуімен жүрсе, АҚШ-та (Э. Хансен теориясы бойынша) қосымша принцип - акселератор принципі ұсынылады. Ол бойынша, табыс өсуі нақты жағдайда инвестицияны да өсіреді. Қосымшаның мәні - құралдардың кейбір турлері - машиналар, механизмдер өндірісте узақ мерзім істейді және оларды күту технологиялық жағынан өндірісті ұлғайтады: қажет құралдарға немесе машиналарға нақтьі сұраныс көп, инвестицияға да сұраныс өседі.
Франциядаға экономистері (Ф. Перру және т.б.) Кейнстің ссуда процентін реттеуді жаңа инвестицияны ынталандыру құралы деп қарауды міндеттемеді. Олар мемлекеттік меншіктің үлесіне басым корпорациялар қоғамдағы реттеуші, беделді күш санап, инвестиция процесінің азаймауының анықтаушы құралы ретінде экономиканы жоспарлаудың индекстік тәсілін қолдануға көп көңіл бөлді. Сонымен бірге индикативтік жоспарлауды қоғамдық шаруашылықтың тек мемлекеттік секторы үшін міндетті, ұзак мерзімді болжам жалпы экономиканың ұзақ мерзімдегі міндеттерді жүзеге асыруға қолдануды ұсынды. Индикативтінің альтернативі ретіндегі императивті жоспарлау директивті, социалистік деп қаралып, бұған жібермеуді тапсырды.
ХХ-ғасырдың 50-жылдарында Дж. М. Кейнс пен оның негізгі экономикалық ілімін жақтаушылар мемлекеттік реттеудің (стихиялы рынок жағдайында сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі жоқтығы) қажетті идеясын жаңа теорияның - экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ететін механизмді жасаудың алғы шарты деп санады. Нәтижесінде өсудің неокейнсиандық теориясы пайда болды. Бұл теория мультипликатор - акселератор жүйесін есепке алуға және қорлану мен тұтыну байланысын сипаттайтын экономика модельдеріне (үлгілеріне) негізделген. Аталған теорияның басты өкілдері - Массачусетс технологиялық институтының профессоры Евсей Домар (1914ж.) және Оксфорд университетінің профессоры Роберт Харрод (1890-1978). Олардың теориялары (үлгілері) мынандай жалпы шешімді біріктіреді: экономикалық өсудің тұрақты қарқыны мұнда еңбек ресурстары мен өндірістік қуаттарды толық пайдалану мүмкін болады. Харрод - Домар үлгісінің тағы бір тұжырымы - ұзақ мерзімдегі тұрақтылықта табыстағы жиынтықтың үлесі мен күрделі қаржының орташа тиімділігі сияқты параметрлерді мойындау. Теорияларындағы үшінші ұқсастық - екі авторда да динамикалық тепе - теңдік пен тұрақты өсу автоматты түрде жүрмейді, ол мемлекеттік саясаттың тиісті нәтижесі, яғни экономикаға мемпекеттің белсенді араласуы. Е. Домар және Р. Харрод үлгілеріндегі ерекшеліктер модельді құрудың бастапқы позицияларындағы кейбір айырмашылығында байқалады. Айталық, Р. Харрод моделінің негізіне инвестиция мен жинақтың тепе - теңдігі жатса, Е. Домар үлгісінде -ақшалай табыс (сұраныс) пен өндірістік қуаттардың теңдігі алынған. Әйтсе де Е. Домар мен Р. Харродтың инвестицияның табысты өсіруде, өндірістік қуаттарды ұлғайтудағы айтарлықтай әсеріне сенімдері бірдей. Олардың ойынша, табыстың өсуі жұмыспен қамтуды ұлғайтады, соңғысы өндіріс қуаттарының бос тұруын, жұмыссыздықты азайтады. Авторлардың мұндай көзқарастары кейнсиандық концепциясы - экономикалық процестердің динамикасы мен сипаттарь инвестиция мен жинақтар арасындағы пропорцияларға байланысты, яғни біріншінің басымырақ өсуі - баға дәрежесін көтереді, ал екіншісі - кәсіпорынның бос тұруының, жұмыспен қамтудың толық болмауының себебі.
Дж. Кейнстің жалпы теориясын Батыс елдерінде тәжірибеде жүзеге асыру оларды социалистік ориентацияға әкелді. Өкінішке орай, әрбіреуі мұны өздерінің жалпы мемлекеттік бюджет тапшылығын көбейту арқылы жасайды. Батыс елдерінің бюджет тапшылығы өте көп. Мұндай саясаттың тағы бір кемшілігі - инфляцияның жоғарылауы. Орталық банк жүйесі үкіметтің тұтыну қажетін қанағаттандыру үшін ақша массасын тұрақты көбейтеді, ал бұл инфляцияға әкеледі. М. Блауг бойынша, бұл проблемалар табиғи процесс, өйткені Кейнстің экономикалық теориясының мақсаты - назарды қоғамдық жұмысқа буру, ал теориялық негіздеуді жалақыны төмендету арқылы жұмыссыздықты жоямыз дегендерге қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет