Кілтті сөздер: Экономикалық өсу. Экономикалық өсу моделдері


Солшылдық жақты кейнсшілдік. Монополистік бәсеке теориясы



бет6/6
Дата01.02.2023
өлшемі79,24 Kb.
#64244
1   2   3   4   5   6
Солшылдық жақты кейнсшілдік. Монополистік бәсеке теориясы
XX ғасырдың басында еркін бәсеке экономикасының монополистікке айналуы Еуропа континентінде едәуір күшейді. Мұнда АҚШ сияқты экономикалық либерализм идеялары, яғни толық еркін сауда (фритредерство) және экономикаға мемлекеттің араласпауы сияқты басқа да ережелері өз әрекетін тоқтатып, шындыққа сәйкес келмеді. Шаруашылық өмір мен бизнесті монополистік ұйымдастырудың күшейуі 1924-19ЗЗжж. әлемдік экономикалық дағдарысқа әкелді. Мұндай жағдайда, будан 100 жыл бұрын таза зкономикалық теорияның өкілдері -бастапқыда классикалық, одан кейін маржиналистер арқа сүйеген Ж. Б. Сэйдің «нарық заңы» өзінің мәнгілік маңызын жойды. Институционалистер зерттеген жетілмеген бәсеке проблемасын неоклассиктер мойындады. Соңынан белгілі болғанындай, шаруашылық субъектісінің монополистік құрылымдарында көрінген жетілмеген бәсеке проблемасын неоклассик экономистері ілімдерінің өкілдері - Гарвард университетінің профессоры Э. Чемберлин және Кэмбридж университетінің профессоры Дж. Робинсон бір мезгілде зерттеген. Олардың теориялары XX ғасырдың ғалым экономистерінің сөзсіз жетістіктері болып саналады.
1933 жылы Атлантика жағалауының бір жағында Э.Чемберлиң екінші жағында Дж. Робинсон өздерінін, «Монополистік бәсеке теориясы» мен «Жетілмеген бәсеке теориясы» атты еңбектерін жазды.
Шығармаларыныңжалпы айырмашылықтарына қарамастаң нарықтық механизмнің еркін бәсекені бузатын жағдайларды терең талдауы мен әрекеттерді зерделеуі оларды біріктіреді. Айталық, екі автор рыноктық бағаның рынокқа қатысушылардың ужымдық әрекеті арқылы құрылмайды, өйткені тауарлы өнімнің бірдей еместігі сатып алушылардың баға туралы тольіқ информация алу мүмкіндігін жойып, өндіруші фирмалар өзара бәсекелесе алмайды, тиімді қызмет болмайды дегенді алға тартады.
Басқаша айтқанда, Э. Чемберлин мен Дж. Робинсон бейнесінде неоклассиктер экономикадағы тепе - теңдіктің бұзылуының негізгі себебін бұрынғыша экономикалық ортадағьі «категориялар» мен «заңдарда» іздейді. Ал институционалистердің түсінігінде жетілмеген бәсеке экономикалық өсудегі «адамдық фактордың» нәтижесі. Олар қоғамдық дамудың әлеуметтік - психологиялық және басқа проблемаларын, соның ішінде экономика саласында да туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет