ҮКІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
2024 жылғы 02 тамыз № 7530-24-00-1/52 Алматы қаласы
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрамында:
төрағалық етуші судья С.Ж.Кенесова,
сот отырысының хатшысы Н.Ғ.Құттыбектің,
мемлекеттік айыптаушы – Алматы қаласы Алатау аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры А.Ә.Қазезовтің,
кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі Қ.Нұртазаның,
кәмелетке толмаған жәбірленушінің өкілі – адвокатА.М.Жаксибаеваның,
кәмелетке толмаған сотталушы М.Ринатұлының,
кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілі М.Р.Байганышеваның,
қорғаушы – адвокат Б.Р.Жайлауовтың қатысуларымен жабық басты сот талқылауында дыбыс-, бейнежазба құралдарын қолданып, электронды форматтағы қылмыстық істі жалпы тәртіппен қарады, ол бойынша:
Мухаммедали Ринатұлы, 2008 жылғы 09 қаңтарда туылған, Жетісу облысының тумасы, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, №104 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, әскери міндетті емес, некеде тұрмайды, бұрын сотты болмаған, айыптау актісінің көшірмесін 04.07.2024 жылы алған, бұлтартпау шарасы – 2024 жылғы 19 сәуірден бастап күзетпен ұстауда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айыппен сотқа берілді.
СИПАТТАУ БӨЛІГІ:
2024 жылғы 13 сәуірде сағат 22.30 шамасында кәмелетке толмағандар К.С.Жумабек және Е.Ш.Ескермес Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ықшамы ауданы, Жаңқожа батыр көшесінің бойында орналасқан №22 қалалық аурухананың қасынан өтіп бара жатып, кәмелетеке толмаған таныс қыздары Р.Нұрлыбекқызын, Ш.М.Бекенді, К.Шәріпханқызын, А.М.Ермекті және олардың қасында болған Т.Құрманәліні, О.Т.Арғынбайды көрген. Өз кезегінде Т.Құрманәлі жоғарыда атап өткен төрт қызды өзінің мопедімен кезек-кезек көше бойымен қыдыртып жүрген. Сол арада К.С.Жумабек пен Е.Ш.Ескермес екеуі Т.Құрманәлі мен О.Т.Арғынбайдың қастарына барып, «Сендер неге біздің қыздарды мопедпен қыдыртып жүрсіңдер?» деп өзара сөз таластырып, соңында олардың араларында ерегіс басталған. Сол жерде К.С.Жумабек пен Е.Ш.Ескермес екеуі 2009 жылы туылғандары, ал Т.Құрманәлі мен О.Т.Арғынбай 2007 жылы туылғандар екені екі жаққа белгілі болған.
Содан сағат 23.00 шамасында К.С.Жумабек өзінің ағасын көмекке шақыратыны туралы Т.Құрманәлі мен О.Т.Арғынбайға айтып, ұялы телефонымен сотталушы 2008 жылы туылған М.Ринатұлына қоңырау шалып, 2007 жылғы жігіттерден таяқ жеп қалайын деп тұрғандары туралы айтып, көмекке шақырған. Өз кезегінде сотталушы М.Ринатұлы олардың мекенжайын анықтап алып, өзімен қасында бірге болған үш досын, яғни Х.Ғ.Мухаммедті, Е.А.Мырзатайды, Е.А.Қанатбековті ертіп, таксиге отырып, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жаңқожа батыр көшесінің бойында орналасқан №22 қалалық аурухананың қасына барған.
Содан сотталушы М.Ринатұлы қасында үш досымен бірге төртеуі аурухана жанындағы жол бойында ерегісіп тұрған К.С.Жумабек пен Е.Ш.Ескерместің және Т.Құрманәлі мен О.Т.Арғынбайдыдың қастарына барып, олар өзара сөйлесе бастаған. Сөз барысында сотталушы М.Ринатұлы мен жәбірленуші Т.Құрманәлінің араларында түсініспеушіліктер пайда болып, екеуі бөлек шығып бір-бірімен жеке сөйлесіп тұрған, олар бір-біріне балағат сөздер айтып, нәтижесінде екеуінің араларында бас араздық туындаған. Туындаған бас араздықтың салдарынан М.Ринатұлының ойына кәмелетке толмаған Т.Құрманәліге қарсы күш қолдану, яғни көрінеу кәмелетке толмаған адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық ойы туған. Осылайша, өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында М.Ринатұлы оң аяғымен Т.Құрманәлінің бет тұсынан қасақана бір рет тепкен, аталған соққыдан Т.Құрманәлі жерге құлап, келесідей дене жарақаттарын алған: сол жақтағы сүйегінің сынуымен (медициналық құжат бойынша) сол жақтан лямбоидты тігістің алшақтығымен, сынық сызығының сол жақтағы шұңқыр тесігі деңгейінің жылжуымен жабық бассүйек-ми жарақаты сол жақта самай сүйегінің шкаласы, мидың сол жақ жарты шарының самай желке-бөлігі деңгейінде жұмсақ ми қабықтарының астындағы қан құйылулар, сол жақ желке төмпешігінің базальды бетінің тартылуымен, миға қанның серпілісімен, бүйірлік қарыншалар, сол жақта артқы бас сүйек шұңқыры деңгейінде эпидуральды гематома (клиникалық), ми затының контузиясы және ісінуі, бастың сол жақ қабырғалық-желке аймақтарындағы бұлшық еттері жанындағы қан кетулер және сол жақ шйденің көгеруі түріндегі жарақаттарды келтіре отырып, денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның салдарынан жәбірленуші Т.Құрманәлі ауруханада жатып, 2024 жылғы 19 сәуірде қайтыс болған.
Осылайша М.Ринатұлы абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан көрінеу кәмелетке толмаған, 2007 жылғы 23 қарашада туылған Т.Құрманәлінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.
УӘЖДЕУ БӨЛІГІ:
Кәмелетке толмаған сотталушы М.Ринатұлы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін ішінара мойындап, сотқа келесідей айғақтар берді. 2024 жылғы 13 сәуірде үйінде болған, қасында достары Х.Ғ.Мухаммед, Е.А.Мырзатайды және Е.А.Қанатбеков болған. Содан сағат 23.00 шамасында өзіне іні болып келетін К.С.Жумабек хабарласып, 2007 жылғы жігіттермен ерегісіп қалғандарын, олардан таяқ жеп қалайын деп тұрғандарын айтып, өзінен көмек сұрап, шақырған. Сол кезде өзі К.С.Жумабекке телефонды сол ерегісіп тұрған жігітке беруді сұраған. Алайда ол жігіт, яғни жәбірленуші Т.Құрманәлі ұялы телефонды алып, өзіне дөрекі сөйлеген. Содан өзі қасындағы үш досын ертіп, таксиге отырып, төртеуі Жаңқожа батыр көшесінің бойында орналасқан №22 аурухананың қасына барған. Ол жерде К.С.Жумабек пен Е.Ш.Ескерместің және Т.Құрманәлі мен О.Т.Арғынбайдың тұрғандарын көрген. Сол уақытта жәбірленуші Т.Құрманәлі өзіне дөрекі сөйлеген, балағат сөздер айтқан. Бұл өзінің намысына тиген, оның сөздері өзіне ұнамаған, содан өзін-өзі ұстай алмай, оң аяғымен Т.Құрманәлінің бет тұсынан бір рет теуіп, кетіп қалған. Сол кезде қасындағылар, Т.Құрманәлінің жерге құлап, есінен танып қалғаны туралы айтқан, яғни өзі жәбірленуші құламай тұрып кетіп қалған. Содан өзі қасындағы достарымен Т.Құрманәлінің қасына барып, оны орнынан тұрғызып, «Бәрі дұрыс па? Көмек керек пе?» деп сұраған, жәбірленуші бәрі дұрыс екенін айтқан. Оның аузынан қан ағып жатқанын көрген. Достарын суға жіберіп, жәбірленушіге көмектесіп, онымен сойлесіп, сол жерде татуласқан. Содан Т.Құрманәлі тұрып, мопедіне отырып, оқиға болған жерден кетіп қалған. Жәбірленуші өзінің соққысынан кейін, бордюрға шалынып, асфальтқа құлаған деп ойлайды. Өзінде оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге ниеті болмаған, жәбірленуші бордюрға шалынып, асфальтқа құлаған кезде ауыр дене жарақатын алып, абайсызда қайтыс болған деп есептейді. Осылайша жәбірленушінің бет тұсынан бір рет тепкенін мойындайды, алайда абайсызда оның өліміне алып келген, ауыр дене жарақатын келтіргенін мойындамайды. Өзі тай-бокспен айналысқанын растайды, бірақ кішкентай кезінде айналысқанын айтады (файл: 7530-24-00-1_52_22072024151226_mix.mp4, уақыты: 15:58:44 - 16:23:43).
Қайтыс болған кәмелетке толмаған жәбірленуші Талпын Құрманәлінің заңды өкілі Құрманәлі Нұртаза, Т.Құрманәлі өзінің ұлы болғанын айтып, сотқа келесідей айғақтар берді. Сол күні түнгі уақытта ағасының баласы Т.Нұрданәлі ұялы телефонына хабарласып, ұлы Т.Құрманәліні бір балалар ұрып кеткенін айтып, оны №7 ауруханаға алып бара жатқаны туралы хабарлаған. Содан өзі дереу ауруханаға барған. Ол жерде ұлын көріп, не болғанын сұрағанында, ол ешнәрсе болмағанын айтқан. Содан ұлын ота жасауға алып кеткен, ота жеті сағаттай уақыт жасалған. Ұлы ауруханада жансақтау бөлімінде жатып, өз-өзіне келмей, қайтыс болған. Ұлының қасында болған досы О.Т.Арғынбайдың сөзінен өзіне белгілі болғандай, ұлы ол жерде ешкімді боқтамаған, ол сотталушы өзін тебетінін білмеген, яғни ұлы аңдамай тұрған уақытта бет тұсынан тепкен кезде, баласы жерге құлаған. Сотталушының анасы 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтегенін, алайда бұл сома ешнәрсе болмайтынын, одан баласы оралмайтынын, Талпын екі қыздан кейінгі жалғыз ұлы болғанын, сол себепті сотталушыны кешіре алмайтынын, оның қатаң жазаланғанын қалайтынын сотқа айтты (файл: 7530-24-00-1_52_22072024151226_mix.mp4, уақыты: 16:25:44 - 16:36:40).
Заңды өкілі М.Д.Сахиеваның қатысуында жауап берген кәмелетке толмаған куә Ақжан Мұратқызы Ермек сотқа келесідей айғақтар берді. 2024 жылғы 13 сәуірде сағат 22.30 шамасында құрбылары Р.Нұрлыбекқызы, Ш.М.Бекен және К.Шәріпханқызы төртеуі Жаңқожа батыр көшесінің бойында орналасқан №22 аурухананың маңында серуендеп, орындықта отырған. Сол кезде Ш.М.Бекен және К.Шәріпханқызы өздерінің таныстары, мопедпен жүрген Т.Құрманәлі мен О.Т.Арғынбайды көріп, олардың қасына барып, сөйлесіп, өздері де олардың қасына барып, сол жігіттерге мопедке отырғызып айналдырып келулерін сұраған. Осылайша Т.Құрманәлі мопедімен төрт қызды кезек-кезек айналдыра бастаған. Сол арада қастарына таныстары К.С.Жумабек пен Е.Ш.Ескермес келген. К.С.Жумабек Р.Нұрлыбекқызын қызғанды ма, әйтеуір ол Т.Құрманәлі мен О.Т.Арғынбайға тиісіп, олармен сөзге келмей, ерегісіп тұрған. Сол кезде өздері төрт қыз болып сол маңда орналасқан аялдамаға барып отырған. Арада біраз уақыт өткен соң сол жерге таксимен 3-4 бала келіп, олар бірден Т.Құрманәлілер тұрған жаққа қарай барған. Сол арада шу болып кеткен, М.Ринатұлы Т.Құрманәліні теуіп жерге құлатыпты дегенді естіп, содан қыздар болып сол жерге барған. Т.Құрманәлінің асфальтта есінен танып жатқанын көрген, оның бет тұсы қан болған. Сол жерде К.Шәріпханқызы сөмкесінде болған ығал салфеткаларын шығарып, Т.Құрманәлінің бетін сүрткен. М.Ринатұлы қасындағы балалармен бірге су әкеліп, Т.Құрманәліні тұрғызуға әрекет жасап жатқан. М.Ринатұлы қыздарға және олардың қастарында болған К.С.Жумабек пен Е.Ш.Ескермеске қайта берулерін айтып, содан өздері қайтып кеткен. Ол жерде Т.Құрманәлі қасындағы досы О.Т.Арғынбаймен және М.Ринатұлы достарымен қалған (файл: 7530-24-00-1_52_29072024151550_mix.mp4, уақыты: 16:18:38 - 16:44:41).
Заңды өкілі Ж.Бекеннің қатысуында жауап берген кәмелетке толмаған куә Радина Нұрлыбекқызы сотқа куә А.М.Ермектің айғақтарына ұқсас айғақтар берді (файл: 7530-24-00-1_52_29072024151550_mix.mp4, уақыты: 17:23:16 - 18:38:59).
Мемлекеттік айыптаушының мәліметіне сәйкес кәмелетке толмаған куәлер К.Шәріпханқызы мен Ш.Бекенді сотқа келулерін қамтамасыз ету мүмкін болмаған, себебі аталған куәлер тұрғылықты мекенжайларынан табылмаған, заңды өкілдерінің ұялы телефондары сөндірулі болған. Осы орайда сот басты сот талқылауында аталған куәлердің сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде берген айғақтарын жариялады.
Сонымен, кәмелетке толмаған куә Каусар Шәріпханқызы келесідей айғақтар берген. 2024 жылғы 13 сәуірде сағат 22.40 шамасында Жаңқожа батыр көшесінің бойында орналасқан №22 аурухана жанында өзі, Шырай, Радина және Ақжан төртеуі жүрген, сол арада орындықта отырған. Бір уақытта жол бойында мопедке мінгесіп алып, өтіп бара жатқан танысы Орынбасарды және өзіне кейіннен таныс болған Талпынды көріп, Шырай екеуі оларды тоқтатқан, сөйтіп олардан өздерін мопедке отырғызып қыдыртуды сұраған. Содан Талпын төрт қызды кезекпен мопедіне отырғызып қыдыртып жүрген. Сол сәтте қастарына таныстары Ерасыл мен Канат келіп, қастарында тұрған. Сол арада Талпын мен Радина екеуі келген соң, мопедке өзі отырып, Талпын екеуі айналып келу үшін кетіп қалған. Содан орындарына қайтып келген соң, Орынбасар мен Канат екеуі бір-бірімен ерегісіп жатқандарын көрген. Сол жерде Талпын мопедтен түсе салып, Канатты итеріп жіберіп, Канатпен ерегісе бастаған. Сол жерде екеуі бір-бірінен қай жылғы екендерін сұрап, кейін Талпын Канатқа «Менің ініммен шығасың ба?» деп айтқан. Сонда Канат, «Мен де жігіттер шақырамын» деген. Сол кезде Ақжан екеуі олардың қастарына барып, татуластырмақшы болған. Алайда олардың сөздеріне ешкім құлақ аспаған. Сөйтіп тұрған кезде таксимен танысы Мухаммедади келген. Ол жігіттердің қасына барып, «2007 жылғы қайссың?» деген кезде, Талпын «Мен» деп айтқан. Сол кезде Мухаммедали аяғымен Талпынды теуіп жіберген. Нақты қай жерінен тепкенін көрмеген, алайда Талпын жерге құлап түсіп, есінен танып қалған. Сол жерде шу болып кетіп, бір уақытта кім екенін нақты көрмеген, Орынбасарды ұрып, Орынбасар да жерге құлап түскен. Өзі Орынбасардың қасына барып, оны жерден тұрғызып, екеуі Талпынның қасына барған, оның бетінен шапалақпен ұрып, тұрғызбақшы болған. Сол жерде жігіттер келіп су шашып, Талпынның есін жинатып алып, орнынан тұрғызған. Сондағы жігіттер қазір полиция келеді, қайтыңдар деп, барлығы өз жөндерімен қайтып кеткен (і.б.61-63).
Кәмелетке толмаған куә Шырайлым Манатқызы Бекен сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде куә К.Шәріпханықызының айғақтарына ұқсас айғақтар беріп келген, тек Мухаммедали таксимен келген сәтінен бастап өзгеше, келесідей айғақтар берген. Содан Мухаммедали жігіттердің арасына келіп, олар бір-бірімен өзара сөйлесе бастаған. Өздері қыздар болып аялдаманың қасында тұрған. Сөйтіп бір уақытта Талпын есінен танып құлады деп, барлығы сол жерге жүгіріп барған. Оқиғаның нақты қалай болғанын көрмеген. Сөйтіп сол жерде жігіттер келіп, су шашып, Талпынның есін жинатып алып, орнынан тұрғызған.Сондағы жігіттер қазір полиция келеді, қайтыңдар деп, барлығы өз жөндерімен қайтып кеткен (і.б.68-70).
Заңды өкілі Э.Мамырбаеваның қатысуында жауап берген кәмелетке толмаған куә Канат Саматұлы Жумабек сотқа келесідей айғақтар берді. 2024 жылғы 13 сәуірде үйінде болған. Сонымен бірге үйіне қонуға досы Е.Ш.Ескермес келген. Содан сағат 23.00 шамасында өзінің ұялы телефонына таныс қызы Ш.М.Бекен жазып, №22 аурухана жаққа шақырған. Содан досы Е.Ш.Ескермес екеуі сол жаққа барған. Ол жерде төрт таныс қыздары – Ш.М.Бекен, К.Шәріпханықызы, А.М.Ермек және Р.Нұрлыбекқызы болған. Р.Нұрлыбекқызы досы Е.Ш.Ескерместің жүретін қызы болған, ал Ш.М.Бекен өзінің дос қызы болған. Сонымен қатар дос қыздарының қасында Т.Құрманәлі және өзінің танысы О.Т.Арғынбай болған және Т.Құрманәлі қыздарды мопедіне отырғызып, айналдырып жүрген. Досы Е.Ш.Ескермес қызы Р.Нұрлыбекқызын қызғанды ма, әйтеуір О.Т.Арғынбайға барып, «Не үшін мына қыздарды мопедке мінгізіп, қыдыртып жүрсіңдкр?» деп сұрап жатқан, осылай өзі, Е.Ш.Ескермес және О.Т.Арғынбай үшеуі сөйлесіп тұрған кезде, Т.Құрманәлі келіп, мопедінен түсіп өзіне келіп тиіскен, балағат сөздер айтып, өзінен қай жылғы екенін сұраған. Өзі 2009 жылғы екенін айтқанында, Т.Құрманәлі өзі 2007 жылғы екенін айтып, «2009 жылғы ініміді шақырамын, сонымен бірге-бір төбелесесің ба?» деген, осы кезде досы Е.Ш.Ескермес өзіне М.Ринатұлына хабарласып, соны шақыруды айтқан. Өзі М.Ринатұлының ұялы телефонына хабарласып, №22 ауруханаға келуін сұрап, өзіне бір жігіт тиісіп жатқанын айтқан. М.Ринатұлы өзінің баратыны туралы айтып, арада 15-20 минут өткеннен кейін таксимен келген. М.Ринатұлының қасында тағы үш жігіт болған. Ол үш жігіт шет жақта тұрған, М.Ринатұлы келіп өзінен кім тиісіп жатқандығын сұрағанында, өзі оған Т.Құрманәліні көрсеткен. Содан М.Ринатұлы Т.Құрманәлімен сөйлесуге кеткен. Сол кезде дос қызы Ш.М.Бекен өзін ары қарай алып кетіп, екеуі өзара сөйлесіп тұрған. М.Ринатұлы Т.Құрманәліні алып шығып бір рет тепкен, Т.Құрманәлі жерге құлаған. Ол жерде есінен танып жатқан, оның мұрнынан қан ағып жатқан. Өзінің досы Е.Ш.Ескермес, Т.Құрманәлінің қасында болған О.Т.Арғынбайды бір рет ұрып, ол да жерге құлаған. М.Ринатұлы Т.Құрманәліні тұрғызбақ болып, су әкелуді айтқан. Сол жерден өтіп бара жатқан бейтаныс екі жігіт су алып келген. М.Ринатұлы Т.Құрманәліге су шашып, оның есін жидырту үшін табанынан ұрып, көмек көрсеткен. Содан Т.Құрманәлі есін жинаған. М.Ринатұлы оның қолынан алып, ренжімеуін сұраған. Содан М.Ринатұлы өздеріне қайтыңдар деген соң, өзі, досы Е.Ш.Ескермес және төрт қыз үйлеріне қайтып кеткен. Т.Құрманәлі М.Ринатұлына балағат сөздер айтып, намысына тиген, дөрекі сөйлеген, сол себепті М.Ринатұлы оны тепкен (файл: 7530-24-00-1_52_29072024151550_mix.mp4, уақыты: 16:50:46 - 17:23:08).
Заңды өкілі Ш.Е.Асауовтың қатысуында жауап берген кәмелетке толмаған куә Ерасыл Шахамбердинұлы Ескермес сотқа келесідей айғақтар берді. 2024 жылғы 13 сәуірде сағат 22.00 шамасында досы К.С.Жумабек екеуі дүкенге шыққан. Содан №22 аурухана жақта көше бойынан таныс қыздары А.М.Ермекті, Р.Нұрлыбекқызын, Ш.М.Бекенді және К.Шәріпханқызын көрген. Сондай-ақ олардың қасында Т.Құрманәлі және О.Т.Арғынбай деген екі жігітті көрген, Т.Құрманәлі өздерінің таныс қыздарын мопедіне отырғызып, айналдырып жүрген. Содан өзі Т.Құрманәліге «Не үшін бұл қыздарды мопедіңе отырғызып, қыдыртып жүрсің?» деп сұраған. Сол арада досы К.С.Жумабек пен О.Т.Арғынбай сөзге келіп, ерегісіп қалған. Содан досы К.С.Жумабек өзіне М.Ринатұлын шақыртуды айтқан, сол кезде өзі ұялы телефонының өшіп тұрғанын айтқан. Содан К.С.Жумабек өзі М.Ринатұлына қоңырау шалып, оны шақыртқан. Арада 10-15 минут өткеннен кейін сол жерге М.Ринатұлы таксимен келген, оның қасында 3 досы болған. Сол кезде Т.Құрманәлі мопедінде отырған, М.Ринатұлы барып, оның бетінен тепкен. Өзі Т.Құрманәлінің артқа қарай құлап бара жатқанын көрген. Содан О.Т.Арғынбай Т.Құрманәлінің қасына барған, су апарған. Т.Құрманәлінің бетінен қан көрмеген. М.Ринатұлы өздеріне қайта беруді айтқан соң, К.С.Жумабек және төрт қыз қайтып кеткен. Сондай-ақ, оқиға барысында екі қыз, яғни Ш.М.Бекен мен К.Шәріпқанқызы сол маңда, яғни өздері тұрған жерде болған, ал қалған екі қыз аялдама жақта тұрған. Өзі О.Т.Арғынбайды бір рет ұрған. М.Ринатұлының қасында болған жігіттер ешкімді ұрмаған. М.Ринатұлы жәбірленушінің есін жинату үшін оның табанынан ұрып, көмек берген. Сондай-ақ М.Ринатұлының спортпен айналысатынын, бокс қолғаптарын киіп, жаттығулар жасап жүретінін біледі (файл: 7530-24-00-1_52_29072024151550_mix.mp4, уақыты: 17:41:25 - 17:56:59).
Заңды өкілі Б.Д.Ынтымакованың қатысуында жауап берген кәмелетке толмаған куә Орынбасар Тоқтарғалиұлы Арғынбай сотқа келесідей айғақтар берді. 2024 жылғы 13 сәуірде сағат 22.15 шамасында досы Т.Құрманәлі екеуі соңғының мопедімен Жаңқожа батыр көшесінің бойында ары бері серуендеп жүрген. Бір уақытта ауруханаға қарама қарсы жол бойында төрт қызды көрген. Содан өздері мопедпен жолдың бойына тоқтаған кезде, ол төрт қыз қастарына келіп, өздерін мопедпен қыдыртуды сұраған. Ол қыздардың ішінен өзі Ш.М.Бекенді таниды. Содан өздері келісіп, Т.Құрманәлі қыздарды өзінің мопедіне кезекпен отырғызып, айналдыра бастаған. Сол кезде өздерінің қастарына кенеттен К.С.Жумабек пен Е.Ш.Ескермес келіп қалған. Өзінің таныс қызы Ш.М.Бекен сол Е.Ш.Ескерместің жүретін қызы. Содан К.С.Жумабек пен Е.Ш.Ескермес өзінен «Біздің қыздарды не үшін мопедке отырғызып, айналдырып жүрсіңдер?» деп сұрай бастаған, К.С.Жумабек өзімен ерегісе бастаған. Сол арада досы Т.Құрманәлі мопедімен келіп қалып, мопедінен түсіп, өздерінің қасына барған. Ол сол екі жігіт өзіне тиісіп жатыр деп ойлап қалған болса керек, қастарына келіп, К.С.Жумабектен «Не болды?» деп сұраған. Сол арада Т.Құрманәлі мен К.С.Жумабек ерегісіп қалған, бір-бірлерінен туған жылдарын сұрап, К.С.Жумабек Т.Құрманәлінің өзінен үлкен екенін біліп, сол арада біреуге қоңырау шалып, өзі біреумен ерегісіп қалғанын айтып, көмекке шақырған. Содан шамамен 10-15 минуттың арасында ол жерге М.Ринатұлы қасында үш баламен бірге келген. Олар келе салысымен өздеріне қарай жүгіріп келіп, К.С.Жумабектен «Кім ол, қайсысы?» деп сұраған, К.С.Жумабек оған Т.Құрманәліні көрсеткен. Сол кезде М.Ринатұлы жүгіріп барып, Т.Құрманәліні бет тұсынан бір рет тепкен. Осы соққыдан Т.Құрманәлі артқа қарай бар салмағымен асфальт үстіне басымен құлап түскен. Осы сәтте Е.Ш.Ескермес жанынан келіп, өзін тепкен, өзі де жерге құлаған. Өзінің басында каскасы болған, содан орнынан тұрып, каскасын шешіп, Т.Құрманәлінің қасына барған. Ол есінен танып жерде жатқан, ес-түссіз күйде шамамен 2-3 минуттай жатқан. Есін жиған соң ол не болғанын түсінбей, «Не болды?» деп сұраған. Сол арада барлығы жүгіріп су әкеліп, Т.Құрманәлінің есін жидыртуға көмектесіп жүрген. М.Ринатұлы Т.Құрманәліден кешірім сұрамаған, тек «Бәрі дұрыс па?» деп сұраған. Содан Т.Құрманәлі өзінің ұялы телефонымен ағасы Т.Нұрданәліге қоңырау шалып, оны сол жерге шақырған. М.Ринатұлы достарымен бірге кетіп қалған. Сол арада Т.Құрманәлінің ағасы автокөлігімен келіп, не болғанын сұраған. Өзі оған мән-жайды айтып берген. Сөйтіп Т.Құрманәліні автокөлікке мінгізген, сол арада Т.Құрманәлі автокөліктің есігін ашып, құсқан, оның мұрнынан қан кеткен. Ары қарай ағасы оны дереу ауруханаға алып кеткен. Мопедке қатысты айтатын болса, К.С.Жумабек балдарын шақыртып қойғаннан кейін, өздері сол жерде күтіп тұрған, Т.Құрманәлі мопедін аурухананың автотұрағына апарып қойған, яғни сотталушы достарымен келген кезде Т.Құрманәлі мопедте отырмаған. Оқиғадан кейін Т.Құрманәліні ағасы автокөлігімен алып кеткен, ал оның мопеді сол автотұрақта қалған. Сонымен біргеғ досы Т.Құрманәлі бокспен айналысқанын, ал сотталушы М.Ринатұлы – муай тай, яғни тай боксымен айналысатынын біледі. Бірақ Т.Құрманәлі өзін қорғай алмай қалған, себебі ол ондай соққыны күтпеген, яғни сотталушы ойда жоқта оны тепкен, сол себепті ол бар салмағымен артқа қарай құлаған (файл: 7530-24-00-1_52_29072024151550_mix.mp4, уақыты: 17:59:37 - 18:25:24).
Куә Талант Нұрданәлі қайтыс болған Т.Құрманәлінің туыс ағасы екенін айтып, сотқа келесідей айғақтар берді. 2024 жылғы 13 сәуірде өзі үйінде болған кезде, сағат 23.30 шамасында өзінің ұялы телефонына інісі Т.Құрманәлі қоңырау шалып, «Аға мені балалар ұрып кетті, келіп алып кетесіз ба?» деген. Содан өзі автокөлігіне отырып, шамамен 10 минуттың ішінде Т.Құрманәлі айтқан жергеғ яғни №22 аурухананың маңына барған. Ол жерге барған уақытта Т.Құрманәліні көрген, оның басының артқы жағынан қан ағып, ол құса бастаған, оның қасында досы О.Т.Арғынбай болған. Не болғанын сұраған уақытта О.Т.Арғынбай Т.Құрманәліні М.Ринатұлы тепкенін, өзін Е.Ш.Ескермес ұрғанын айтқан. Содан Т.Құрманәлінің жағдайын көріп, жедел жәрдем шақырайын деген кезде, ол «Басым қатты ауырып барады, шыдамай барамын, жедел жәрдемді күте алмаймын, тезтедіп ауруханаға апаршы» деген. Содан Т.Құрманәліні дереу автокөлікке отырғызып, яғни алдыңғы орындықты жатқызып, соған Т.Құрманәліні жатқызып, сол кезде өзі білетін, есіне түскен №7 қалалық ауруханаға дереу алып кеткен. Сол жерге барған уақытта Т.Құрманәлінің әкесі күтіп алған, ол кісіге ұялы телефон арқылы сол ауруханаға бара жатқандарын өзі алдын ала хабарлаған. Інісінің жағдайы өте ауыр болған, оған ота жасалып, 5 күн комада жатып, ауруханада қайтыс болған (файл: 7530-24-00-1_52_01082024111204_mix.mp4, уақыты: 11:13:54 - 11:17:15).
Заңды өкілі А.О.Сапаргазинаның қатысуында жауап берген куә Хамит Ғаниұлы Мухаммед өзі М.Ринатұлының досы екенін көрсетіп, сотқа келесідей айғақтар берді. 2024 жылғы 13 сәуірде сағат 21.30 шамасында өзі жаттығудан шығып қайтып жатқанында, ұялы телефонына досы М.Ринатұлы қоңырау шалып, қайда екенін сұраған. Содан онымен сөйлесіп, М.Ринатұлы өзін аялдамадан күтіп алып, екеуі бірге М.Ринатұлының үйіне барған. Сонымен қатар, М.Ринатұлы достары Е.Мырзатай мен Н.А.Қанатбековті де шақырып алып, төртеуі М.Ринатұлының үйінде телефоннан ойындар ойнап отырған. Содан М.Ринатұлының ұялы телефонына танысы К.С.Жумабек хабарласып, біреу тиісіп жатқанын айтып, көмекке шақырған. Содан М.Ринатұлы оған, бұл мәселені телефонмен шеше салуды ұсынып, ол жігітке телефонды беруін сұраған. Алайда ол жігіт ұялы телефонды алып, М.Ринатұлына балағат сөздер айта бастаған. Содан М.Ринатұлы, өзі және Е.Мырзатай мен Н.А.Қанатбеков төртеуі таксиге отырып, №22 аурухана жаққа барған. Ол жерде Т.Құрманәлінің темекі тартып тұрғанын көрген. Ол М:Ринатұлына балағат сөздер айтып бастаған, содан М.Ринатұлы екеуі бөлек сөйлескен, ол балағаттауын тоқтатпаған соң, М.Ринатұлы оның бетінен аяғымен тепкен. Осы кезде Т.Құрманәлі аяғы бордюрға шалынып кетіп, артқа қарай жерге басымен құлаған. М.Ринатұлы су шашып, табанының астынан ұрып, оған көмек берген. Кейін өздері Т.Құрманәліні тұрғызып алып, одан кешірім сұрап, онымен қол алысып кетіп қалған. Өз кезегінде Т.Құрманәлі орнынан тұрып, өзінің мопедіне қарай кеткен. Ол жерде 3-4 қыз болған, олар аялдама жақта тұрған. М.Ринатұлы спортпен айналысқан, нақты түрі есінде жоқ, ММА түрі болса керек. Бірақ ол жаттығу залына бармайды, өзі үшін жаттығып жүреді, көшеде жаттығып жүреді (файл: 7530-24-00-1_52_01082024111204_mix.mp4, уақыты: 11:27:41 - 11:37:28).
Заңды өкілі А.М.Кегенбаеваның қатысуында жауап берген кәмелетке толмаған куә Ермахан Акылбекұлы Мырзатай өзі М.Ринатұлының досы екенін көрсетіп, сотқа куә Х.Ғ.Мухаммедтің айғақтарына ұқсас айғақтар берді. Сонымен қатар, Т.Құрманәлі есін жиып орнынан тұрғаннан кейін, ол қасындағы дос баласымен бірге мопедіне отырып, оқиға болған жерден кетіп қалғанын сотқа айтты. М.Ринатұлы жаттығу залына барып спотрпен айналыспайтынын, ол тек өзі үшін жаттығулар жасап, секіргішпен (скакалка) секіретінін сотқа айтты (файл: 7530-24-00-1_52_01082024111204_mix.mp4, уақыты: 11:40:02 - 11:41:32).
Қорғау тарапының өтінішхаты бойынша басты сот талқылауында заңды өкілі А.К.Макулбековтің қатысуында жауап берген кәмелетке толмаған куә Нурмухаммед Ахмадиярұлы Қанатбеков өзі М.Ринатұлының досы екенін көрсетіп, сотқа куә Х.Ғ.Мухаммедтің айғақтарына ұқсас айғақтар берді. Сонымен қатар, Т.Құрманәлі есін жиып орнынан тұрғаннан кейін, ол қасындағы дос баласымен бірге мопедіне отырып, оқиға болған жерден кетіп қалғанын сотқа айтты. М.Ринатұлы кішкентайында, қателеспесе шамамен 13 жасына дейін спортпен, яғни муай тай (тай боксы) түрімен айналысқан, көп жарақаттар алған соң, спортпен айналысуды қойып кеткен (файл: 7530-24-00-1_38_19062024102939_mix.mp4, уақыты: 12:02:38 - 12:40:55).
Басты сот талқылауында жауап берген Оңтүстік-Шығыс аймағы бойынша өңіраралық сот сараптама орталығының сарапшысы Бактияр Мунлыкович Муздыбаев осы қылмыстық іс бойынша қайтыс болған Т.Құрманәлінің мәйітіне сот-медициналық сараптама жүргізгенін, 20.04.2024 – 15.05.2024 жылғы №7172 санды қорытындысын толығымен қуаттайтынын айтып, қойылған сұрақтарға келесідей жауаптар берді. Т.Құрманәліде анықталған жарақаттардың сипатын, яғни ми затының ісінуі мен көгеруін, сол жақта желке сүйегінің сынуын (медициналық картаға сәйкес), сол жақта лямбоидты тігістің алшақтығын, сыну сызығының сол жақтағы трепанациялық тесік деңгейінен сол жақтағы уақытша сүйек қабыршақтарына өтуін, мидың сол жақ жарты шарының желке аймақ деңгейінде жұмсақ ми қабығының астына қан кету, сол жақ желке лобының базальды бетін ұстап алу қанның бүйір қарыншаларына, эпидуральды гематомаға, сол жақтағы артқы бас сүйек шұңқырының деңгейінде (клиникалық), сондай-ақ қарама-қарсы жақтағы (оң жарты шардың маңдай бөлігіндегі) мидың көгеру ошағын ескере келе, жәбірленуші өз бойының биіктігінен үдеумен құлаған кезде (бет аймағына бір рет қатты затпен соғылған кезде, бұл қызыл шекараға ауысумен төменгі шырышты қабатта қан кетудің болуымен куәландырылады) және кейіннен бастың желке аймағының сол жақтан қатты затқа соғылуымен (соударение) жоққа шығарылмайды, бұл сол жақ желке аймақта көгерудің және сол жақ париетальды оксипитальды аймақтарда бастың тері-бұлшықет қақпағында қан кетудің болуымен дәлелденеді. Дәл сол жағдайда, сол ауа райы жағдайында (жерде мұз, көктайғақ жоқ уақыт), тегіс жерде тұрып (баспалдақта немесе бір биіктікте тұрмаған жағдайда), жәбірленушіде өлімге әкелетін қандай да бір аурулары анықталмағанын, яғни оның дені сау екенін және алкогольдік ішімдіктер ішпегенін ескерсе, жәбірленушінің өздігінен бар салмағымен шалқасынан артқа қарай басымен құлауы мүмкін емес, тиісінше осы ауыр дене жарақаттарын да алуы мүмкін емес (файл: 7530-24-00-1_52_01082024105929_mix.mp4, уақыты: 11:02:14 - 11:04:34).
Сотталушы М.Ринатұлы кінәсін тек жәбірленушіні бір рет бет тұсынан тепкені бөлігінде ішінара мойындап, тағылған айыпты толықтай мойындамаса да, оның кінәсі өзінің айғақтарымен, куәлердің айғақтарымен, сарапшының жауаптарымен және сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде жинақталып, сот талқылауында зерттелген келесі айғақтармен де өз дәлелін табады:
- 14.04.2024 жылғы оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен. Қарап-тексеру объектісі болып Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жаңқожа батыр көшесі, 195 үйдің қасында орналасқан №22 қалалық аурухананың маңы болып табылады. Оқиға орны суретке түсіріліп, фотокесте хаттамаға қоса тіркелген (і.б.16-20);
- 14.04.2024 жылғы кәмелетке толмаған жәбірлеушінің заңды өкілі Қ.Нұртазадан жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес кәмелетке толмаған жәбірлеушінің заңды өкілі 14.04.2024 жылы сағат 00.30 шамасында №7 қалалық ауруханаға барғанын, ол жерде ұлы Т.Құрманәліні дәрігерлер ота жасау үшін алып кеткендерін көргенін айтқан (і.б.23-24);
- 14.04.2024 жылғы куә Т.Нұрданәліден жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес куә сот тергеуінде берген айғақтарына ұқсас айғақтар берген (і.б.27-28);
- 14.04.2024 жылғы кәмелетке толмаған куә К.С.Жумабектен жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес куә өзі М.Ринатұлына хабарласып, келуін сұраған кезде, ол «Қазыр барамын, күте тұр» деп жауап беріп, 10-15 минут өткен соң келіп, өзінен қайсы жігіт тиісіп жатқанын сұрап, өзі Т.Құрманәліні көрсткенінде, М.Ринатұлы Т.Құрманәлімен сөйлесіп тұрғанында, өзі дос қызы Ш.М.Бекенмен сөйлесіп тұрып, артына қараған кезде, Т.Құрманәлінің жерде есін танып жатқанын көргенін көрсеткен (і.б.37-41);
- 14.04.2024 жылғы кәмелетке толмаған куәлер А.М.Ермектен, К.Шәріпханқызынан, Ш.М.Бекеннен, Р.Нұрлыбекқызынан жауап алу хаттамаларымен, оларға сәйкес куәлер А.М.Ермек пен Р.Нұрлыбекқызы сот тергеуінде берген айғақтарына ұқсас айғақтар берген және К.Шәріпханқызы мен Ш.М.Бекен сот тергеуінде жарияланған, жоғарыда көрсетіліп кеткен айғақтарды берген (і.б.54-56, 61-63, 68-70, 75-77);
- 14.04.2024 жылғы кәмелетке толмаған куә Е.Ш.Ескерместен жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес куә сотталушы М.Ринатұлы Т.Құрманәліні шетке қарай шығарып, екеуі өзара сөйлесіп тұрғандарын, сөйтіп М.Ринатұлы оң аяғымен М.Құрманәлінің аузынан бір рет теуіп, Т.Құрманәлі артқа қарай жерге құлап түсіп, есінен танып қалғанын көрсеткен (і.б.);
- 14.04.2024 жылғы қорғалуға құқығы бар кәмелетке толмаған куә М.Ринатұлынан заңды өкілінің және қорғаушысының қатысуында жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес М.Ринатұлы өзінің ұялы телефонына інісі К.С.Жумабек хабарласып, 2007 жылғы балалармен ерегісіп қалғанын айтып, №22 аурухананың қасына келуін сұрағанын, өзі оған «Күте тұрыңдар, қазыр барамын» деп, таксимен сол жерге барып, өзі Т.Құрманәліге «Жүрші былай, сөйлесіп қайтайық, қай жылғы боласың?» деп сұрағанында ол «2007 жылғы боламын» деп дөрекі жауап қайтарып тұрғанын, ол жақтырмай, жауап бергісі келмей тұрғанын, сол кезде өзі оң аяғымен Т.Құрманәлінің бет тұсынан бір рет теуіп жіберген кезде, ол артқа қарай құлап түсіп, есінен танып қалғанын, сол кезде өзі шапалақ беріп оятпақшы болғанын, алайда ол жерге екі бейтаныс жігіт келіп көмектесе бастағандарын, өзі су шашып, Т.Құрманәлінің есін жидыртып алғанын, алайда ол есін дұрыс жинай аламай, «Кім ұрды, мені кім ұрды?» деп қайта-қайта сұрай бергенін, сол жерде өзі оған болған мән-жайды түсіндіріп беріп, онымен қол алысып кетіп қалғанын көрсеткен. Сондай-ақ нақтылау сұрақтарына, өзі 9 жыл, яғни 7 жасынан бері тай-бокс спорт түріне қатысатынын, өзі М.Құрманәлінің бетінен тепкен кезде, ол есінен танып қалып, содан кейін жерге құлағанын көрсеткен (і.б.82-86);
- 16.04.2024 жылғы кәмелетке толмаған куә Е.А.Мырзатайдан жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес куә досы Н.А.Қанатбеков екеуі 13.04.2024 жылы сағат 21.00 шамасында досы М.Ринатұлының үйіне барып, оны аулада күтіп тұрғандарын, сол уақытта үйге М.Ринатұлы мен Х.Ғ.Мухаммед екеуі бірге жаттығудан келгендерін, содан төртеуі М.Ринатұлының үйінде отырған уақытта М.Ринатұлының ұялы телефонына К.С.Жумабек хабарласып, өзінен 2-3 жас үлкен жігіттің тиісіп жатқанын айтып, содан барлығы, яғни төртеуі таксиге отырып, шақыртқан жерге барғандарын, таксиден түсе сала, сол жерде тұрған Т.Құрманәлі «Еее мыналар ма, бері келіңдерші» деп боқтық сөздермен айтқанын, кейін М.Ринатұлы Т.Құрманәліні шетке тартып екеуі бір-бірімен сөйлесіп, Т.Құрманәлі балағаттағанын қоймағандықтан, М.Ринатұлы оң аяғымен оның сол жақ бетінен бір рет теуіп жіберген кезде, Т.Құрманәлі жерге құлап түскенін көрсеткен. Нақтылап қойылған сұрақтарға куә, Т.Құрманәлі бордюрге шалынып, артқа қарай қиыршық тастардың үстіне құлағанын көрсеткен (і.б.175-180);
- 16.04.2024 жылғы кәмелетке толмаған куә Х.Ғ.Мухаммедтен жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес куә, 13.04.2024 жылы сағат 20.30 шамасында досы М.Ринатұлы екеуі Алматы қаласы, Мате-Залка көшесінің бойында орналасқан «Гепард» жаттығу залынан шығып, М.Ринатұлының үйіне барғандарын, сол кезде үйдің жанында достары Е.А.Мырзатай мен Н.А.Қанатбековтің күтіп тұрғандарын, содан төртеуі М.Ринатұлының үйінде отырған кезде, оның ұялы телефонына К.С.Жумабек хабарласып, өзінен 2-3 жас үлкен жігіттің тиісіп жатқанын айтып, содан барлығы, яғни төртеуі таксиге отырып, шақыртқан жерге барғандарын, таксиден түсе сала, сол жерде тұрған Т.Құрманәлі «Еее мыналар ма, бері келіңдерші» деп боқтық создермен айтқанын, кейін М.Ринатұлы Т.Құрманәліні шетке тартып екеуі бір-бірімен сөйлесіп, Т.Құрманәлі балағаттағанын қоймағандықтан, М.Ринатұлы оң аяғымен оның сол жақ бетінен бір рет теуіп жіберген кезде, Т.Құрманәлі жерге құлап түскенін көрсеткен. Нақтылап қойылған сұрақтарға куә, Т.Құрманәлі бордюрге шалынып, артқа қарай қиыршық тастардың үстіне құлағанын көрсеткен (і.б.181-185);
- 17.04.2024 жылғы қорғалуға құқығы бар кәмелетке толмаған куә М.Ринатұлынан заңды өкілінің және қорғаушысының қатысуында жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес М.Ринатұлы алғашқы 14.04.2024 жылы берген айғақтарына ұқсас айғақтар беріп, оқиға орнына қасындағы үш досымен бірге барғанын нақтылап берген және 13.04.2024 жылы сағат 20.30 шамасында досы Х.Ғ.Мухаммед екеуі Алматы қаласы, Мате-Залка көшесінің бойында орналасқан «Гепард» жаттығу залынан шығып, екеуі өзінің үйіне барғандарын көрсеткен. Сондай-ақ айғақтарын ішінара өзгертіп, оқиға орнына барған уақытта Т.Құрманәлі өзіне «Сен ба келген, бері келші» деп өзіне қарай шақырғанын, сол уақытта өзін-өзі ұстай алмай, Т.Құрманәлінің қасына барып, оң аяғымен бет тұсынан бір рет теуіп жібергенін, сонда Т.Құрманәлі жол жағасындағы бетон бордюрге шалынып, артқа қарай құлап түсіп, есінен танып қалғанын көрсеткен (і.б.104-109);
- 19.04.2024 жылғы оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, оған сәйкес қарап-тексеру объектісі болып Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Райымбек көшесі, №7 қалалық аурухананың жансақтау бөлімі болып табылады. Жансақтау бөлімінің дәлізі арқылы жүріп, оңға бұрылғанда оң жағында орналасқан мәйіт сақтау бөлмесіне кіре бергенде бөлменің ортасында каталка үстінде мәйіт шалқалап арқа тұсымен жатыр. Мәйіт денесінде киімі жоқ, мәйіт оң және сол қолдары шынтақ тұсынан бүгіліп, кеуде тұсына байланған, мәйітке жөргек (памперс) кигізілген, мәйіттің тамақ тұсынан трахеостомиялық трубкасы орнатылған, мәйіт көзі жабық күйде және ауызы да жабық күйде жатыр, мәйіт ернінде астыңғы бөлігінде эндотрубкадан қалған жарақаты бар, мәйіт басының артқы бөлігінде отаның жарақаты бар, мәйіт басында шашы қысқа болып алынған, мәйіт денесінде басқа дене жарақаттары жоқ (і.б.187-194);
- 20.04.2024 жылғы күдікті М.Ринатұлынан жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес М.Ринатүлы өзінен 17.04.2024 жылы қорғалуға құқығы бар куә ретінде жауап алу барысында берген айғақтарына тектес айғақтар берген (і.б.129-138);
- 24.04.2024 жылғы кәмелетке толмаған куә О.Т.Арғынбайдан жауап алу хаттамасымен, оған сәйкес куә, сот тергеуінде берген айғақтарына ұқсас айғақтар берген (і.б.201-206).
Сот-медициналық сараптамасының 2024 жылғы 20 сәуір – 15 мамырдағы №7172 санды қорытындысына сай 23.11.2007 жылы туылған Т.Құрманәлінің өлімінің себебі бас миының жабық бассүйек-ми жарақатының нәтижесінде дамыған бас миының ісінуі мен контузиясынан зардап шекті, мидың ми қабығының жұмсақ қабығының астына қан құйылулары және бүйірлік қарыншаларына қанның бөлінуімен, сол жақта бас сүйегінің артқы шұңқыры деңгейінде эпидуральды гематома, сол жақта желке сүйегінің сынығымен (медициналық карта бойынша) сол жақта лямбоидты тігістің ауытқуымен, сынық сызығының ауысуымен сол жақтағы шұңқыр тесігі деңгейінің сол жақта самай сүйегінің шкаласына дейін, бұл мәйітті қарау кезінде патоморфологиялық белгілердің болуымен расталады. Медициналық картаға сәйкес, 19.04.2024 жылы 13 сағат 45 минутта Алматы қаласы №7 қалалық ауруханада қайтыс болып, №24-610КсО тіркелді.
Мәйітке сот медициналық сараптама жүргізу кезінде мынадай дене жарақаттары анықталды: - сол жақтағы сүйегінің сынуымен (медициналық құжат бойынша) сол жақтан лямбоидты тігістің алшақтығымен, сынық сызығының сол жақтағы шұңқыр тесігі деңгейінің жылжуымен жабық бассүйек-ми жарақаты сол жақта самай сүйегінің шкаласы, мидың сол жақ жарты шарының самай желке-бөлігі деңгейінде жұмсақ ми қабықтарының астындағы қан құйылулар, сол жақ желке төмпешігінің базальды бетінің тартылуымен, миға қанның серпілісімен, бүйірлік қарыншалар, сол жақта артқы бас сүйек шұңқыры деңгейінде эпидуральды гематома (клиникалық), ми затының контузиясы және ісінуі, бастың сол жақ қабырғалық-желке аймақтарындағы бұлшық еттері жанындағы қан кетулер және сол жақ шйденің көгеруі, өмірге қауіптілігі бойынша денсаулыққа ауыр зиян ретінде бағаланады және ауруханаға түскенге дейін аз уақыт бұрын қатты доғал заттардың соғуынан болуы мүмкін және өлімге тікелей байланысты.
Сол жақтағы төменгі еріннен қызыл шекарасына ауысуымен сол жақтағы төменгі еріннен шырышты қабатында қан құйылу түріндегі дене жарақаты, ұзақтығы 21-тәуліктен аспайтын, аз уақыт бұрын қатты доғал заттың (зттардың) әсерінен болуы мүмкін, өліміне тікелей байланысы жоқ, денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуы негізінде денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге жатқызылады.
Мәйіттің үмшелерін тексеру кезінде, өлімге әкелетін аурулар анықталмады. Асқазанда шамамен 60 мл қоңыр-қара сұйықтық болды. Жәбірленушінің ұзақ уақыт емделуіне байланысты химиялық-токсикологиялық зерттеу үшін қан үлгісі алынған жоқ (і.б.207-221).
Сотталушының тағылған айыппен келіспей, «Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге ниетім болмады, оқиға орнына адам өлтіретін оймен бармадым, жәбірленуші бордюрға шалынып құлап, асфальтқа басымен соғылып, ауыр зиянды сол құлағаннан алды» деген уәждеріне сот сын көзбен қарайды және ол бұндай айғақтарды өзіне тағылған айыптан қорғану мақсатында, ауыр қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан құтылу үшін беріп отыр деп бағалайды.
Сотталушы өзі айтып көрсеткендей және куәлердің айғақтарына қарағанда, М.Ринатұлы мен Т.Құрманәлінің араларында түсініспеушіліктер пайда болып, екеуі бөлек шығып бір-бірімен жеке сөйлесіп тұрған, олар бір-біріне балағат сөздер айтып, нәтижесінде екеуінің араларында бас араздық туындаған. Туындаған бас араздықтың саладрынан М.Ринатұлының ойына кәмелетке толмаған Т.Құрманәліге қарсы күш қолдану, соның ішінде қасақана оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге қылмысытық ойы туындаған. Соттың бұндай тұжырым жасауына келесі мән-жайлар негіз болды.
М.Ринатұлы ең алғашқы берген жауаптарында, атап айтқанда 14.04.2024 жылғы қорғалуға құқығы бар куә ретінде жауап бергенінде тергеушінің нақтылап қойған сұрағына өзі 9 жыл, яғни 7 жасынан бері тай-бокс спорт түріне қатысатынын, өзі М.Құрманәлінің бетінен тепкен кезде, ол есінен танып қалып, содан кейін жерге құлағанын көрсеткен. Жауап алу кезінде заңды өкілі мен қорғаушысы қатысқан.
Осыдан кейін, осы мән-жайды анықтау барысында сот тергеуінде сотталушыға да, куәлерге де нақтылау сұрақтары, яғни сотталушының спортпен, соның ішінде тай-бокспен айналысатыны туралы сұрақтар қойылған кезде, олар келесідей жауаптар берді: М.Ринатұлы – өзі кішкентай кезінде бокспен айналысқанын, қазіргі таңда айналыспайтынын, тек жаттығулар жасап жүретінін, оның достары: Х.Ғ.Мухаммед – сотталушы спортта ММА түрімен кішкентай кезінде айналысқанын, қазіргі таңда өзі үшін жаттығулар жасап, секіріп жүретінін, Е.А.Мырзатай – сотталушы жаттығу залына барып айналыспайтынын, тек өзі үшін жаттығулар жасап, секіргішпен (скакалка) секіретінін, Н.А.Қанатбеков – сотталушы спорттың муай май түрімен шамамен 13 жасқа дейін айналысқанын, куә Е.Ш.Ескермес – сотталушы бокс қолғаптарымен жаттығулар жасайтынын, куә О.Т.Арғынбай – сотталушы муай тай (тай бокс) түрімен айналысатынын сотқа айтты.
Осы айғақтарды саралай келе сот, М.Ринатұлының алғашқы берген жауабы, атап айтқанда, ол 9 жыл, яғни 7 жасынан бері тай-бокс спорт түріне қатысатынын көрсетіп берген айғақтары шындыққа сай келеді, ал сотталушының достары сот тергеуінде бұл мән-жайды бұрмалап, ол кішкентай кезінде айналысқан деп немесе жаттығуларға бармайды тек өзі үшін көшеде жаттығып, секіргішпен секіріп, яғни өзі үшін жаттығулар жасайды деген айғақтарды достары М.Ринатұлының жағдайын қалай да жеңілдету мақсатында беріп отыр деп, олардың бұндай жауаптарына сын көзбен қарайды.
М.Ринатұлы және оның досы Х.Ғ.Мухаммед оқиға болған күні екеуі жаттығу залынан қайтқандарын соттан барынша жасыруға тырысты, алайда 17.04.2024 жылы берген жауаптарында М.Ринатұлы «13.04.2024 жылы сағат 20.30 шамасында досы Х.Ғ.Мухаммед екеуі Алматы қаласы, Мате-Залка көшесінің бойында орналасқан «Гепард» жаттығу залынан шығып, екеуі өзінің үйіне барғандарын көрсеткен» дәл осы тектес жауапты куә Х.Ғ.Мухаммед те растап, 16.04.2024 жылы жауап алу барысында берген. Ал басты сот талқылауында М.Ринатұлы да, Х.Ғ.Мухаммед де бұл мән-жайды жасырып, сотталушы жаттығу залына бармағанын, Х.Ғ.Мухаммедті аялдамадан күтіп алып, бірге М.Ринатлының үйіне барғандарын айтты.
Сонымен сот М.Ринатұлы 9 жыл бойы, яғни 7 жасынан бері тай-боксымен (муай тай) айналысқан деген қорытындыға келеді.
Тай боксы немесе муай-тай — бұл Тайландтан шыққан жекпе-жек өнері, ол позицияда соққыларды, сондай-ақ клинчте әртүрлі әдістерді қолданады. Бұл жекпе-жек тәртібі "сегіз аяқтың өнері" деп аталады, өйткені ол жұдырықпен, шынтақпен, тіземен және балтырмен соққылардың комбинациясын қолданумен сипатталады (ақпарат sport.rambler.ru сайтынан алынды).
Яғни, М.Ринатұлы тай боксымен айналысатын тұлға бола тұра, өзінің мүмкіндіктерін, соққыларының күшін біле тұра, жәбірленушінің денесінің басқа жерінен (мысалы кеуде, іш тұсы, аяғы) емес, дәл басынан, нақтырақ бет тұсынан (бет – адамның басының алдыңғы бөлігі) аяғымен тепкен.
Осы жерде сотталушының жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруге бағытталған тікелей пиғылмен (бірақ өлімін тілемеген, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайлылық қатынасы болған) жасалған іс-әрекеті мен болған салдардың арасында тікелей байланыс болып тұр деп сот есептейді. Себебі, жоғарыда көрсетілгендей, сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі тергеушінің нақтылап қойған сұрағына М.Құрманәлінің бетінен тепкен кезде, ол есінен танып қалып, содан кейін жерге құлағанын көрсеткен. Осылайша, алған соққыдан есінен танып қалғандықтан, Т.Құрманәлі жерге құлап бара жатқан кезде топтасуға және басын қорғап қалуға мүмкіндігі болмаған. Нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген, ауыр дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші абайсызда қайтыс болған.
Сотталушының және оның достарының «Жәбірленуші бордюрға шалынып құлады» деген уәждеріне де сот сын көзбен қарайды. Жәбірленушіде өлімге әкелетін қандай да бір аурулары анықталмаған, яғни оның дені сау болған және оқиға күні ол алкогольдік ішімдіктер ішпеген, масаң күйде болмаған, дәл сол жағдайда, сол ауа райы жағдайында (жерде мұз, көктайғақ жоқ уақыт), тегіс жерде тұрып (баспалдақта немесе бір биіктікте тұрмаған жағдайда) жәбірленуші өздігінен бар салмағымен шалқасынан артқа қарай басымен құлауы мүмкін емес, тиісінше осы ауыр дене жарақаттарын да алуы мүмкін емес. Бұл сұрақ сарпашыға қойылғанда, сарапшы бұл тұжырымды растады. Яғни, дәл сотталушының соққысынан жәбірленуші есін жоғалтып, денесін топтастырып, басын қорғап қалуға мүмкіндігі болмай, бар салмағымен артқа қарай баспен асфальтқа құлаған.
Т.Құрманәліде анықталған жарақаттардың сипатын ескере келе, жәбірленуші өз бойының биіктігінен үдеумен құлаған кезде (бет аймағына бір рет қатты затпен соғылған кезде, бұл қызыл шекараға ауысумен төменгі шырышты қабатта қан кетудің болуымен куәландырылады) және кейіннен бастың желке аймағының сол жақтан қатты затқа соғылуымен (соударение) жоққа шығарылмайтынын сарапшы да растап берді.
Басты сот талқылауында куәлер А.М.Ермекке (қыздардың бірі), К.С.Жумабеке (сотталушыны шақыртқан бала), О.Т.Арғынбайға (жәбірленушінің қасында болған досы) оқиға болған жерді қарау хаттамасына тіркелген фотокестелер – оқиға болған орынның түйінді түсірілімі ұсынылып, жәбірленушінің құлаған сәтінде жерде жатқан қалпын көрсету ұсынылды. Үш куә да біркелкі біртектес көрсетіп, жәбірленуші асфальт үстінде бордюрға параллельді жатқанын көрсетті, яғни ол бордюрға шалынып құламаған, алған соққыдан тікелей асфальтқа құлап түскен.
«Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысының 30-тармағында көрсетілгендей, егерде, кінәлі қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде өз әрекетінің құқыққа қайшы екендігін және жәбірленуші қазасының туындауы мүмкіндігін алдын-ала білсе, алайда оның осындай зардапқа қатынасы абайсыздықпен сипатталса, онда кінәлінің әрекеті абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің 106-бабының үшінші бөлігі бойынша саралануға жатады.
Осылайша сот, тағылған айып бойынша сотталушыда жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруге тікелей пиғылы (оның қазасына қатынасы абайсыздықпен сипатталады), оның тікелей пиғылмен жасаған іс-әрекеті мен пайда болған салдардың (ауыр дене жарақаты, жәбірленушінің абайсызда өлуі) араларында себеп-салдар байланысы бар екені сот тергеуінде өз дәлелін тапты деген қорытындыға келеді.
Сотталушының, куәлердің (сотталушының достары) кейбір айғақтарына сот сын көзбен қарайды, себебі олар осы айғақтарын бірнеше рет өзгертіп, ондай айғақтарды сотталушының жағдайын жеңілдету мақсатында берген деп сот бағалайды. Мысалы сотталушы, куәлер – сотталушының қасында болған ұш досы К.С.Жумабек М.Ринатұлына қоңырау шалып, көмекке шақырған кезде, сотталушы «Қазыр барамыз, күтіңдер» деп көрсетсе (осындай айғақты К.С.Жумабек те берген), олар айғақтарын өзгертіп, М.Ринатұлы «Телефонды берші, онымен сөйлесейін» дегенін, өз кезегінде Т.Құрманәлі телефон арқылы дөрекілік танытып, сотталушыны балағаттады» деп өзгертті, айғақтарын өзгерте отырып, аталған тұлғалар қайтыс болған жәбірленушіні теріс (жаман) жағынан, оның да тарапынан бір жат қылық болғанын көрсеткісі келді деп бағалайды. Сол сияқты куә Х.Ғ.Мухаммедтің – Т.Құрманәлі орнынан тұрған соң өзінің мопедіне қарай кетіп қалды деген немесе куәлер Е.А.Мырзатайдың, Н.А.Қанатбековтің – Т.Құрманәлі орнына тұрған соң қасындағы досымен бірге мопедіне отырып оқиға орнынан кетіп қалды деген айғақтарына сын көзбен қарап, ол шындыққа сай келмейді, бұл айғақтар сотталушының жағдайын жеңілдету мақсатында берілген деп бағалайды, себебі жәбірленуші мопедке отырып кететін жағдайда болмаған, оны ол жерден ағасы Т.Нұрданәлі өзінің автокөлігімен ауруханаға алып кеткен, бұл мән-жайды куә Т.Нұрданәлі мен О.Т.Арғынбай сотқа растап берген.
Сарапшылардың 19.06.2024 жылғы №20-08-11/9259 санды қорытындысына сай кәмелетке толмаған күдікті М.Ринатұлы қылмыс жасалған кезде өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алған. М.Ринатұлы тағылған әрекеттерді жасау орнында физиологиялық аффект күйінде болмаған (і.б.).
Істің мұндай тұрғысында сот іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді олардың қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалап, сотталушыға тағылған айып бойынша оның қылмыс жасаудағы кінәсі сотта өз дәлелін тапты деген тұжырымға келеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот қылмыстық қудалау органдарымен М.Ринатұлының қылмыстық іс-әрекеттері ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен – абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан, көрінеу кәмелетке толмаған адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру деп дұрыс сараланған деген қорытындыға келеді және оған осы бап бойынша жаза тағайындауға жатады.
Сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін белгілегенде, сот оның жасаған қылмысының сипаты мен қауіптілік дәрежесін, сотталушының қылмысты жасағанға дейінгі және жасағаннан кейінгі мінез-құлқын, жеке басының деректерін, оның жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне ықпалын ескереді.
ҚК-нің 11-бабы 4-бөлігіне сәйкес М.Ринатұлының жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сот сотталушының кәмелетке толмағанын, бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмғанын оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таниды.
М.Ринатұлының жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінде негізгі жазаның тек бір түрі көзделген, яғни бас бостандығынан айыру түріндегі жаза. Бұл ретте, бас бостандығынан айыру жазасының мерзімін белгілегенде сот ҚҚ-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағын және 81-бабы 7-бөлігінің талаптарына назарға алады.
Сотталушының қылмысты жасауда пайдакұнемдік мақсаты анықталмауына, одан бөлек ол кәмелетке толмаған тұлға болуына байланысты ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінің санкциясында көзделген мүлкін тәрткілеу түріндегі қосымша жаза оған тағайындалуға жатпайды.
Осы қылмыстың салдарын – абайсызда адам өліміне әкеп соққызуы, қайтыс болған жәбірленуші – кәмелетке толмаған бала екенін және қылмыстың қоғамдық қауіптілігін назарға ала отырып, сот сотталушыға қатысты ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігін, 63-бабын қолдануға негіздер жоқ деген қорытындыға келеді.
Сот М.Ринатұлында жәбірленуші Т.Құрманәлінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруге тікелей пиғылы болған, сотталушы жәбірленушінің бет тұсынан аяғымен бір рет тебуінің салдарынан жәбірленуші жерге құлап, оның денсаулығына ауырз зиян келіп, жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан кейіннен абайсызда қайтыс болуының (оның қазасына қатынасы абайсыздықпен сипатталады) арасында себеп-салдар байланысы бар деген қорытындыға келгендіктен, қорғаушының М.Ринатұлының іс-әрекеттерін ҚК-нің 104-бабына қайта саралау туралы өтінішхатын негізсіз деп тауып, оны қанағаттандырусыз қалдырады.
Іс бойынша азаматтық талап берілмеген, заттай дәлелдемелер жоқ.
ҚПК-нің 178-бабы 8-бөлігіне сай кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілінен сот сараптамаларын өткізу үшін жұмсалған процестік шығындардың өтеміне жалпы 7 785 теңге мемлекет пайдасына өндірілуге жатады.
Сондай-ақ, ҚК-нің 98-1, 98-2 баптарының талаптарына сай кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілінен Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілуге жатады.
ҚАРАР БӨЛІГІ:
ҚПК-нің 387-390, 393, 395-398, 401, 402-баптарын басшылыққа ала отырып, сот
Достарыңызбен бөлісу: |