(Ж:1 м/с2) Ұшақ 216 км/сағ.жылдамдықпен ұшып,сосын 20 с уақыт бойы 9 м/с2 үдеумен қозғалады. Ұшақтың осы уақытта ұшып өтетін ара қашықтықтығы... (Ж:3000 м)
Поезд 20 м/с жылдамдықпен қозғалады. Тежелгеннен соң,толық тоқтағанға дейін ол 200 м ара қашықтықты жүріп өтті. Тежелудің жүрген уақыты.. (Ж:20 с)
Қозғалыстағы дененің жылдамдығының теңдеуі υ = 5 + 4t.Орын ауыстырудың теңдеуі s(t) және бастапқы жылдамдық пен үдеу...
(Ж:s(t)=5t+2t2; υ0=5 м/с; =4 м/с2) Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі мына түрде x=-3t2. Нүктенің 2с кейінгі жылдамдығы мен орын ауыстыруы...
(Ж:υ =-12 м/с; s=-12 м) Мылтықтың ұңғысының ортасында оқтың жылдамдығы ұңғыдан ұшар жердегі жылдамдығынан (Ж: есе кем)
Бір пункттен бір бағытта шыққан екі автомобиль бірдей а=0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Екінші автомобиль біріншісінен 10 секундқа кеш шығады. Екінші автомобильдің шыққан уақытынан санағанда, екі автомобильдің ара қашықтығы 70м болатын уақыт (Ж:30 с)
Екі автомобиль бір жерден бір бағытта жолға шығады. Екінші автомобиль бірінші автомобильден 20 секунд кеш шығады. Екі автомобильде бірдей а=0,4 м/с2 үдеумен үдемелі қозғалады. Бірінші автомобильдің қозғалысы басталғаннан кейін олардың ара қашықтығы 240м болғандағы уақыты: (Ж. 40с)
Орнынан қозғалған автомобиль 6 с ішінде жылдамдығын 36 м/с-ке жеткізді. Автомобильдің үдеуі (Ж:6 м/с2)
Дене ОХ осіне қарама-қарсы 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Бастапқы координатасы 20 м. Дененің 4 с-тан кейінгі координатасы және осы уақытта жүрген жолы (Ж:-20 м, 40 м)
Биіктігі 4 м-ге лақтырылған тас қабырғадан 3 м қашықтыққа түссе, тастың орын ауыстыруы (Ж:5 м)
2 м/с тұрақты жылдамдықпен 5 с, сонан соң 0,4 м/с2 тұрақты үдеумен 5 с қозғалған катердің жүрген жолы (Ж:25 м)
Жер бетінен 1 м биіктегі доп тағы 2 м вертикаль жоғары лақтырылып, жерге құлады. Доптың жолы мен орын ауыстыруы (Ж:5 м; 1 м)
39,2 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары атылған жебенің көтерілу биіктігі және 5 с кейінгі орын ауыстыруы мен жүрген жолы (g = 9,8м/с2 )(Ж:78,4 м; 73,5 м; 83,3 м)
5 м/с жылдамдықпен мұздың бетінде лақтырылған тас бастапқы нүктесінен 25 м қашықтықта тоқтады. Қозғалыстың бастапқы 2 с-ғы тастың жолы (Ж: 9 м)
6 км/сағ жылдамдықпен жүзген салда перпендикуляр бағытта 8 км/сағ жылдамдықпен адам жүріп келеді. Жағамен байланысқан жүйедегі адам жылдамдығы (Ж:10 км/сағ)
0,3 м/с жылдамдықпен жүкті вертикаль жоғары көтерген кранның өзі рельспен бірқалыпты 0,4 м/с жылдамдықпен қозғалады. Жермен байланыстырған жүйедегі жүктің жылдамдығы (Ж:0,5 м/с)
Түзу сызық бойымен бірінші автомобиль жылдамдықпен, екіншісі жылдамдықпен қозғалса, салыстырмалы қозғалыс жылдамдық модулі (Ж:)
Меншікті жылдамдығы 25 км/сағ катердің ағыс бағытымен 2 сағатта, ағысқа қарсы 3 сағатта жүріп өткен қашықтығы (Ж:60 км)
Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал желдікі 5 м/с. Велосипедшімен байланысқан санақ жүйесіндегі желдің қарсы және қуалай соққандағы жылдамдықтары (Ж:15 м/с, 5 м/с)
Қуалай соққан жел суға қатысты қайықтың жылдамдығын 8 км/сағ жеткізеді. 16 км/сағ жылдамдықпен соққан желдің қайыққа қатысты жылдамдығы (Ж:8 км/сағ)