Магнит ағыны 0,02 Вб 100 орамнан тұратын катушканы ажыратқанда ондағы индукцияның ЭҚК-і 4 В болса,магнит ағынының жоғалу уақыты (Ж:0,5 с)
500 орам сымы бар соленоидта 4 мс уақыт ішінде магнит ағыны 77мВб-ден 5 мВб-ге дейін бірқалыпты кемиді. Соленоидтағы индукцияның ЭҚК-і (Ж:9 кВ)
Біртекті магнит өрісінде орналасқан 100 орам сымнан тұратын соленоидтың индукциясы 2мТл/с жылдамдықпен өзгереді. Радиусы 0,2 м осы соленоидтың осі магнит өрісі индукциясының векторымен 600 бұрыш жасағанда, пайда болған индукцияның ЭҚК-і (Ж:12,5 мВ)
Индукциясы 0,05 Тл магнит өрісінде ұзындығы 1 м стержень 20 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Егер айналу осі стерженнің ұшы арқылы магнит өрісіне параллель өтсе, онда стержень ұштарында пайда болған индукцияның ЭҚК-і (Ж:0,5 В)
Бойынан 10 А ток өтетін өткізгішті ампер күші 0,38 Дж жұмыс жасай отыра 25 см қашықтыққа орын ауыстырды. Шамасы 1,5 Тл магнит индукция векторы мен ток бағыты арасындағы бұрыш 300 болғанда, өткізгіштің ұзындығы (sin300 = 0,5) (Ж:20 см).
Ұзындығы , массасы m, горизонталь бағыттағы жіңішке екі жіпке ілінген өткізгіш, индукциясы вертикаль төмен бағытталған магнит өрісінде орналасқан.
Өткізгіш бойынан I ток өткенде, жіп вертикаль жағдайдан бұрышқа ауытқиды. Магнит өрісінің индукциясын анықтайтын формула