Кірісп е Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Гарольд  Лассуэл  (1902–1979  жж.)



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#6147
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Гарольд  Лассуэл  (1902–1979  жж.)  Ч.  Мерриамның 
шәкірті  және  оның  идеясын  жақтаушы.  Ол  Америка 
саяси ғылымы саласындағы ең атақты маман және басқа 
америка  саясаттанушыларымен  салыстырғанда  АҚШ-
тағы саяси ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.
Америка  саяси  ғылымы  үшін  Г.  Лассуэлдың  жұмы-
сының  маңызы  мынада  –  ол  саясатты  зерттеуде  жаңа 
методологиялық  әдістерді  батыл  қолданды.  Бұған  дейін 
жаратылыстану  ғылымдары  саласында  қолданылып  кел-
ген З. Фрейд әдісін алғаш рет саясатпен және саяси ғылым-
мен байланыстырды. Сол әдістің негізінде саяси ғылымда 
жаңа саяси психоанализ теориясын қалыптастырды. 
Басшылар  мен  бұқара  халық  үшін  саясат  дегеніміз 
не  болып  табылады,  олардың  саясатқа  деген  қатынасы 
қандай  психологиялық  ерекшеліктерді  қалыптастырады, 
сондай-ақ, саясаттың өзі қалайша оған қажетті тұлғаның 

116
Саяси ілімдер тарихы
психологиялық  ерекшеліктерін  қалыптастырады  – 
міне  осы  мәселелер  саяси  психоанализ  теориясының 
негізгі  сұрақтары  болып  табылады.  Сонымен  қатар  бұл 
теорияда  саяси  тұлғалардың  типологиясын  өңдеуге  де 
көп  көңіл  бөлінеді.  Мәселен,  тұлғаның  қандай  да  бір 
саяси  рөлді  таңдауға  бейімділігін  анықтай  отырып, 
Г.Лассуэл  саясаткерлердің  үш  негізгі  түрін  атап  көрсет-
кен:  администратор,  насихаттаушы  және  теоретик. 
Саясаткерлердің  аталған  түрлерін  сипаттай  отырып, 
олардың  әрбіреуіне  тән  позитивті  және  негативті  жақта-
рын  көрсете  отырып,  ол  саяси  тұлғаның  «аралас  түрін» 
таңдаған, яғни саяси тұлғалардың басқа түрлеріне тән ең 
жақсы қасиеттерін жинаған.
Ұсынылған  классификация  сонымен  қатар  саяси 
лидерлердің психикалық ерекшеліктерін де қарастырады. 
Мәселен,  Г.  Лассуэлдің  ойы  бойынша,  өз-өзін  кінәлау 
сезімі  «көсем-насихаттаушыларды»  алға  тартады.  Олар 
«басқаларды  әшкерелеу  сияқты  механизмдер  әдісімен 
жеңілдіктерді  іздейді».  Идеологиялық  лидерлер  – 
«балалық  шақтарында  көптеген  үміттерінің  қирауын 
бастан кешірген жеке тұлғалар». Сондай-ақ, Г. Лассуэлдің 
айтуынша  лидерлікке  қызығушылықтан  бас  көтертпей-
тін  психопатологиялық  тұлғалар  да  саяси  өмірге  арала-
сады.  Биліктің  қабылданбаған  іздеушілері  басқаларға 
үстемдік  жүргізуге  үміттеніп,  бизнеске,  кәсіподақтарға, 
ұйымдастырылған  қылмысқа  кетеді».  Оларға  қай  жерде 
бекітілсе  де  бәрі  бір,  себебі  олар  басқа  адамдарға  билік 
жүргізсе жетеді деп көрсетеді.
Саяси  билік  және  оны  қоғамда  тарату  мәселесі 
Г.Лассуэлдің  еңбектерінде  маңызды  орын  алады.                                     
Г. Лассуэл билікті саяси ғылымның орталық категориясы 
ретінде  қарастырып  түсіндірген.  Билік  ету  үдерісінде 
құндылықтар,  сонымен  қатар  оларды  қоғамда  тарату 
маңызды рөл ойнайды. «Кім, не, қашан және қалай алады 
деген сұрақтар саяси әрекеттер мен саяси үдерісті сараптау 

117
14-тарау. XX ғасырдағы Америка Құрама 
Штаттарындағы саяси ілімдер
кезіндегі негізгі сұрақтар», – деп көрсеткен. Саяси процесті 
түсіну үшін, саяси ғылым келесі мәселелерді шешуі қажет: 
1. оның мақсаттары мен объектілерін анықтау; 
2.  құндылықтарды  таратуда  басты  тенденцияларды 
белгілеу; 
3.  осы  тенденцияларды  түсіндіретін  шарттарды  зерт-
теу; 
4.  болашақта  болуы  мүмкін  барлық  өзгерістерді 
белгілеп қою; 
5. құндылықтарға максималды қол жеткізуге әкелетін 
әрекеттер әдісін таңдау.
1936  жылы  жазылған  «Саясат:  кім  нені,  қашан  және 
қалай  алады»  кітабында  ол  элиталарды  «бұқарамен 
салыстырғанда, көбірек әсер ететін» топтар ретінде анық-
таған.  Саяси  сараптаудың  басты  мақсатын  «әсер  етуші-
лердің  және  әсерленушілердің»  рөлдерін  зерттеуден 
көреді.  Элиталық  топтар  кез-келген  топтарда,  сонымен 
қатар, демократиялық қоғамда да болады деп дәлелдеген. 
Оның ойынша, демократия олигархиядан элитаның жоқ 
болуымен  емес,  ал  «ашық»  және  «жабық»,  «өкілеттік» 
және «өкілеттік емес» сипатымен ерекшеленді. 
1941  жылы  жарық  көрген  «Демократия  қоғамдық 
пікір  арқылы»  еңбегінде  Г.  Лассуэл  құндылықтарды 
таратуда  элиталық  топтың,  қоғамдық  пікірдің  маңызды 
рөлін көрсете отырып, саяси билікті және саяси үдерісті 
элитарлық түсіндіруден бас тартты. Ол оны демократия-
лық басқарудың және қоғамдағы легитимділіктің маңыз-
ды көрсеткіші ретінде қарастырады.
Екінші  дүние  жүзілік  соғыстан  кейін  Г.  Лассуэлдің 
саяси  билік  және  қоғамдағы  құндылықтарды  тарату 
үдерісі  туралы  көзқарасы  үлкен  өзгерістерге  ұшырады. 
Ол  өзгерістің  мәні  мынада  –  үдерістің  басты  фигурасы 
ретінде – саяси тұлға танылды және де ол жай ғана тұлға 
емес, саяси белсенді тұлға, сондай-ақ сол саяси тұлғаның 
қоғамдағы құндылықтарды қаншалықты меңгергендігі. 

118
Саяси ілімдер тарихы
Г.  Лассуэлдің  қалыптастырған  билік  концепциясы  әр 
түрлі  мектептер  мен  бағыттарды  ұстанатын  көптеген 
батыс  саясаттанушыларының  қолдауына  бірден  ие  бол-
ды.  Саяси  модернизация  мәселесін  зерттей  келе  және 
иерархиялық,  сегментарлы,  сондай-ақ  пирамидалық  би-
лік  бөлінісінің  үш  жүйесі  туралы  идеяны  негіздей  оты-
рып,  Д.Эптер  оны  өзінің  еңбектерінде  кеңінен  пайда-
ланды.  Саяси  жүйе  қоғамда  авторитарлы  (биліктік)  құн-
дылықтарды  тарату  жүйесі  ретінде  қызмет  атқара  ала-
тындығы туралы  Д.Истон да өзінің саяси өмірдің жүйелік 
сараптамасына арнаған кітабында жазған. 
Саяси  жүйенің  басты  міндеті,  негізінен  мынадай 
екі  қызметті  орындаудан  тұрады.  Біріншіден,  қоғамда 
құндылықтарды  тарату,  екіншіден,  қоғамның  басым 
көпшілігіне осы қабылданған құндылықтарды ұзақ уақыт 
бойы міндетті ретінде қабылдауды қамтамассыз ету. Дәл 
осы  аталған  екі  функция  саяси  жүйені  қоғамның  басқа 
жүйелерінен  шектеуге  мүмкіндік  береді  және  саяси 
өмірдің  мәнді  өзгерістері  болып  табылады.  Егер  саяси 
жүйе  берілген  осы  функцияларды  нақты  жүзеге  асыра 
алмаса, онда қоғамда саяси шиеленіс, тіпті ақыр аяғында 
сол  жүйенің  құлауына  әкеп  соқтыруы  да  мүмкін  деп 
көрсетеді.
Қорыта  келгенде,  Г.  Лассуэлдің  АҚШ-ғы  бұқаралық 
ақпарат  құралдары  теориясының  дамуына  үлкен  әсер  ет-
кен насихаттау идеясына міндетті түрде назар аудару қажет.  
ХХ  ғасырдағы  Америка  саяси  ғылымының  аса  көрне-
ті  өкілі  Ганс  Моргентау  (1904–1980  жж.)  –  прагматизм 
және  саяси  реализм  мектептерінің  көпшілік  таныған 
басшысы,  АҚШ-тың  сыртқы  саяси  мәселелері  бойынша                         
басты теоретигі.
Сыртқы  саясаттағы  ұлттық  мүдделер  рөлінің  маңыз-
дылығын  көрсете  отырып,  Г.  Моргентау  оларға  сәйкес 
классификацияны  ұсынған.  Бір  жағынан,  ол  негізгі,  тұ-
рақты  мүдделерді  атап  көрсеткен:  аумақты,  тұрғындар-

119
14-тарау. XX ғасырдағы Америка Құрама 
Штаттарындағы саяси ілімдер
ды  және  мемлекеттік  институттарды  сыртқы  қауіптен 
қорғау,  сыртқы  сауданы  дамыту  және  инвестицияны 
өсіру,  шетелдерде  жеке  капиталдың  мүдделерін  қорғау; 
одақтастармен өзара қатынас және сыртқы саяси бағытты 
таңдау. Екінші жағынан ол өтпелі және аралық мүдделерді 
бөліп қарастырған: аман қалу мүддесі; өмірлік мүдделер; 
маңызды мүдделер; перифериялық немесе ұсақ мүдделер. 
Г.Моргентау  аймақтық  немесе  әлемдік  гегемонияға  қол 
жеткізу  кез-келген  ірі  державаның  ұлттық  мүддесінің  ең 
жоғарғы критериі деп есептеген. 
Ұлттық  мүдделер  кез-келген  мемлекеттің  сыртқы 
саясатының өзегі екенін жариялай отырып, Г. Моргентау 
америкалық  ұлттық  мүдделерді  басқалардан  жоғары 
бағалаған. Ол сөзінде «АҚШ-тың ұлттық мүдделері Батыс 
жарты  шарда  саяси  басымдылықты  талап  етеді.  Егер 
Еуропа  мен  Азия  держава  немесе  державалар  тобының 
бақылуына түссе, бұл басымдылыққа қауіп төнеді. Себебі, 
Батыс  жарты  шары  мемлекеттерінің  көмегімен  немесе 
жеке  дербес  мықты  мемлекеттердің  АҚШ-қа  бас  салуы 
жеткілікті.  Міне,  осыдан  келіп  шығатыны  Еуропа  мен 
Азияда  күш  балансы  жүйесінде  тепе-теңдік  сақталуы, 
ал  нақтырақ  айтсақ,  бір  де  біреуіне  Батыс  жарты  шарда 
әскери  немесе  саяси  жаулап  алушылықтар  арқылы 
өздерінің күшін  нығайтуға мүмкіндік бермей, екі немесе 
одан да көп державалар тобының бір-біріне қарама-қарсы 
тұруы америкалық қауіпсіздікке өте маңызды», – деген.
Ұлттық  мүдделер  концепциясын  өңдей  отырып, 
Г.  Моргентау  оның  дәлелдеуінде  күшке  өте  көп  мән 
берген. Оның ойынша, ұлттық мүдделер саясаты күшпен 
бекітілмесе, табысты бола алмайды. 
Г.  Моргентауға  сәйкес,  «күш»  түсінігі  кең  мағынада 
(ұлттық күш түсінігі ретінде) келесі негізгі компоненттер-
ді  қамтиды:  географиялық  орналасу,  табиғи  ресурстар, 
өнеркәсіптік  әлеует,  әскери  дайындық  (сонымен  қатар 

120
Саяси ілімдер тарихы
әскери  техниканың  даму  деңгейі,  әскери  басқару,  әскери 
күштердің сапасы мен саны), халық саны, «ұлттық сипат» 
(халықтың  саясатқа  қатынасы),  «мемлекеттің  күшін 
анықтайтын  ең  басты  фактор»  ретінде  дипломатияның 
сапасы. Г. Моргентау бойынша, дипломатия – «бұл сыртқы 
саяси мақсаттарға қол жеткізу айналасында ұлттық күш-
тің  әр  түрлі  элементтерін  біріктіру  өнері,  бұл  –  үкімет 
сапасы,  яғни  үкіметтің  қоғамдық  пікір  жағынан  өзінің 
сыртқы саясатына қолдауды қамтамасыз ету мүмкіндігі». 
Дипломатияның сапасын ұлттық күштің ең маңызды фак-
торы деп атай отырып, Г. Моргентау әскери күштің рөлі 
мен  маңызын  төмендетпеді,  себебі  оның  ойынша,  саяси-
дипломатиялық  мүмкіншіліктердің  тиімділігі  әрбір  нақ-
ты мемлекеттің әскери күшіне тікелей тәуелді. Халықара-
лық  саясатта,  әсіресе,  «тәжірибеде  қолданылатын  немесе 
қауіп  ретінде  пайдаланылатын  әскери  күш  мемлекеттің 
саяси күштілігін қамтамасыз ететін маңызды материалды 
фактор болып табылады» деп түсіндірген.
Дәстүрлі әдіс пен күш факторының арасындағы қарама-
қайшылық  және  ядролық  соғыстың  болу  мүмкіндігі 
оның  ойынша,  қазіргі  заманғы  мемлекеттердің  ядролық 
стратегиясында  төрт  парадоксты  тудырды:  халықаралық 
қатынастарда  ядролық  немесе  басқа  күштерді  қолдану-
дағы  жолды  қуушылық  және  бүкіл  әлемдік  ядролық 
катастрофа    алдындағы  қорқыныш;  ядролық  соғыстың 
мүмкін  нәтижелерін  болдырмау  үшін  ядролық  саясатты 
өңдеу  талпынысы;  ядролық  қарулануды  тоқтату  әрекет-
терімен  қатар  жарысуды  жалғастыру;  ядролық  қару  бар 
болғанда бұл саясатты ескірген деп жасайтын шартымен, 
одақтарға сүйенетін саясатты жүргізу.
Г.  Моргентаудың  көрсеткен  төрт  парадоксты  сарап-
тау  қорытындысы:  «қандай  да  болмасын  әрекет  өзінің 
жаңашылдығымен  және  көріпкелдігіне  қарамастан  мем-
лекеттік  саясаттың  мақсаттары  мен  әдістері  арқылы 
ядролық  күшін  басқаға  бағытталған  кез-келген  әрекет, 

121
14-тарау. XX ғасырдағы Америка Құрама 
Штаттарындағы саяси ілімдер
ядролық  күштің  жойғыш  күшімен  жоққа  шығады». 
Жасалған нәтижені есепке ала отырып, жалпы ережелер-
де де өте сенімді болып көрінеді: ядролық күшті мемлекет-
тік  саясаттың  мақсаттары  мен  әдістеріне  бейімдегенше, 
одан  да  осы  мақсаттар  мен  әдістерді  ядролық  күштің 
әлеуеттік мүмкіндіктеріне бейімдеу қажет.
Тақырыпқа  қатысты  ұғымдар  мен  түсініктер:  модер-
низация,  гегемония,  ұлттық  мүдде,  ұлттық  қауіпсіздік, 
бихевиористік  бағыт,  саяси  сана,  сандық  әдіс,  саяси  басқару, 
саяси лидер, насихаттаушы, саяси билік.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  ХХ  ғасырдың  басындағы  АҚШ-тағы  саяси  ойлардың 
дамуындағы басты ерекшелікті атаңыз.
2. Г.Лассуэлдің саясаткерлерге берген типологиясы қандай? 
(басқару стиліне қарай). 
3.  Г.Моргентаудың  АҚШ-тың  сыртқы  саяси  стратегиясын 
дамытудағы орны.
4.  Г.Моргентаудың  «күш»  түсінігін  кең  мағынада  (ұлттық 
күш түсінігі ретінде) талдаңыз. 
Әдебиеттер:
1.  Әлемдік  саясаттану  антологиясы:  10  томдық.  –  Алматы, 
2007.
2.  В.Ф.  Петровский.  Американская  внешнеполитическая 
мысль. – М., 1976.
3.  Г.  Моргентау.  Четыре  парадокса  ядерной  стратегии. 
Американцы размышляют, американцы критикуют. Проблемы 
внешней политики США. –М., 1967.
4. Современная буржуазная политическая наука. Проблемы 
государства и демократии. – М., 1982.
5. Т. Мұстафин. Саясаттануға кіріспе. – А., 1994.
Реферат тақырыптары:
1. ХХ ғасырдағы Америкадағы саяси ойлардың дамуындағы 
негізгі ерекшеліктер.

122
Саяси ілімдер тарихы
2. Г. Моргентау – прагматизм және саяси реализм мектеп-
терінің көпшілік таныған басшысы.
3.  Г.  Моргентау  –  АҚШ-тың  сыртқы  саяси  мәселелері 
бойынша басты теоретигі.
4.  Г.  Лассуэл  –  саясатты  зерттеуде  жаңа  методологиялық 
әдістерді батыл қолданған саясаттанушы.
5. Ч. Мерриам – америка саяси ғылымының негізін салушы.

15-тарау. XX ғасырдағы Францияның саяси ой тарихы
123
15 тарау. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ФРАНЦИЯДАҒЫ 
САЯСИ ОЙ ТАРИХЫ
ХХ  ғасырдағы  Франциядағы  саяси  ілімдер  өзінің 
құрылуы  мен  даму  кезеңіне  байланысты  екі  сатыдан 
өтті.  Бірінші  кезең  өткен  ғасырдың  соңынан  басталып, 
ІІ  дүниежүзілік  соғыспен  аяқталады.  Екінші  кезең  соғыс 
кезеңінен  кейінгі  мерзімнен  басталып,  қазірге  уақытқа 
дейін  жалғасуда.  Саяси  ғылымның  Конституциялық 
құқықтан  біртіндеп  бөлініп  шығуы  бірінші  кезеңге  тән 
сипат еді. Бұл процесс үш жолмен жүрді. 
Бірінші жол конституциялық құқықтың саясаттануы-
мен, яғни конституциялық құқықтың дәстүрлі шеңберіне 
саяси мәселелерді енгізуінің есебінен және оның кеңеюі-
мен  байланысты.  Конституциялық  құқықтың  саясатпен 
байланыса  бастауын  А.  Эсмен  өзінің  1895  жылы  жария-
лаған «Конституциялық құқықтың элементтері» еңбегін-
де  қарастырады.  Бұл  еңбекте  дәстүрлі  конституциялық-
құқықтық мәселелермен қатар, қоғамдағы «саяси күштер 
ойыны» туралы мәселелер де зерттелді. Конституциялық 
құқықтың саяси мәселесіне Л. Дюги мен М.Ориу тоқтал-
ды.  М.  Ориу  саяси  сараптаудың  маңызды  компоненті 
болған институт ұғымын қалыптастырды.
Екінші жол конституциялық құқықтың әлеуметтенуі-
мен,  яғни  оның  дәстүрлі  шеңберін  алғашында  АҚШ-
тың  саяси  ғылымында  пайдаланып,  кейіннен  Еуропа 
құрлығында  де  кең  дамыған  позитивистік  бағытты 
нығайту  арқылы  сипатталады.  Позитивистік  бағыт  кон-
ституциялық  құқықтың  зерттеушілерін  сараптаудың 
әлеуметтік әдістерімен қаруландырды, сонымен қатар бү-

Саяси ілімдер тарихы
124
кіл  конституциялық-құқықтық  мәселелерге  әлеуметтік 
бағыт  берді.  Конституциялық  құқықтың  әлеуметтенуінің 
нәтижесінде  француз  саяси  ілімдерінің  жүйесінде  саяси 
әлеуметтану өкілдерінің басымдылығы пайда болды.
Зерттеушілердің  конституциялық  құқықтың  шеңбе-
рінен  мүлдем  шығып  кетуі  үшінші  жолға  тән  болды. 
Бұл үшін орыс профессор – заңгері М.Я. Острогорскидің 
1903  жылы  Францияда  жарияланған  «Демократия  және
саяси партияларды ұйымдастыру» атты еңбегі өте маңыз-
ды импульс береді. Бұдан кейін осы еңбекке ұқсас көпте-
ген француз зерттеушілерінің, соның ішінде А. Зигфрид-
тің  1913  жылы  жарық  көрген  «Франциядағы  партиялар-
дың  суреті»  атты  кітабы,  сонымен  қатар  заң  шығарушы, 
атқарушы  және  қоғамдық  биліктің  қызмет  етуінің  өзекті 
мәселелеріне  арналған  М.  Шевальенің,  М.  Прелоның,         
А. Сульенің және т. б. монографиялары пайда болды.
Францияның  қоғамдық-саяси  ілімдерінің  жүйесінде 
радикалды  өзгерістер  ІІ  дүниежүзілік  соғыстан  кейін 
болды.  Халықтың  саясатқа  белсенді  араласуы,  саяси 
өмірдің  күрделенуі,  конституциялық  құқық  ғылымы 
нақты жауап бере алмайтын көптеген күрделі саяси мәсе-
лелерді  қойған  жаңа  қоғамдық-саяси  қозғалыстардың 
және институттардың пайда болуы бұл үшін үлкен түрт-
кі болды.
1960–1970  жылдары  француз  саясаттанушыларының 
(М.  Прело,  Ж.  Баренс,  Ф.  Буррико,  Ж.  Бюрдо,  Р.  Арон,                                                                                                                                            
М.  Дюверже,  М.  Ориу,  М.  Гравитц,  Ж.  Ведель,  Б.  Де 
Жувенель  және  т.  б.)  бірқатар  еңбектері  пайда  болды. 
Еңбектерде  француз  саяси  ғылымы  және  оның  негізгі 
мәселелері кең талқыланған. 
Соғыс жылдарынан кейінгі кезеңдерде француз саяси 
ғылымының  ерекшелігі  басқа  мемлекеттердегі  саяси 
ғылыммен  салыстырғанда,  нақтырақ  белгіленді.  Ерекше-
лік  француз  саясаттанушыларының  ең  алдымен  ілімнің 
мынадай салаларына: саяси институттар және қатынастар; 

15-тарау. XX ғасырдағы Францияның саяси ой тарихы
125
сайлау  және  сайлау  жүйесі;  қоғамдық  басқару  және 
саясат салаларына көп көңіл аударуынан білінеді. М.Ориу 
француз саяси ойларындағы институт теориясын құрушы 
ретінде есептеледі. Ол бұл концепцияны 1906 жылы жасады 
және оны өзінің «Институт теориясы және оның негіздері» 
атты  еңбегінде  тұжырымдады.  «Әлеуметтік  витализм 
очерктері» (1925) атты ғылыми диссертациясы бұл идеяны 
мықтап  ғылыми  түрде  шегелеп  алды.  М.Ориудың  ойы 
бойынша,  институт  дегеніміз  –  нақты  әлеуметтік  ортада 
жүзеге асатын белгілі бір идея. Осы идеяны жүзеге асыру 
үшін  әр  түрлі  әлеуметтік  топтарға  өздерінің  органдары 
мен өкілеттіктерін ұсынатын билік кеңінен қолданылады. 
Идеяны жүзеге асыруды көздейтін әлеуметтік топтардың 
мүшелерінің арасында билік органдарымен бақыланатын 
және  процедураның  ережелерімен  реттелетін  сәйкес 
қатынастар пайда болады.
М.  Дювержеге  сәйкес,  «институттар  адами  қатынас-
тардың  танымал  моделі  болып  табылады.  Сол  адами 
қатынастардан  тұрақты,  орнықты  және  біріккен  мінезді 
иеленетін нақты қатынастар көшіріледі. Осындай қасиет-
тердің арқасында олар кездейсоқ, тұрақсыз және орнықсыз 
болып келетін институциялық модельдер шеңберінен тыс 
пайда  болатын  қатынастардан  ерекшеленеді»  делінген. 
Кез-келген  институт  екі  элементтің:  солардан  шығатын 
сол  институттық  модельдер  мен  нақты  қатынастар 
құрылымының  органикалық  бірлігі  болып  табылады. 
М.  Дюверженің  ойынша,  маңызды  мәселе  –  құқықпен 
регламенттелген  саяси  институттарды,  сонымен  қатар 
құқықты  толығымен  елемейтін  институттарды,  яғни 
саяси  партияларды,  саяси  режимдерді,  саяси  қысым 
көрсету  топтарын,  қоғамдық  пікірді,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарын насихаттауды және т. б. зерттеу.
Сайлау  және  сайлау  жүйесі  өзіне  француз  саясат-
танушыларының назарын аудартқан ілімнің басқа саласы 

Саяси ілімдер тарихы
126
болып табылады. Сайлау туралы айтар болсақ, онда олар 
не қызмет жасайтын, не енді қайтадан құрылып келе жат-
қан институттардың бос орындарына үміткерлерді таңдау 
үшін  пайдаланатын,  сәйкес  сайлау  процедураларының 
ережелері  бойынша  өңделген  емтихандық  тест  ретінде 
қызмет етеді. 
Қоғамдық  басқару  және  саясат  –  француз  саясат-
танушыларының  қызығушылығын  тудыратын  ілімнің 
тағы  бір  саласы.  Қазіргі  Францияның  саяси  өмірінде 
қызмет  ететін  екі  қарама-қайшы  үрдіс  –  мемлекеттік 
басқаруды  нығайту  және  қоғамдық  өзіндік  басқаруды 
қалыптастыру  берілген  сала  өкілдерінің  сараптау  объек-
тісінің артықшылығы болып табылады деп көрсеткен.
Қоғамдық  өзіндік  басқару  теориясына  қызығушылық 
француз  қоғамының  саяси  өмірінде  ортағасырлардан 
жалғасып  келе  жатқан  терең  дәстүрлі  идея.  Қоғамдық 
өзіндік  басқару  жобаларының  әр  түрлерін  француз 
әлеуметтанушы-утопистері  (Мелье,  Морелли,  Мабли, 
Дешан,  және  т.  б.)  де  қарастырған.  Сондай-ақ  бұл  идея 
Француз  революциясының  теориясы  мен  практика-
сында  да  өзінің  көріністерін  тапқан.  Франциядағы  1968 
жылғы  мамыр-маусым  оқиғалары  бұл  идеяларды  қайта 
жандандырды,  сонымен  қатар  оларға  анық  байқалған 
жалпы  демократиялық  бағытты  берді.  Бұл  кезде  саяси 
өзіндік  басқару  концепциясын  алға  шығарған  француз 
әлеуметтанушылары  ерекше  белсенділік  танытты.  Бұл 
концепцияның негізгі принциптері мыналар: 
1.  саяси  мақсаттарға  қол  жеткізудің  әдісі  ретінде 
демократиялық күштерді біріктіру
2. әртүрлі деңгейдегі билікті децентрализациялау; 
3.  мемлекет  пен  биліктің  қоғамдық  органдарының 
арасындағы  өзара  қатынасты  реттеу  саласындағы  саяси 
партиялардың рөлін жоғарлату. 
Мемлекеттік  органдар  көбірек  басқарып,  азырақ 
әкімшілік  ету  –  олардың  басты  тезисі.  Сонымен  қатар 

15-тарау. XX ғасырдағы Францияның саяси ой тарихы
127
шешімдерді  дербес  қабылдайтын  жергілікті  ұжым-
дардағы,  аймақтардағы  және  азаматтардағы  биліктің 
максимумына  негізделген  VІ  Республиканы  бекітуді 
ұсынған  француз экологистері қоғамдық  өзіндік басқару 
бағдарламасымен шықты.
Бұл  мәселеде  атақты  француз  әлеуметтанушысы  жә-
не  саясаттанушысы  М.  Крозьенің  өзіндік  ұстанымы  бар. 
Бір  жағынан,  ол  қоғамдық  өзіндік  басқару  идеясының 
утопиялық және тіпті, қауіпті сипатын көрсеткен. «Өзіндік 
басқарудың  жақтаушылары  игілікті,  бірақ  іске  аспайтын 
мақсатты қудалайды. Бұл мақсатқа деген талпыныс мәнсіз 
және қауіпті болып келеді және ол кез-келген билікті жоюға 
даяр» деген. Екінші жағынан, М. Крозье әкімшілік жүйе, 
басқару, шешімдерді қабылдау, мемлекеттік араласу және 
бақылау әдістерімен байланысты жаңа әлемге бейімделу 
үшін жаңаруы қажет дейді. 
Раймон  Арон  (1905–1983  жж.)  –  Францияның  саяси 
әлемінде  күрделі  және  ерекше  бейнелі  тұлға.  Ол  фило-
софия,  тарих,  әлеуметтану  және  саясаттанудың  әр  түрлі 
мәселелеріне  арналған  көптеген  ғылыми  жұмыстардың 
авторы болып табылады. Олардың қатарына мыналар жа-
тады: «Тұлға тиранға қарсы» (1946 ж.), «Ірі бөліну» (1948 ж.), 
«Соғыс өзінің салдарымен» (1951 ж.), «Интелектуал апиыны» 
(1955  ж.),  «ХХ  ғасырдағы  сынақ  алдындағы  демократия» 
(1960 ж.), «Әлем және ұлттар арасындағы соғыс» (1962 ж.), 
«Демократия  және  тоталитаризм»  (1965  ж.),  «Еркіндік 
туралы  эссе»  (1967  ж.),  «Саяси  зерттеулер»  (1972  ж.),  «50 
жылдағы саяси ойлар» (1983 ж.). 
Р.Арон  саяси  теорияны  өңдеу  кезінде  адами  қоғам-
дастықты екі түрге: жеке емес саяси және жеке саяси деп 
бөліп көрсетеді. Р. Аронның еңбектерінде саяси билік мә-
селелері  өте  маңызды  орын  алады.  Р.  Арон  ең  алдымен 
билікті  метафизикалық  және  заңды  түсінуден  аулақ 
болуға  шақырады.  Берілген  билік  шындығында  қандай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет