Кіріспе. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан өзгерістер


оқыту әдістерін қолданудың маңызы



бет14/28
Дата06.01.2022
өлшемі430 Kb.
#16745
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
ТОӘ Кітап

оқыту әдістерін қолданудың маңызы. 
Казіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі  ұрпаққа қат-қабат міндеттер 
койды.  Солардың  бірі  білім  саласында  оқушыларға  осы  заманғы  сай  білім  жүйесі,  білім 
әдістерімен  сабақ  беру.  Яғни  бұл  орта  мектептерде  тарих  пәнінен  сабақ  беруде  интерактивті 
оқыту тәсілдерін қолдануды тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих 
сабақтарында  қолданып  оқыту  оқушыларды  сол  өтіліп  жатқан  материалдағы  заман  кезеніне 
теренірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді. 
Оқытудың  ойындық  формасына  кіретін  әдістерге  -  рөлдік  ойындар,  кон-курстар,  жарыстар, 
тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейнринг т.б. іс-шаралар өз кезегінде оқушылардың осы 
пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи 
шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», 
«Тесттік конкурс», «Тарихи сахналық қойылымдар», т.б. 
Бұл аталған әдіс-тәсілдердің мәні: 
Әдістемелік мәні - тарих пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру. 
Тәрбиелік мәні - оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын кұрметтеуге үгіттейді. 
Теориялық  сипаты  -  оқушылардың  өзін-өзі  ұстау  ерекшеліктері,  сөйлеу  стильдерін 
қалыпастыруға көмектеседі. 
Еңді  әрбір  сыныпта  өтілетін  тақырыптарда  қолданылатын  интерактивті  әдістерге  тоқталып 
өтсек: 
«Тарихи шынжыр» ойын тізбегі. Бұл тәсіл кез-келген сыныпта тарих пәніңде қолдануға қолайлы. 
Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі, яғни белгілі бір мәлімет беретін сөйлемді үш 
немесе  төрт  оқушы  кезектесіп,  біреуі  әуелі  басын,  екіншісі  орта  тұсын,  үшіншісі  аяқ  жағын 
айтып,  тұтас  бір  ойынды  тізбекті  құрайды.  Нәтижесінде:  нақты  бір  тарихи  дерек  кұрылады. 
Тиімділігі - оқушыларды тапқырлықпен дәл, нақты логикалық ойлауға үйретеді. 
«Жас деректанушы» тағылымдық ойыны. Өтіліп жаткан тарихи дәуір бойынша сол кезеңдегі саяси 
оқиғаларды  жазушы  жылнамашылар  атыан  кез-келген  тарих  пәнін  сүйетін  оқушы  мәлімет 
жазып,  оларды  өз  көзкарасы  шеңбері  нде  жеткізеді,  өзінше  сипат  береді.  Деректанушы  болп 
отырған оқушы нақты фактілерге айкын сипаттама беруге үйренеді. 
«Проблемалық  полемика»  ой  талкысы.  Оның  мәні  өтілетін  материалдағы  болып  кеткен  тарихи 
оқиға, түрлі реформалардың, саяси тұлғалардың жеке басы, іс-әрекеттеріне он (+) және теріс (-) 
дәрежедегі бағалар беруі оқушыларға кез-келген мағлұматгарды объективті түрде баға беруге 
үйретеді. 
Тестік конкурс. Оқушылардың әрбір өтілген такырып бойынша ой елегінен өткізіп жинақтап 
жүрген  материалдарды  тест  сұрағы  формасында  көрсету.  Осы  бойынша  әрбір  оқушы  өзінің 
қасындағы әріптесімен тест сұрақтарын жасырып қою арқылы бірінің білмеген мәліметін екіншісі 
толықтырып, оқушылардың ақпарат алмасымдық дәрежесі жоғарылады. 

«XXI  ғасыр  көшбасшысы»  интеллектуалдық  шоуды  ұйымдастыру  тәсілі  көбінесе  өтілген 


материалдарға  шолу  жасау,  қорытынды  сабақтарға,  жинақтау  сабақтарына  пайдалануға  өте 
ыңғайлы.  Өтілген  сабақ  тақырыптарын  жинақтау  кезінде  оқушылардың  арасынан  тілек 
білдіруші  немесе  ең  білімді  деген  оқушылар  шығып,  әркайсысы  жеке-жеке  жалпы  шоудың 
турлары бойынша сайыска түсіп, ең көп сауаттылық, жігерлілік, біліми белсенділігін танытьш 
жеңіске жеткен дарынды окушы жеңімпаз болып танылады. Бұл сайыстын тигізер тиімділігі - 
оқушыларды лидерлік касиеттерге тәрбиелеу әрі танымды-лық кабілетін арттыру.  
Тарихи  сахналык  койылымдар.  Әсіресе  Казақстан  тарихы  пәні  сабақтарында  жинақтау  сабақ 
ретінде бұл тәсілді қолдану оқушылардың сол болып жатқан оқиғалар тізбегіне, реформалар 
кезеңіне тереңірек енуіне, мүмкіндігінше кебірек сезінуіне ықпал етеді. Жекелеген оқушыларды 
белгілі  бір  сценарий  желісі  бойынша  дайындалған  рөлдерге  оқушыларды  орнымен  қойып 
ойнату, балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыгггастыру, бейнелік ойлау шеңберін, 
шешендік сейлеу стильдерін қалыптастыруға көп септігін тигізеді. 
           Сыныптан  тыс  мектептен  тыс  өлке  тану  туристік   жұмыстың  формалары  мен  
методтары    алуан    түрлі    болады.  Бұл:  экскурсиялар,    жорықтар,    саяхаттар,    үйірмелер,  
клутар,    қоғамдар,    туристік    лагерьлер    музейлер,    бұрыштар    мен    көрмелер,    слеттер. 
Мектеп    өлке    тануының      негізгі,    неғұрлым      көп      тараған      және      пәрменді  
формаларына:  табиғатқа,    өндіріске,    есте    қаларлық    тарихи    орындарға,    оқу    және  
программадан  тыс  экскурсиялар  ұйымдастыру,  туған  өлке  бойынша  жорықтар,  алыс  
және    жақын    қашықтықтарға    жасалатын    жорықтар    жатады.    Экскурсияларда    мектеп  
оқушыларын  өндіріс   негіздерімен,  құрал – жабдықтарымен,  технологиялық  процеспен,  
жаңа  техникамен,  еңбектің  ұйымдастырылуымен,  ғилыми – техникалық  жетістіктермен  
таныстыру, өндіріс  озаттарымен   кездесулер   өткізу   көзделеді.  
           Кез  келген  экскурсия  мен  саяхатқа  алдын  ала  байсалды  дайындық  жүргізеді. 
Ол  ең  алдымен  өлке  тану  әдебиеттерімен,  анықтамалықтармен  танысу,   эскурсияға,  
саяхатқа  қатысушылар  арасында   міндеттер   мен   тапсырмаларды   бөлу,  орындалатын  
жұмыстың    көлемін      жоспарлау,    өлке    тану    жұмысына    керекті    құрал  –  жабдытарды   
дайындау.    Ғылымның      жеке    салаларынан    емес,  зертттелетін    обьект  (  қала,    аудан, 
кәсіпорындар т.с.с) туралы  тұтас  ұғым  беруге  көмектесетін  комплексті  экскурсиялар  
неғұрлым  тиімді  болып  табылады.  Мысалы:  кәсіпорнының  жұмысымен  танысқанда,  
оқушылар    оның    тарихымен    танысады,    өндіріс    технологиясының,    өндірістік  
байланыстар  мен  шоғырланудың   схемаларына  жасайды,  еңбек  жағдайларымен  және  
еңбек    өнімділігімен,  экономикалық    көрсеткіштерімен    танысады,    осы    кәсіпорынның   
еліміздің,  облыстық,  ауданның  халық  шаруашылығы  жүйесіндегі  ролін  анықтайды.  
            Комплексті    экскурсияның    жоспары    мен    оған    байланысты      оқушыларымен  
берілетін    тапсырмалар    оқу    программаларына    сәйкес    және    оқушылардың    жасын  
ескере    отырып,    түрлі    пәндердің    мұғалімдерінің      белсене      қатысуымен    жасалады. 
Сыныптан  тыс  өлке  тану  жұмысының  аса  қызықты  түрі – туған  өлкені  жан – жақты  
білуді    сауықтыру    спорттық    мақсаттарымен    тығыз    ұштастыратын    туристік    жорық  
болып    табылады.  Саяхатты    ойдағыдай    өткізу    үшін    баратын    ауданды    алдын    ала  
зерттеп  білу  және  егжей – тегжейлі  маршрут  жасау  қажет.  Саяхатқа  қатысушылардың  
барлығы    туризм    техникасын    және    кеңістікті    бағдарлау    бойынша      білімдерді   
меңгерулері  керек,  алдын  ала  жорықтың  сметасы  мен  жоспары  жасалады,  қажетті  
туристік  жабдықтар  әзірленеді.  
Өзіндік бақылау сұрақтары:  
1. Тарихты оқытудағы ойын сабақтың жоғарғы танымдық потенциалы қандай?  
2. Сайыс-сабақтар, саяхат-сабақтар, өлкетанулық ойындар дегеніміз не?  
3. Оқыту процесінде ойын сабақты жүзеге асыру технологиясының авторлары кімдер?. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет