Кіріспе. Бағалау нормативтері туралы ұғым


Блум таксономиясы жəне бағалау критерийлері



бет2/7
Дата21.05.2023
өлшемі26,23 Kb.
#95617
1   2   3   4   5   6   7
Блум таксономиясы жəне бағалау критерийлері
Блум таксономиясы туралы түсінік. Блум танымдық саласының алты деңгейі: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу, бағалау. Аталған деңгейлердің ең күрделісі бағалау деңгейі екендігі.
Білім беруді сапаландыру мен білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалаудың маңызы. Қазіргі кезеңде білім алушылардың білім деңгейін сапаландырумен қатар, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктерін, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауға қабілеттілігін, өзіндік білімін көтеру мақсаттары нақты қойылғандығы.
Критериалды бағалаудың негізгі критерийлері:

  • Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • Тапсырманың анықтығы мен айқындылығы;

  • Бағаның əділдігі;

  • Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.


Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша критериалды бағалау жəне дағдылар
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір білім алушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылғандығы. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Мұнда күтілетін нəтиже: болашақ маман білімді бағалау туралы ақпарат алады, салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді. Бағалау парақшасын жасап, сабақта қолдануға бейімделетіндігі.
Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша критериалды бағалаудың дағдылары. Білім алушылардың білімін бағалау техникалық тəсіл ғана емес. Оқушының оқуы мен ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік ұғымдарына қатысты құндылықтар жататындығы.

Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша бағалаудың ұстанымдары

Оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау модулі. Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша бағалаудың дидактикалық ұстанымдармен байланыстылығы. Бағалаудың ғылымилық, когнитивтік (танымдық), коммуникативтік, саналылық ұстанымдарымен байланысы. Қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бойынша бағалаудың ұстанымдары.


Оқу оқушылармен жүзеге асырылатындығы.Оқушылар нені оқу керектігін, қалай оқу керек екендігін үйрету.
Ағымдағы пікірталастар мен сұрақтар:бағалаудың шынайылығы,құндылық, жоғары деңгейде тестілеу. Жетістіктерді өлшеу:оқу дағдылары, түсіну, метатаным.Оқуға бейімділігі төмен оқушыларды ынталандыру.Оқушыларға ықпал ету. Жоғары деңгейлі тестілер: табыстылық пен өз қадір-қасиетіне сенім арасындағы байланысты нығайтатындығы. Бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін қарапайым факторлар. Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату.Оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру.Оқыту мен бағалау нəтижелері арасында байланыс орнату.Оқу табыстылығының негізгі факторлары болып табылатын оқушылардың ынтасы мен өз қадір-қасиеттерін сезінуді дамытудағы бағалаудың мəнін түсіндіру. Өз жұмысын өзі бағалау жəне өзін -өзі жетілдіру жолдарын түсіне білуді дамыту. Табыс критериийі - бағалаудың басты өлшемі. Мəнерлеп оқуда, жазба жұмыстарын жазуда, мəтін талдауда табыс критерийлерін алдын-ала анықтап алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет