ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыстың мaқсaт-мiндеттеpiне, ғылыми болжaмынa негiздей отыpып, жүpгiзiлген ғылыми-зерттеу жұмысымыздың бapысындa жинaқтaлғaн мәлiметтеpдi тaлдaй келе, қоpытынды жaсaймыз.
Бұл дипломдық жұмысында бастауыш мектеп оқушыларының оқуға бейімделуі мен танымдық іс-әрекеті негізінде білімді бағалаудың психологиялық ерекшеліктері сөз болады. Теориялық зерттеу бөлімінің өзі үш үлкен маңызды мәселелерді қозғайтын бөліктерден тұрады.
Оқыту процесіндегі білімнің сапасына қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар қатары анықталады. Ресейлік, шетелдік, Қазақстандық психолог-ғалымдар, өзге ғылымдар өкілдерінің құнды ой-пікірлері айқындалады.
Жүйелі бағалау жайындағы психологиялық талдау психолог-ғалым С.М.Жақыповтың зерттеуінше, оқытушы мен оқушының танымдық іс-әрекеттерінің бірлескен жағдайында ғана жүзеге асады.
Дипломдық зерттеу жұмысы мазмұнын мотивация, белсенді оқыту әдістері жайлы теориялар да толықтыра түседі.
Оқу мотивациясы жайлы жазған атақты психолог С.Л. Рубинштейн, Дж.Брунер, В.В.Давыдов, А.К.Марковалардың көзқарастары толығымен ашылып, бастауыш мектеп окушыларының білімін бағалауда тұрақты негіз болуға жарайтындығы дәлелденді.
Зерттеу жұмысы профессор С.М.Жақыповтың оқыту процесіндегі біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет туралы теориясын толық басшылыққа ала отырып, оқыту нәтижелілігіне қол жеткізуді көздейді.
Теориялық бөлімде С.М.Жақыповтың "Студенттердің танымдық іс-әрекетін оқыту процесінде басқару" деген еңбегіндегі белсенді оқыту әдістерінің де мазмұны ашылады. Белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдана отырып, бірлескен біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетке қол жеткізуге болатындығьі сөз болады және эксперименталды зерттеу әдістемелері көмегімен дәлелденіп, маңыздалады. Білім сапаларының көрсеткіштерін анықтайтын көзқарас, қатынастарды бөліп көрсететін болсақ, келесі ғалымдар еңбектеріне тоқталып, сүйенуге болады.
Білім мен шеберліктің құрамы мен мазмұнына негізделген қарым-қатынас (Г.И.Батурина, Б.П.Есипов, М.И.Зорецкий, И.Я. Лернер, Ш.Скаткин). Бұл қатынас шеңберінде білімге ғылыми мәліметтер жүйесінің бірлігі, жинағы деп талап қоятын дәрежедегі оқушылардың Білім сапаларының көрсеткіштері ерекше бөлініп көрсетіледі. Олар мыналар: білімнің толықтығы (яғни бағдарламаға сәйкес меңгерілетін объект жөніндегі бүкіл білімдердің саны), білімнің тереңдігі (берілген білімнің өзіне сәйкес өзге білімдермен саналы байланыстар орнату саны), жүйелілік (білімнің кейбір бірлігі тұстарын, олардың кезектестігінің иерархиясын сезіну), жүйелік (ғылыми теория құрылымына білім бірлігі құрылымының сәйкестігі).
Осы сапа - қасиеттердің қалыптасып, дамуы оқыту бағдарламасының көлемі мен мазмұнына байланысты.
Дипломдық зерттеу жұмысында теориялық және тәжірибедегі баға, бағалау ұғымдарының мәні ашылып, түсіндіріледі. Қазақстандық педагог-ғалымдар Р.М. Қоянбаев, Т.С. Сабыров т.б. бағалау, оқу білімінің сапасы жайлы құнды көзқарастары да зерттеу жұмысында сөз етіледі.
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекеті арқылы білімді бағалаудағы теориялық ой-пікірлер қатарын шетелдік ғалымдар Б.С.Блум, Дж.Коллиз, А.Анастази, Ж.Пиаже, Копеланд еңбектері толықтыра түседі. Отандық психология өкілдері З.И.Калмыкова, Н.А.Менчинская, М.А.Семенова, С.Ф. Жуков.Н.Ф.Талызина, И.В. Ривина,Т.А. Цукерман, А.В.Захарова еңбектеріндегібастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелік мүмкіндіктеріне жауап беретін оқу әрекетінің пәндік мазмұны ретінде теориялық білімдер және ғылыми түсініктер аумағындағы әрекеттің жалпыланған тәсілдері болатындығы анықталады.
Оқушының оқу-танымдық әрекетінің мазмұны мына сияқты білімнің сапалы сипатында байқалады, бұл: заттылық (пәнділік) - оқушы үшін түпкі қатынасты және оның қасиеттерін бөліп алу; жүйелік-түпкі, бастапқы қасиеттердің жеке байқалу тұстарын шығара алу мүмкіндігі; жалпыламалық - көптеген қасиеттерді тұтас бір негізгі жеткізу.
Оқушының оқу-танымдық әрекеттерінің пәнділігі, жүйелілігі және жалпылығы ол балада теориялық (ғылыми) түсініктің қалыптасқандығын білдіреді.
Пәнділік және жүйелік көрсеткіштері міндетті түрде өзара байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайды, дегенмен И.В.Ривина жасаған диагностика әдістері баланың әрекетінің жүйелілігіне бағалауға тікелей мақсатты бағытталған.
В.А. Львовский жұмыстарында оқушылардың заттылығы, жүйелілігінің қалыптасқандығы анықтауға диагностикалық міндеттердің типологиясы жасалған.
Тиімді дамыту бағалауының барысында баланың жалпы дамуын бағалау арқылы емес, ең алдымен бағалаудың негізі -оқу әрекеті арқылы жүзеге асатындығы үнемі есте сақтау керек. Ал, бағалау жоқ жерде түзету, толықтырылу енгізілмегендіктен, оқыту ісі тұңғиыққа тірелері сөзсіз.
Зерттеу жұмысыңда белсенді оқыту әдістері де башылыққа алынады. "Оқытудағы белсенді әдістер" термині 1960 жылдардың соңында пайда болды. "Жаңа дегеннің өзі - жақсы ұмытылған ескі" дегендей-ақ, белсенді оқыту әдістерін тіпті ертедегі грек оқымыстылары (Сократ б.э.д. 399-469) басқарылатын диалог ретінде қолданған екен. Онда тыңдаушылар пікірталасқа тартылып, тек қана проблеманы шешіп қоймай, оған қажетті білімді игеруге тырысқан екен.
Ал, қазіргі таңда белсенді оқыту әдістерінің негізінде топтық пікірталас орын алады.
Топтық пікірталас, ситуациялық-рөлдік ойындар т.б. кешені қолданылған жағдайда нақты практикалық, кәсіби қарым-қатынас дағдыларына үйретуге арналған окыту әдістері әлеуметтік-философиялық.
Зерттеу жұмысының анықтаушы эксперимент бөлімі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекет негізінде оқыту процесін бағалауға бағытталады және ол бағалану бағыттары анықталады. Олар:
1) бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесін бағалауды танымдық іс-әрекет арқылы зерттеу. Бұл бағыттың әдістемелерін құрайтындар: сөз-мағыналық ойлау, ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі
2) бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекетін бағалау әдістері. Бұл бағыт әдістемелері: бастауыш мектеп оқушыларының жазбаша тіл шеберліктерін бағалау және жазбаша сөйлеудің психографологиялық сипаттамасы;
3) Бастауыш мектеп оқушылары мотивациясының қалыптасуы.
Бұл бағыттағы әдістемелер:
1. Бастауыш мектеп оқушылары оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау. С.Д. Дубовицкаяның әдістемесі.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациялық деңгейін бағалауға арналған Н.Г. Лусканованың әдістемесі.
Зерттеу жұмысымыздың барысы бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің негізінде білімді бағалаудың маңыздылығын ашып көрсетті.
Бастауыш мектеп оқушыларының сөз-мағыналық ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі, есте сақтау, зейіннің таңдамалылығының бағасын дамытатын экспериментке дейінгі және дамытатын эксперименттен кейінгі нәтижелердің мәнділігін анықтау үшін Спирменнің коэффициенттік корреляциясының рангілеу формуласы бойынша анықталды.
Дамытатын эксперимент бастауыш мектеп оқушыларының іс-әрекетінің негізінде білімін бағалаудағы маңыздылығын үшін жүргізілді.
Сыныпқа алынған үшінші сыныптың алтауының үшеуі эксперименталды сыныпқа, үшеуі қадағалаушы сыныпқа бөлінді. Осы 2 топқа да бірдей анықтаушы зерттеудің бірінші "көлденең кесу" эксперименттік оқу жылының басында бірінші тоқсанның 1-ші жартысында жүргізілді.
Бірінші "көлденең кесу" зерттеуінде эксперименталдық және кадағалаушы сыныптардың арасында ешқандай өзгешелік жоқ екені дәлелденді. Кейін экспериминталды топтарды бөліп алып, дамытатын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мектептердің эксперименталды зерттеуге алған сыныптары мен қадағалаушы сыныптардың арасында дамытатын эксперименттен кейін жоғары мәнділікке қол жеткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |