2.Оқу әрекеттері ( баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл
амалдары).
3.Бақылау (оқушылардың өзін – өзі қадағалап тексеріп отыруы)
4.Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне өзі берген бағасы).
Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті
қалыптасады.Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі.Ойлау –
баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге
көрінбейтін заттар мен құбыластардың арасындағы күрделі себептік
байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады.
Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-
белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге
бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен –өзі қалыптаспайды.
Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді тәсілдер қолданып,
арнайы жұмыстар жүргізу қажет.