Трансплантациядан кейінгі лимфопролиферативтік аурулар (PTLD):
Плазматикалық гиперплазия (PTLD);
Инфекциялық мононуклеоз (PTLD);
Қоңыр қызыл фолликулярлық гиперплазия;
Полиморфтық PTLD;
Мономорфтық PTLD (B- и T-/NK-жасушалы типтер)
Классикалық Ходжкин лимфомасы (PTLD).
Гистиоциттік және дендриттік жасушалардың ісіктері:
Гистиоциттік саркома;
Лангергас жасушаларынан гистиоцитоз;
Лангергас жасушаларынан саркома;
Дендриттік жасушалардың анықталмаған ісігі;
Дендриттік жасушалардан саркома;
Фолликулярлық дендриттік жасушалардың саркомасы;
Ретикулярлық фибробластикалық жасушалардан ісік;
Шашыраңқы жастық ксантогранулома;
Эрдгейма-Честер ауруы.
3-қосымша
Ann Arbor лимфомаларының жіктелуі, Cotswold модификациясы
I саты
Бір лимфа аймағының немесе құрылымның зақымдануы*
Бір сегмент шегінде бір экстралимфатикалық ағзаның немесе тіннің ошақталған зақымдануы
II саты
Диафрагманың бір жағы бойынша екі немесе одан да көп** лимфа аймағының зақымдануы
Бір сегмент шегінде бір экстралимфатикалық ағзаның немесе тіннің және оның аймақтық лимфа түйіндерінің диафрагманың сол жағындағы басқа лимфа аймақтарына зақым келтірумен немесе онсыз ошақталған зақымдануы
III саты
Диафрагманың екі жағындағы лимфа түйіндерінің немесе құрылымдардың зақымдануы***
Бір сегмент шегінде бір экстралимфатикалық ағзаның немесе тіннің және оның аймақтық лимфа түйіндерінің диафрагманың екі жағындағы басқа лимфа аймақтарының зақымдануымен ошақталған зақымдануы
IV саты
Бір немесе бірнеше экстралимфатикалық ағзалардың лимфа түйіндеріне зақым келтірумен немесе онсыз диссеминацияланған (көп фокустық) зақымдануы
Массивті (bulky) ісікті зақымдану – диаметрі 10 см-ден астам ошақ немесе медиастинальды-торакальды индекс***** 1/3-ден астам
* Лимфа құрылымына лимфа түйіндері, көкбауыр, айыр безі, Валдейер сақинасы, құрт тәрізді өскін, пейер бүртіктері кіреді
** Екінші кезең үшін Ходжкин лимфомасында зақымдалған лимфа аймақтарының санын араб цифрімен қосымша көрсету қажет (мысалы, II4 сатысы)
*** III1 сатысын, жоғарғы абдоминальді лимфа түйіндерінің зақымдануымен (бауыр, көкбауыр, құрсақ л/т қақпалары) және III2 сатысын іш қуысындағы лимфа түйіндерінің зақымдануымен ажырату ұсынылады
**** Тері қышуы интоксикация симптомдарынан шығарылған
***** Медиастинальды-торакальды индекс - ортаңғы көлеңке енінің ең кең жердегі кеуде диаметріне қатынасы - стандартты түзу рентгенограммаларда Th5-6 деңгейінде