Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Өздік жұмыстарға қосымша дәріс. Жоғары оқу орындарына инклюзивті білім беру



Pdf көрінісі
бет39/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Өздік жұмыстарға қосымша дәріс. Жоғары оқу орындарына инклюзивті білім беру 
технологияларын енгізудің өзекті мәселелері 
Елбасымыздың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан -2050» Стратегиясы: 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстанның
дамыған 30 елдің қатарына қосылу тұжырымдамасы әзірленді. Онда білім беру үрдісі ең маңызды 
басымдық ретінде танылған [1].
Мемлекеттік саясат әр жеке тұлғаның зияткерлік даму деңгейіне, психофизикалық және 
жеке ерекшеліктеріне қарамастан олардың қоғам алдындағы теңдігіне, білім берудің барлық 
деңгейінің қолжетімді болатынына кепілдік береді.
Инклюзивті білім беру – барлық тұлғаға (соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін) 
қолжетімді және арнайы жағдай жасай отырып, қажетті әлеуметтік және психологиялық, 
педагогикалық қолдау көрсетеді. 
Халықаралық тәжірибеде осы үрдісті сипаттайтын бұрынғы «интеграцияланған білім беру» 
термині «инклюзивті білім беру» терминіне алмастырылды. «Include» сөзінің этимологиялық 
мағынасы қосу, қамту, біріктіру, құрамына алу дегенді білдіреді. Тар мағынасында мүгедектігі бар 
адамдардың басқа дені сау қатарластарымен бірге білім алуы. 
Әр жеке тұлғаның тұратын орнына (қала/ауыл), отбасының экономикалық жағдайына, 
денсаулығына және т.б қарамастан сапалы білім алуға құқығы бар. Берілетін білім оның 
мүмкіндіктерін ескеріп, түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Жалпы білім беру саясатының 
сапасын жақсарту мақсатында әр тұлғаға ерте жастан бастап қолдау көрсету қажет. 
Бұл әдіс білім алушылардың кез келген кемсітушілікке ұшырауының алдын алып, ерекше 
білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау идеологиясына негізделген. Сонымен 
қатар барлық жеке тұлға толыққанды білім ала алады, ал олардың ерекшеліктері құрметтеуді талап 
етеді деген қағидаға сүйенеді. Мектептер, жоғары оқу орындары физикалық, интеллектуалдық, 
әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлық білім алушыны 
қабылдап, оларға сапалы білім беру жолдарын іздестіруі керек. 
Отандық педагогикалық парадигмада «инклюзия» – бұл салыстырмалы түрде жаңа термин. 
Осы жүйені енгізу үшін мектептерді реформалап, оқу бөлмелерін барлық балалардың 
қажеттіліктері мен қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп қайта құру қажет [2, 38-39]. Алғаш рет 
инклюзия ұғымы АҚШ білім департаментінің Мемлекеттік хатшысының экс-көмекшісі М.Уиллдің 
еңбектерінде аталып, қазіргі білім беру теориясы мен саясатына енгізілді [3, 412]. Бұл «ашық 
азаматтық қоғам» тұжырымдамасының пайда болуымен және іске асырылуымен байланысты 
болды. 
Әлемде мүмкіндігі шектеулі адамдар еңбекпен қамту, ақпарат пен инфрақұрылымға 
қолжетімділік, білім алуда кемсітушілікке тап болады. Дегенмен көптеген елдің конституциясында 
адамдарды діни, нәсілдік және этникалық және басқа да белгілері, соның ішінде мүгедектігі 
бойынша кемсітуге болмайды деп анық жазылған. Осы мақсатта мүмкіндігі шектеулі адамдардың 
өмірдің түрлі салаларындағы құқығының сақталуын қамтамасыз ету үшін мүгедектердің құқығы 
туралы БҰҰ Халықаралық Конвенциясы әзірленді. Оны 2006 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ Бас 
Ассамблеясы қабылдады. Осы Конвенцияның 24 бабында «Мүше мемлекеттер мүгедектердің білім 
алу құқығын мойындайды. Осы құқықты кемсітушілікке жол бермей, мүмкіндіктердің теңдігін 
сақтай отырып жүзеге асыру мақсатында мүше мемлекетттер барлық деңгейде және өмір бойы 
инклюзивті білім беруді қамтамасыз етеді...» деп жазылған [4].


44 
Конвенцияның осы бабында мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алу құқығы туралы 
кеңінен сөз болады. Мүгедектігі бар бала, оқушы немесе ересек адаммен оқу мекемесінде білім беру 
үрдісінде жеке жұмыс істеу керек. Бұл әдіс мүмкіндігі шектеулі адамға инклюзивті білім беру 
жүйесінде қажетті жағдай жасауға негізделеді, бұл олардың дені сау адамдармен бірдей толыққанды 
білім алуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруге қатысты пікірталастар көп және оны қолдайтын 
немесе сыни көзқараста жазылған жұмыстар да сан алуан. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарды тек 
белгілі бір топтағы мүгедектігі бар адамдар білім алатын жабық мекемелерде оқытудың өзі 
кемсітушілік, сәйкесінше қандай да бір ерекше білім алу қажеттілігі бар адамның құқығын бұзу 
болып табылады. Инклюзивті ортада бала біртіндеп есейіп, «кумулятивті әсерге» сәйкес, түрлі 
адамдармен қарым-қатынас жасауда өзінің әлеуетін арттырып, түрлі өмірлік жағдайларда шыңдала 
түседі. Нәтижесінде жоғары білім алуға, кейіннен жұмысқа орналасуға деген мүмкіндігі артады, 
жабық мекемелерде оқитын қатарластарына қарағанда бәсекеге қабілеттілігі арта түседі.
Ендігі жерде Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар адамдардың 
мүддесі мен қажеттіліктерінің қаншалықты ескерілгеніне тоқталайық. 
Халықты әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік органдардың деректеріне сәйкес
Бүгінде Қазақстанда 700 мың мүгедек адам тұрады, оның 87 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар, бұл 
балалар халқының жалпы санының 1,5%-ын және мүгедектердің жалпы санының 12,8%-ын 
құрайды. Мүгедектердің жалпы құрылымында балалар санының жыл сайын артып келе жатқаны 
байқалады. Тек соңғы 7 жылда өсім 2%-ды құрады. 18 және 29 жастағы (білім алуға қажеттілігі 
жоғары) жастардың саны 3420-ға жеткен.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, адам, оның өмірі мен құқығы, 
еркіндігі мемлекеттің ең үлкен құндылығы. Біздің елде түрлі белгілері бойынша кемсітушілікке 
тыйым салынған [5]. Сонымен қатар Қазақстан түрлі халықаралық құжаттарға қол қоя отырып, 
ондағы нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге тырысады. Мәселен Балалардың құқығы туралы 
Халықаралық конвенцияға сүйеніп, әзірленген Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы 
туралы заңды айтуға болады.
Дегенмен еліміздің Конституциясында мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілік пен оған 
ортылатын жауапкершілік туралы бір де бір сөз жоқ. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 
сәуірді қабылданған «Қазақстан Республикасында мүзедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң 
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін 
негізгі заң. Осы заңның 14 бабында мүгедектігі бар адамдар «Қазақстан Республикасының 
Конституциясында бекітілген барлық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқық пен еркіндікке... 
соның ішінде білім алу құқығына ие...» екенідігі анық жазылған. 
Осы заңда білім беру саласындағы өкілетті органның құзыреттілігі де анықталады, оған 
сәйкес: 
1)
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердің білім алуын 
қамтамасыз етеді; 
2)
Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша білім алып жатқан мүгедектерге 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемақы және шәкіртақы тағайындаудың тәртібін 
әзірлейді.
Мүгедектерге білім беретін арнайы білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін 
нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеп-бекітеді» [6].
Енді мүмкіндігі шектеулі жандардың құығының Қазақстан Республикасындағы Білім 
туралы заңында қаншалықты ескерілгенін талдап көрейік.
Аталған Заңның 26 бабында: «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, 
бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс 
қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 
теңестірілген ардагерлердің, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында 
оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі 
туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты 
құқығы бар...». Сәйкесінше ЖОО-ға түсетін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы квота 
туралы айта алмаймыз. Тек дені сау абитуриенттермен балы бірдей болған жағдайда ғана басымдық 
беріледі.


45 
Осы заңның 47 бабында шәкіртақы төлеу туралы айтылады: «Көзі көрмейтін мүгедектердің 
және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық 
аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген бағаға ғана оқитын студенттер мен 
магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары 
мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар» [7]. Бұл қимыл-тірек аппараты, ментальдық 
бұзылыстары және денсаулығына байланысты басқа да бұзылыстар бар студенттерге қатысты 
кемсітушілік. Олар да жоғары білім алу үрдісінде мәселелер мен кедергілерге тап болуы мүмкін.
Көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының заңнамасы мүгедектігі бар 
адамдардың кемсітушілікке тап болмай жоғары білім алу құқығын толыққанды іске асырмайды.
Оларға кедергісіз орта құру, арнайы қажетті жабдықтармен қамту, білім беру бағдарламалары мен 
қызметтерін бейімдеу, ақпарат пен білімге толыққанды қолжетімділікті қамтамасыз ету 
ескерілмеген.
Жоғары оқу орындарында инклюзивті (интеграцияланған) оқытудың міндеті – әр студенттің 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын жүйені құру. Инклюзивті жоғары білім беру мекемелерінде 
мүгедектігі бар студенттермен бірге басқа барлық білім алушыларға табысқа жетуге, қауіпсіздікті 
сезініп, бір ұжымда жұмыс істеудің құндылығын түсінуге мүмкіндік беру үшін қолдау көрсетіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар көбінесе қашықтан немесе арнайы 
білім алады. Бұл бір жағынан, олардың медициналық және педагогикалық қызметтерге 
қажеттіліктерін қанағаттандыруда ерекше жағдай жасаса, екінші жағынан, мүгедектердің өмірлік 
мүмкіндіктерін шектей отырып, олардың әлеуметтік интеграциясына кедергі келтіреді. Инклюзивті 
білім беру жүйесін іске асыру барысында оқу орындары біршама кедергілерге тап болады. Олар 
пандустардың болуы, ЖОО-ның бір қабатты дизайны, штатқа сурдоаудармашыларды енгізу
көпшілік пайдаланатын орындарды қайта жабдықтау және басқа да мәселелер. 
Қазіргі уақытта мүгедектіктің медициналық моделін алып қарайтын болсақ, Қазақстан 
Республикасының көптеген жоғары оқу орны мүгедек талапкерлермен кездесуге дайын емес: 
мұндай оқытуға арналған жабдықталған орта да, арнайы бағдарламалар да жоқ. Білім алу 
мүмкіндіктерін теңестіру мүгедектер үшін арнайы білім беру ортасын құру қажет (жеке тәлімгер, 
барлық оқу орнында арнайы лифттер мен транспортерлердің болуы, көру қабілеті бұзылған немесе 
физикалық денсаулығы шектеулі адамдарға арналған арнайы пернетақталар).
Сонымен қатар стереотиптер мен қалыптасқан пікірлерге негізделген әлеуметтік сипаттағы 
қиындықтар, соның ішінде профессор-оқытушылар құрамының, студенттер мен олардың ата-
аналарының интеграцияны қабылдауға дайындығы немесе одан бас тартуы секілді кедергілер де 
болуы мүмкін [8, 48-50]. 
Бүгінгі таңда педагогикалық технологияларды меңгерген оқытушының мәселесі инклюзивті 
білім берудегі ең маңызды проблемалардың бірі. Бұл кадр даярлау, тәжірибе бөлісумен байланысты. 
Арнайы психология, түзету педагогикасы бойынша білім алмаған, бұрын-соңды мүмкіндігі 
шектеулі адаммен (мысалы көзі көрмейтін немесе құлағы естімейтін) жұмыс істеп көрмеген 
қарапайым оқытушы топтағы басқа білім алушылармен бірге, ерекше назарды қажет ететін 
тұлғаларды қалай оқытады?
Осындай қарама-қайшылықтарды ескергенде инклюзивті білім беруге өту қысқа мерзімді 
міндет емес екенін түсінуге болады және мұнда қаржы мәселесі соңғы орында. Ең бастысы 
педагогикалық құрамның дайындағы жоғары болуы керек екенін түсінеміз.
Психолог С. А. Котованың айтуынша инклюзивті мектепке өздерінің ерекше мұғалімдері 
қажет. «Біз әр оқушыны қоғамдық өмірдің барлық түрлеріне қиындықсыз қосуға дайындай алатын 
гуманистік құндылықтар мен мұраттардың тасымалдаушысы болатын мүлдем жаңа типтегі 
мамандар туралы айтып отырмыз. Олар білім алушылардың оқу процесіне ресми емес, шынайы 
қосылып, олардың бағдарламаны оңтайлы игеруіне көмектесуі қажет, сондай-ақ әлеуметтік-жеке, 
жалпы ғылыми, аспаптық және кәсіби құзыреттілікке ие болуы керек және ең бастысы, түзету-
педагогикалық және әлеуметтік-оңалту міндеттерін шеше білуі керек.
Инклюзивті мектеп мұғалімі кәсіби әлеуметтік бейімделудің, икемділіктің, эмпатияның, 
рефлексияның жоғары көрсеткіштеріне, сондай-ақ айқын перцептивті, коммуникативті және 
ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болуы керек...» [9, 56]. 
Кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесінің қазіргі жағдайын талдауда да осындай пікір 
білдіруге болады. Демек, кең профильді мамандарды даярлауды көздейтін жаңа «Инклюзивті 
оқыту» мамандығын ашу немесе «Арнайы педагогика және арнайы психология» немесе 
«Инклюзивті білім беру» пәндерін педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларына 


46 
міндетті түрде қосу қажет. Яғни, барлық болашақ педагогтар пән мұғалімдері, биология, химия, тіл, 
математика және т.б. мұғалімдері дефектология негіздерін үйренуі тиіс деген пікірдеміз. 
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары білім алуға деген құқықтарын 
жүзеге асыру мәселесіне жүргізілген талдау бойынша келесідей қорытынды жасауға болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары білім 
алуда кемсітушілікке ұшырамауына жан-жақты қамтылған кепілдік бермейді. Сондықтан әлемдік 
тәжірибелерге сүйеніп, мүгедектігі бар адамдардың барлық салада, соның ішінде жоғары білім 
алуда жасырын және жария кемсітушілікке ұшырауының тамырымен жоятын заңнама әзірлеуі 
керек деп есептейміз. 
Қазақстанның көптеген жоғары оқу орнында мүмкіндігі шектеулі адамдардың оқу 
бағдарламалары мен қызметтері қолжетімді емес, қажетті инфрақұрылым жоқ. Тек кейбір 
университеттер ғана анайы оқу гранттарын енгізген. Бірақ мүгедек студенттер осы гранттарға ие 
болғанымен, өзінің мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын толыққанды меңгере 
алмайды. Сондықтан әрбір ЖОО-да мүмкіндігі шектеулі студенттерді қолдау орталығын құру 
қажет. Олар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық, ақпараттық-бейімдеу және 
материалды-техникалық көрсетіп, жоғары білім алуына жан-жақты жағдай жасасын.
Қазіргі уақытта педагогикалық кадрлардың кәсіби қабілетсіздігі елде инклюзивті білім 
беруді толыққанды енгізудің негізгі проблемасы. ЖОО-ның педагогикалық мамандықтарының 
модульдік білім беру бағдарламаларын, содан кейін жұмыс оқу бағдарламаларын қайта қарау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет