ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК Атабек- әскер басы, мәмлүк мемлекетіндегі сұлтаннан кейінгі үшінші мансап иесі
Бундуқдар – сұлтанның немесе әмірдің бундуқ деген қаруын алып жүретін мәмлүк. Бундуқ - қазақтың кәдімгі сақпаны
Джизия – мұсылман мемлекетіндегі басқа діндегі еркектерге салынатын салық. Джизиядан қарттар, мүгедек, қайыршылар және монахтар босатылған.
Динар – Бейбарыс заманындағы алтын динарлардың салмағы 70 гр. Таза алтын болған. 1 динар 20 дирхемге тең, алайда бұл ара-қатынас нарыққа қарай өзгеріп отырған.
Диуан – мәмлүк мемлекетіндегі басқару мекемесі. Уәзір, әскер және т.б. мекемелер болған.
Жандар – сұлтан қызметіне мәмлүк алу, хат-хабарды дайындау жұмыстарын атқаратын әмір.