Кіріспе дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет8/9
Дата25.04.2022
өлшемі129,49 Kb.
#32142
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ДИПЛОМ совесть мадина

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыста қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістікті кескіндеу барысындағы бірнеше каламгердің шығармашылық ізденістері тұжырымдалып беріледі. Зерттеу жұмысында қол жеткен нәтижелер сараланады. Ғылыми еңбектің нысаны болған қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістікке тоқтала, әдеби процеске үңілу арқылы мынадай қорытындыларға келдік:

біріншіден, аталмыш повесть жанрының айрықша дамуы ұлттық әдебиетіміздегі ең елеулі құбылыстардың бірі болды. Жазушылар қоғамдағы қалыптасқан күрделі жағдайларға сай ірі-ірі философиялық мәселелерді игеру үстінде көркем уақыт пен кеңістік ұғымдарына айрықша ден қойды;

екіншіден, көркем уақыт пен кеңістікті кескіндеу барысында қазақ жазушылары адам концепциясына белгілі бір идеологиялардан тыс, бүкіл адамзаттық тұрғыдан келді;

үшіншіден, Д.Исабеков, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, О.Бөкей, А.Алтай адам концепциясына айрықша назар аудара отырып, әлемдік мәселелерді қамтыды. Яғни қазақ каламгерлерінің идеялары, әлемдік көркемдік дамудағы тенденциялармен сәйкестік тапты;

төртіншіден, суреткерлердің шығармашылықтарындағы көркем уақыт пен кеңістіктің маңызды атрибуты – сюжеттік-композициялық кұрылымдар, образдар болды.

Диплом жұмысымызда зерттеліп отырған қазақ қаламгерлерінің ұлттық әдебиетіміздегі орны мен әлемдік рухани дамудағы үлес-салмағы олардың көркем уақыт пен кеңістік аясындағы эстетикалық танымы, талғамдары арқылы сараланды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет