Кіріспе дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы


Дипломдық жұмыстың өзектілігі



бет2/9
Дата25.04.2022
өлшемі129,49 Kb.
#32142
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ДИПЛОМ совесть мадина

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуде XX ғасырдың алатын орны ерекше. Егер елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың басындағы қоғамдағы «жылымық» сәт сол тұстағы кеңестік кеңістіктегі әмірдің барлық салаларында айрықша із қалдырғанын еске алсақ, бұл кезендегі әдебиеттің рөлін айрықша бағалағанымыз орынды. Кеңес мемлекетіндегі Қазан революциясы, азамат соғысы, өндірісті дамыту, байлар мен кулактарды тәргілеу, күштеп ұжымдастыру, қолдан жасалынған аштық, «халық жауларына» карсы күрес науқаны, Ұлы Отан соғысы, бүлінген шаруашылықты қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты ірі іс-шаралардан қоғамның аз да болса тыныс алған сәті болатын. Міне, дәл осы кезеңде әдеби процеске серпінді күш, жаңа леп өкілдері келіп араласты. Санада сілкініс пен серпіліс пайда болды. Бұл тұста әдебиетке араласқан Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Д.Исабеков, О.Бөкеев, Т.Әбдіков т.б. тоталитарлық тәртіптің негізгі талаптарының басты қағидаларын мүлтіксіз орындауға бейілді болды деп ешкім де айта алмас. Олар шыңғырған шындықты тікелей айта алмаса да тұспалдап жеткізді, астарлап айта алды. Әңгіме, әсіресе, повесть жанры олар үшін жемісті еңбек етуге алғышарттар жасады. Жалпы алғанда, повесть жанры жайында недәуір еңбектердің жазылғанын айта кеткен абзал. Алайда жоғарыда айтқанымыздай, әдеби процесс аясындағы көркем туындыны түрлі қырынан зерттеу қазақ әдебиеттану ғылымында енді-енді ғана қолға алынып жатыр десек, асыра айтқандық бола қоймас. Сондай проблеманың бірі – көркем әдебиеттегі уақыт және кеңістік проблемасы. Уақыт және кеңістіктің философиялық категориялар екендігі, материяның жалпы формалары екендігі, оның маңызды атрибуттары екендігі жұртқа мәлім. Бұдан уақыт және кеңістік сынды философиялық категориялардың көркем әдебиеттегі көрінісі мәселелері қазақ әдебиеттану ғылымында біртін-біртін қолға алынып келе жатқандығы көрінеді. Сонымен бірге қарастырылып отырған мәселенің өзекті екендігін байқау қиын емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет