Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология


Басқа да сұйық дәрілік түрлерге



бет25/29
Дата21.12.2023
өлшемі139,04 Kb.
#142186
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология-emirsaba.org

Басқа да сұйық дәрілік түрлерге: медициналық майлар, өсімдік шырындары, сұйық органопрепараттар және дәрілік сироптар жатады.
Медициналық майлар - дәрілік өсімдіктердің майлы сығындылары. Мысалы, меңдуана майы (ОІеит Нуоscyami), итмурын майы (ОІеum Rosae), шырғанақ майы (ОІеum Ніррорһеае).
Сұйық органопрепараттар - ірі қара мал ұлпаларынан алынатын официнальды сұйық сығындылар. Ондай препараттарға: паратиреоидин (Parathyreoidinum) - қара малдардың қалқансерік безінен алынған сірінді, питуитрин (Ріtuitrinum) - қара малдардың гипофиздің артқы бөлігінен алынатын сірінді (ӘБ мөлшерленеді).
Дәрілік сироптар - дәрілік өсімдік сығындысы мен қант сиропының қоспасы. Мысалы, жалбызтікен сиропы (Sirupus АІthаеае) 2 бөлік жалбызтікен тамырының құрғақ сығындысы мен 98 бөлік қант сиропынан турады.


Инъекцияға (егуге) арналған дәрілік түрлер
Дәрілік заттарды парентеральды енгізу инъекция жолымен жүзеге асады: тері астына, бұлшық етке, күре тамырға, артерия ішіне, субарахнойдальды және т.б.
Инъекция арқылы әртүрлі дәрілік заттарды тері астына - көбінесе сулы ерітінділер; бұлшық етке - сулы және майлы ерітінділер, сондай-ақ суспензиялар; күре тамырға - тек сулы ерітінділер енгізіледі.
Кейбір ерітінділер мен суспензияларды қолданар алдында ерітіп енгізеді. Инъекциялық ерітіндіге еріткіш ретінде көбінесе инъекцияға арналған су, кейбір өсімдік майлары, кейде этил спиртін (33 % дейін) пайдаланады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер (рго injectionibus)
-залалсыздандырылған,
- тұрақты,
-апирогенді (дене қызуын көтермеуі қажет);
-механикалық қоспалардан тазартылған болуы тиіс. Медициналық тәжірибеде инъекцияға арналған дәрілік түрлер фармацевтикалық өндірістерде көбінесе ампулада және флаконда шығарылады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер дәріханаларда сирек дайындалады. Дәріханада инъекцияға арналған ерітінді тығындалып жабылған 5-1000 мл шыны құтыларда шығарылады. Құты этикеткасына «Залалсыздандырылған» деп жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет