Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет27/29
Дата21.12.2023
өлшемі139,04 Kb.
#142186
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология-emirsaba.org

Рецепт үлгісі
500 000 ӘБ бензилпенициллин натрий тұзының (Веzylpenicillinum - natrium) 12 флаконына жазыңыз, 500 000 ӘБ тәулігіне 4 рет бұлшық етке белгілеңіз. Алдын ала құты құрамын 0,5 % 2 мл новокаин еріт. ерітіп, енгізу үшін белгілеңіз.

Rр.: Веzylpenicillini - nаtriі 500 000 ӘБ


D.t.d. N.12
S. Құты құрамын 0,5% 5 мл новокаин ерітіндісімен ерітіп, 500 000 ӘБ тәулігіне 4 рет б/е енгізу үшін.


2. 2,5 % 5 мл гидрокортизон ацетаты (Hydrocortisoni acetas) суспензиясының 6 флаконына жазыңыз. 5 мл аптасына 1 рет зақымдалған буын қуысына енгізу үшін белгілеңіз.


Rр.: Suspensionis Hydrocortisoni acetatis 2,5 % - 5 ml


D.t.d. N.6
S. 5 мл зақымдалған буын қуысына аптасына 1 рет.

3. 5 мл (1 мл-де 40 ӘБ) инсулиннің (Insulinum) 6 флаконына жазыңыз. 0,5 мл (20 ӘБ) күніне 2 рет тері астына енгізу үшін белгілеңіз.


Rр.: Insulini 5 ml (1 мл 40 ӘБ)


D.t.d. N.6
S. 0,5 мл-ден (20 ӘБ) күніне 2 рет тері астына

Дәріхана жағдайында дайындалатын инъекцияға арналған дәрілік түрлерге (көбінесе ерітінділерде) міндетті түрде рецепте дәрілік заттың залалсыздандырылғандығы керсетіледі. Рецепте дәрілік запың атауынан соң Sterillisetur! (Залалсыздандырылсын!) сөзі жазылады. Егер дәрі бірнеше ингредиенттерден тұрса, барлық дәрілік заттардың атауларынан соң, M. Sterillisetur! D.S.көрсетіледі.



Рецепт үлгісі
0,9 % 500 мл залалсыздандырылған изотонды натрий хлоридінің (Solutio Natrii chloride isotonica 0,9 %) изотонды ерітіндісіне жазыңыз. Тері астына тамшылатып енгізу үшін белгілеңіз,

Rр.: Solutio Natrii chloridi isotonica 0,9 % - 500ml


Sterillisetur!
D.S. Тамшылатып енгізу үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет