Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет11/27
Дата03.02.2023
өлшемі412 Kb.
#64929
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Кіріспе Фармакология тарихы Жалпы рецептура Фармакология

Жазылымның толық түрінде:
Рецепт үлгісі
Құрамында 750 000 ӘБ микогептиннің (Mycoheptinum) 1,0 бар, жақпа майының 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.



Rp.: әсер етуші барлық ингредиенттердің (дәрілік заттың) аты, жақпа майдың негізі мен оның мөлшері
M.f unguentum (Misce ut fiat unguentum –жақпа май түзілгенше араластыр)
D.S.

Rp.: Mycoheptini 750000 ӘБ
Vaselini ad 50,0
M.f. unguentum
D.S.Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін.

Линименттер - Linimenta
(Линименттер – Nom.sing. Linimentum, Gen. sing. Linimenti)
Линименттер - қою сұйықтықтар түріндегі біртектес қоспадан тұратын сыртқы тәнге қолдануға арналған дәрілік түр. Негізі сұйық өсімдік, вазелин майы және т.б. заттар болып табылатын сұйық жақпа майлар.
Магистральды линименттер рецепте толық түрінде жазылады. Рецепте
Рецепт үлгісі
20 мл хлороформ (Сhloroformium) мен 40 мл меңдуана майынан (ОІеum Hyoscyami) тұратын линиментке жазыңыз. Зақымдалған буын аймағына жағу үшін белгілеңіз.



Rр.: линименттің ингредиенттерінің атауы, оның мөлшері,
М.f. linimentum (Міsce ut fiat linimentum - Линимент түзілгенше араластыр)
D.S. көрсетіледі.

Rр.: Сhloroformii 20 ml
ОІеі Hyoscyami 40 ml
M.f.linimentum
D.S.Зақымдалған буын аймағына жағуға.

Официнальды линименттер рецепте қысқартылған түрде жазылады.
Рецепт үлгісі
5% синтомицин официнальды линиментінің (Linimentum Synthomycini 5%) 25 мл жазыңыз, Зақымдалған теріге жағу үшін.

Rр.: Linimentum Synthomycini 5% - 25 ml


D.S. Зақымдалған теріге жағу үшін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет