-Жарайды/ жақсы/ жібере алмасаң/ бәрі де содан басталған: мен оған тамағын беріп... / кейін барайын жеріне жіберген болатынмын// -(үнтаспадан көшірме). Ауызекі диалогтің аталмыш полипредикативті ойы еркін біріккен байланыспен құрылу сипатына ие - репликаның бірінші жартысы релятив қызметін атқарып, екіншісімен еркін бірігеді / бәрі де содан басталған»/, оған барлық қалған ойлар келіп қосылады. Мәселен:
-Көп жағдайда өнерге көңіл бөлген болатынбыз/ әрине/ қазіргі өнерге де көзқарасым жаман емес/ өткен ғасырдың жұмыстары... көңіл толтырады/ олар жүрекке жағымды... (үнтаспадан көшірме). Мұндай түрдегі құрылымдардың сипаттық ерекшелігі әдеби тілдің қатқыл жұмбақталған тегінен ерекшеленетін күрделі полипредикативті тұтас бөлшектердің еркін бірігуі болып табылады.
Күрделі ойдың бөлшектері бір-бірімен қабаттасып келеді де, жалпы интонациялық мәнді бүтін бір сөйлем болып бірігеді.
Біздің ойымызша, әлсіз ресімделгендердің қатарына синтаксистік білімді де жатқызуға болады, олар үшін фразаны жүре келе қайта құрастыру сипаты тән. Мысалы:
Мен оның дауысының көтеріңкі екенін ескердім... қалай сөйлейді өзі/ -.(үнтаспадан көшірме). Фразаны жүре келе қайта құрастыру ауызекі диалогтің айқындылығымен, ойдың ашық айтылуымен тығыз байланысты:
- Емтиханды тапсырдық - енді басталды... не болса соны айтады// -.(үнтаспадан көшірме). Ойды айтарлықтай толық жеткізу мақсатында қажетті сөздерді таңдау фразаның синтаксистік жасалуын бұзады.
Әртегіс деп аталатын құрылымдар да әлсіз рәсімделген құрылыстардың қатарына кіреді. Мысалы:
Мен онда көргенмін/ алғашқы қауым адамдарын// (үнтаспадан көшірме) Жоғарыда аталған ойдың негізіне кіретін әртегістілік, ассоциативтілік өзін әлсіз рәсімделген деп есептеуге мүмкіндік береді.
Ауызекі диалогтің айқындылығы синтаксистік сипаты белгісіз әртегіс құрылымдардың жүзеге асу, аспауымен түсіндіріледі.
Бұл мүлдем басқа нәрсеге байланысты/ бірақ мен үшін оның үлкен маңызы бар/ онымен көп нәрсе айтуға болады/ не нәрсе болса да.../ (үнтаспадан көшірме) Ауызекі ойдың әлсіз рәсімділігі көп жағдайда өзінің құрамына әртүрлі қойылмалы құрылым мен білімдердің енуі нәтижесінде туындайды. Мысалы:
- Ақыл айтушылардың ойынша/ әрине егер сіз тіл үйренгіңіз келсе/ әлгі/ сіздің әдебиетке құмар екеніңізді... сондықтан тілші болғаныңыз дұрыс//-(үнтаспадан көшірме). Келтірілген синтаксистік фразаның ішінде түсіндіру қызметін атқаратын қойылмалы құрылым бар болып шықты. Оның пайда болуы ауызекі диалогтің айқындылығы нәтижесінде мүмкін болып отыр және ол айтылған ойдың әлсіз рәсімделуіне әкеп соқтырады.
Қосымшалардың қызметін ойлау кезіндегі үзілістерді көрсететін сөз тіркестері атқарады.
Тыңда/ дұрысы/ әлгі/ біздің үйге барғанымыз.../ -. Әлгі сөзі сөйлеуші ойлаудағы үзілісті толықтырады, айтылатын ойды әлсіз рәсімделуіне саяды. Мәселен:
Сізге бір нәрсе айтсам бола ма? Өтінемін//. Қажеті жоқ/ әйтпесе/ басқа ойлап қалуым мүмкін// (үнтаспадан көшірме). Әлсіз рәсімделген құрылыстардың кездесуі ауызекі диалогтің әр түрлі қасиетімен түсіндіріледі. Сөйлеу кезінде екі немесе одан да көп тұлғаның қатысуы сөйлемді бөлу мүмкіндігімен байланысты. Мысалы:
Бақылау жұмысы орташа ауыртпалықта өтті/ дайындық бөлімдеоқығаным көмектесті/ қосымша курстар болды ма...
Курстар қай институтта болды? -.(үнтаспадан көшірме) Репликаны сөйлеушінің бірі бөлу нәтижесінде әлсіз рәсімделген құрылым - аяқталмаған ой туындайды. Мәселен:
Оны иемденіп алдым/ белбеуді Не/ көне ме? Жоқ/ жаңа... бір құрбымнан/ -(үнтаспадан көшірме). Бұл жағдайда кедергі жасау арқылы бірінші репликаның құрылымын бұзды да, оның құрамына жоқ релятивін кіргізді. Ол келесі диалогтегі сөйлеушінің айтатын ойындағы синтаксистік бірлікті қиындатады.
Әлсіз рәсімделген ой сөйлем ағынында өзді-өзіне кедергі жасаудың әсерінен туындайды: