Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі


ТҮЙІН Диссертация жұмысының тақырыбы



бет39/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
ТҮЙІН
Диссертация жұмысының тақырыбы: Ауыз екі тілдегі диалог және көркем шығарма мәтініндегі диалог
Зерттеу жұмысының көлемі: 99 бет.
Зерттеудің мақсаты: Зерттеудің мақсаты – диалогтің ауызекі сөйлеу түрлері мен көркем шығарма мәтініндегі түрлерінің ұқсастығын, айырмашылығын анықтап, олардың тілдік, тілдесімдік және стилистикалық қасиеттерін сипаттау.
Зерттеудің нысаны: Қазақ тілі диалог табиғаты, түрлері, тілдік және тілдесімдік қасиеттері.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеу жұмысының материалдары мен қорытындылары қазақ тіліндегі тілдесімнің бір үлгісі диалогтің түрлерінің және диалог туралы концепциялардың араларындағы сабақтастықты мәліметтеуде үлкен орын алады. Қазақ тіліндегі тілдесім жайындағы ғылыми ой-пікірлерді толықтырады. Қазақ тіл біліміндегі диалог және оның лексикалық, синтаксистік, стилистикалық сипаттарын зерттеп жазуда көлемді ғылыми дерек қызметін атқарады. Сонымен қатар, ғылыми ізденістің нәтижелерін тілдесімнің басқа үлгілерін зерттеу барысында да пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін, ғылыми тұжырымдарын жоғары оқу орындарында «Қазіргі қазақ әдеби тілі», «Қазақ тілі стилистикасы», «Жалпы тіл білімі» пәндерін оқытуда пайдалануға болады. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстың материалдары қазақ тілі лексикасынан, синтаксисінен, стилистикасынан өтетін арнайы курстарда, арнайы семинарларда, оқулық, оқу құралдарын жазуда, сөздіктерді жасауда пайдалануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет