Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет2/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
утетілуова эльмира

4. ГOCT 7.9 – 95. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Рефераттар ен аннотация. Жалпы талап.
5. ГОСТ 7.32 – 2001. Кітапханалық және баспа ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Ғылыми жұмыс бойынша есеп. Құрылысы мен дұрыс рәсімделуі.
И 1 ИУС № 6-2005 22. 06. 2005
И П ИУС № 5-2002 01. 05. 2002
6. СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
7. СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.


АНЫҚТАМАЛАР
ДИАЛОГ- ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады

МОНОЛОГ- сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді.


ЭПИГРАФ- әдебиетте жеке шығармалар алдынан келтірілген үзінді, өнеге сөздер, не өлең жолдары. Әдетте жазушы айтайын деген ойын аңғарту үшін осындай қысқа қайырма тағылым сөздерді келтіреді.


ЖАҒДАЯТ- бір тілдің немесе бір аумақтық-әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдік формалардың (жергілікті, әлеуметтік диалектілер, койне, жаргон, тілдің функционалды стильдік түрлері) белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасынын жиынтығы


ДАУЫС- адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты.


ИНТОНАЦИЯ - сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс


СЫҢАР ДИАЛОГТЕР - Бұл көркем әдебиетте кездесіп отыратын нәрсе. Олар негізінен өзінен кейін жалғастыруды тілемейді, көбіне біреулерге арналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет