Жағдай сондай/ әрқашанда/ мен тыңдап отырғанда/ әр уақытта ойымды бөледі кейде... (үнтаспадан көшірме). Қыстырма компоненттер өзінің грамматикалық табиғатына сай сөйлем құрылымын құруға қатыспағанымен, жалпы сөйлем мазмұнын әр түрлі мағыналық тұрғыдан толықтырып отырады. Қыстырмаларды басқа сөздерден, сөз тіркесінен, сөйлемнен ерекшелейтін - интонациялық ерекшелік. Талданып отырған драмалық
шығармалар диалогіндегі қыстырма сөздер мен сөйлемдердің жұмсалуында мынадай ерекше көріністерді ауызекі сөйлеу тілінде де байқауға болады. Қыстырма сөздер мен сөйлемдердің кейіпкер тілі қолданысында көбіне эмоциялы болуына байланысты, пікірді дәлелді ету үшін мақал-мәтелді қыстырма ретінде енгізу. Олар:
Пікірді, ойды ерекше ескерту үшін ескертіп қояйын, айтып қояйын дегенқыстырма сөйлемдер енгізіледі.
Айтылған пікірге тірек болатын әсерлілік өң беретін қыстырма сөйлемдер негізгі сөйлемге деп, деген, дегендей, айтпақшы тәрізді көмекші арқылы беріледі.
Айтылып отырған пікірге сенімсіздік көрсете сөйлегенде сірә, ұмытпасам, білсем деген қыстырма сөздер мен сөйлемдер пайдалынады.
Сөйлеу тілі де жиі кездесетін қыстырма сөйлемнің баяндауышы -ып еді ғой, -ған еді ғой формалы өткен шақ етістіктер түрінде оқиғаны, кісіні затты тыңдаушының есіне түсіру мақсатында қолданылады.
«Зат есім – сұраулық шылау» тұлғасында келіп оқиғаны, затты еске түсіру мақсатында жұмсалады.
7. Тыңдаушының айтылған хабар жөнінде мағлұматын анықтау
мақсатында енгізілетін қыстырма сөйлемдер кездеседі.
Кейіпкер тілі диалогінің эмоционалды болуы қыстырма сөйлемдердің көп жұмсалуына байланысты. Мұнда көбінесе реніш, сөгіс, қарғыс, мәнді сөйлемдер қыстырма компонент ретінде қолданыста болады.
8. Қыстырма ретінде жұмсалатын мынадай сөйлемдер кейіпкер тілінде ұшырасады: сен түгіл, сен тұрмақ. Кейіпкер тілі диалогіндегі қыстырма сөздер мен сөйлемдердің пьеса тіліне эмоционалды реңк және бірден-бір ойды, пікірді білдірудің ерекше амалы екеніне көз жеткізуге болады.
Қазақ тіліндегі сөйлемдегі ойға қатысы бола тұра, сөйлем мүшелерімен байланысқа түспей, олардан интонация арқылы бөлектеніп айтылып тұратын сөздер бар. Оларға жоғарыдағы қыстырма сөздермен қатар, одағай және қаратпа сөздерді жатқызамыз. Бұл оқшау сөздер туралы айту себебіміз, бұл тілдік элементтердің тікелей сөйлеу тілінде болған соң, драмалық диалогте атқаратын синтаксистік қызметі өте зор.
Алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау негізінде құралған
сөйлемдер. Мысалы: - Жаңа байқаған жоқсың ба? - Байқағанда қандай (үнтаспадан көшірме). Алдыңғы репликадан қайталанған сөз бен тұрақты компонент
ретіндегі сөзден құралатын сөйлемдер.
- Ал, жүрейік, шешей Қайдағы шешей, өзің орта жасқа келген баласың. (үнтаспадан көшірме) Тіл бірліктерінің жұмсалым үстінде қызметтерінің өзара ауысуы мен өзгеруі байқалады. Сөйлесім мазмұны бірнеше қабаттардан тұрады. Тіл арқылы қатынас жасау, пікірлесу, ой білдірумен қатар екінші кісіден пікір алу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау мақсатына да байланысты болады [57,55].
Жалпы сөйлеу ситуациясы туралы сөз еткенде тілдік категориялар көрініс табатынын ескереміз. Осыған орай, контекст пен ситуация тек интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер үшін емес, сондай-ақ, сөйлемнің басқа да түрлерінің түзілуі үшін, қолданысқа түсу үшін қажет және сөйлем құрылысы, мағынасы жағынан тығыз байланыста болып, аталған контекст, ситуация деңгейінде анықталады.
Ж.А.Жақыповтың қазақ тілінде осы мәселе жайлы жарық көрген «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» атты еңбегінде сөйлем сөйлеудің айырмашылығын ашып көрсетуі мәселесін, контекстің сипатына қарай тұрмыстық контекст, сөйлеу контексті, ситуативтік контекст түрлерін анықтап, сөйлеудің белгілі бір контекст аясында болатындығы жайлы тұжырымдамаларын басшылыққа ала отырып, драмалық диалогтің түзілуінің алғы шарты контекст, ситуация болып табылатын интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің структуралық ерекшеліктерін, семантикасын анықтауда осы контекст пен ситуацияны нысана етіп аламыз [50,13]. Ситуация, коммуникативтік мәнбі процесінде факт, оқиға жағдайымен байланысты мағынада қолданылса, контекст сол тілдік формада көрініс табады.
Сонымен қоса, сұраулы сөйлемде айтушы сұраулық мағынамен қоса өзінің көңіл-күйін, күдігін қоса білдіріп тұрады. Драма тілінде кездесетін осындай лексика-грамматикалық көрсеткіші жоқ, интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы диалог түрлері көптеп кездеседі.
Драмалық диалогті тағы бір синтаксистік көріністерінің бірі –диалогтік сөйлеу процесінің интонация тәсілі арқылы сөйлемдердің сұрақтың басқа түрінен түзіліп, қолданыс жағынан ерекшеленуі.
Сұраулы сөйлемнің тура мағынасында емес, жанама түрде сөйлеуші мақсатын жеткізу себебін құрылымынан, сөйлеу жағдайынан, сөйлеушіден іздеу қажет. Құрылысы жағынан сұраулы сөйлем бола тұра, қоғамда қалыптасқан этикет нормасында сыпайы қарым-қатынасты ұстайтын сұраулы сөйлем түрлері көркем шығарма тіліндегі диалогтердің көбін қамтиды десек артық айтпаған болар едік.
Сонымен, ауызекі сөйлеу диалогінің ерекшеліктері алуан түрлі. Бірақ негізгі ерекшеліктері сөйлемнің түрінен оның қысқартылып айтылуымен стилистикалық реңктің түрімен байланысты.
Ауызекі сөйлеу диалогі болмыстың, күнделікті тұрмыстың қарым-қатынасында орын алады. Бұл табиғи ауызекі сөйлеу диалогі, яғни әдеби интерпретацияға ұшырамаған ауызекі диалог. Ал, көркем мәтіннің драмалық жанрларында жиі кездесетін ауызекі сөйлеу диалогі – радиенация болған диалог. Мұндай диалог нақ табиғи емес, себебі ауызекі сөйлеу диалогі бұл жағдайда драмалық шығарманың заңдылықтарына бағынады. Мысалы: нақ табиғи ауызекі сөйлеу диалогінде көңіл-күй, экспрессия т.б. просодиялық көрсеткіштер көбінесе экстралингвистикалық факторлармен бейнеленеді. Яғни драмадағы ауызекі сөйлеу диалогі төмендегідей жасанды (кітаби тілде қолданылуға қолайсыз сөздер түсіріліп кетеді); нақ (табиғи) ауызекі сөйлеу диалогтің көшірме нұсқасы, суреті.
Ауызекі сөйлеу диалогінің грамматикалық ерекшеліктері алуан түрлі. Диалогтің бұл түрінің негізгі көрсеткіштері – синтаксистік және сөзжасамдық. Синтаксистік ерекшеліктері – басым. Синтаксистік ерекшеліктерінің басты көрсеткіші – сөйлемнің толымсыз болуы, сондықтан да – сөйлемнің қысқалығы.