Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күн)
Бұл жұмбақтағы ақ сандық - «күннін көзі». Жарық күнді іші-сырты жарқыраған ақ «қаңылтырмен қаптаған» «ақ сандыққа» ұқсату, одан шашылған жібекті -күннің нұрына балау - логикалық жүйеге сәйкес келетін уәжділік деп қарауға болады.
Айдалада ақ отау, Аузы мұрны жоқ отау. (Жүмыртқа)
Шынында да, жұмыртқа алыстан қарағанда домалақ болып көрінетін ақ түсті отау үйге ұқсайтыны белгілі, бірақ отаудың жұмыртқаға ұқсамайтын бір жері - оның кіріп-шығатын есігі, жарық түсетін, түтін шығатын шаңырақ, түндігі бар. Сондықтан да жұмбақ «аузы - мұрны жоқ отау» деп ескеретіп отыр. Тірек сөз - «ақ отау, оның жұмбақталған баламасы- «жұмыртқа».
Дипломдық жұмыста осы мәселе тәрізді көптеген жұмбақтарға этнолингвистикалык талдау берілді.
«Ақ» және «қара» атаулары қатыскан тіркестердің тақырыптық топтары. Түр-түс атауларының жиі қолданылатын, мазмұны да мәнді түрлерінің бірі - «ақ» және «қара» атауларының тілдегі қолданыс аясын, табиғат, қоғам өмірінің кай көрініснде көбірек кездесетіндігін анықтау үшін біз оларды «Адам», «Қоғам», «Табиғат» аталатын үш салаға жіктеп қарастырдық. Этнолингвистикалық зерттеудің бұл тәсілін ұсынған академик Ә.Қайдардың пікірі бойынша [ Қазақ этнолингвистикасы // Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998, 8-29 бб.] жұмыс нысанына қатысты тілдік деректерді мүмкін болғанынша түгел қамтудың бірден-бір дұрыс жолы - осы үш сала бойынша жіктеп қарастыру. Өйткені 30 макротоптан және 70 шақты микротоптан тұратын бұл сала түр - түске қатысты әлемнің баршасын түгел қамтиды.
Қазақ тілінің когнитивтік кеңістігінде «адам» концепті сөз тіркестері, фразеологизмдер, антропонимдер, топонимдер сияқты әр түрлі тілдік бір-ліктер арқылы беріледі. Солардың ішінде «адам» концептін көріністеуде «ақ» — «қара» тілдік бірліктерінің алатын орны зор. Олар арқылы берілетін «адам» макроконцепті адамның жеке басына, сыртқы келбетіне қатысты оппозициялық микроконцсптілерді құрайды. «Ақ» — «қара» концептілері бағалауыштық қасиетке ие.
Сұлулық — көріксіздік оппозициялық ұғымдары - адамның сыртқы бейнесіне, түр-әлпетіне байланысты қалыптасқан эстетикалық концептілер. «Ақ» лексикалық бірлігі «сұлулық» концептін кескіндеу арқылы «көріксіздік» концептін кескіндейтін «қара» атауымен оппозиция кұрайды. Алдымен, «сұлулық» концептінің семантикалық өрісін құрып алайық.
«Сұлулық» концептіні семантикалық өрісі: әдемі; көрікті; көркем; тартымды; ажарлы; сүйкімді; айдай сұлу; бидай өңді; айдай таза; күндей нұрлы; ай десе — аузы, күн десе — көзі бар; айдай аузы, күндей көзі бар; үріп ауызға салғандай; көргеннің көзі тойғандай; аса сұлу; адамнан асқан сұлу; хор қызындай; көз сүріну; жаңа туған айдай; қараса көз тоймау; келбетті; алтын асықтай; киіктің асығындай; сағағынан үзілген; қырмызыдай ажарлы; сүмбідей әдемі; ай қабақ, алтын кірпік, жүзіктің көзінен өткендей; ай мен күндей, әмбеге бірдей; аршыған жұмыртқадай; бетінен қаны тамған; кескіні келісті; ақ дидар; ақша жүз; ақ құба; ақ тамақ; ақ маңдай; ақ, білек, т.б. «Сұлулық» концептіне байланысты семантикалық өріске қатысып тұрған оралымдардың ішінен зерттеуімізге қатыстылары — ақ дидар; ақша жүз; ақ құба; ак, тамақ; ақ маңдай; ақ білек тіркестері. Қазақ - әдемілікті, сұлулыкты сүйген, ардақтаған, аса жоғары бағалаған халық. Қыздардың тән сұлулығын ғана емес, жанының да сұлу болғандығын және осылардың өзара үйлесімін қалаған. Соған қатысты қыздарға тән әдемілік әр түрлі тілдік бірліктер арқылы тілімізде қалыптасып, орныққан.
Сұлулық концепті, соның ішінде, әсіресе әйел сұлулығына байланыстысы қазақ халхының дүниетанымын байқататын, оның өмірге көзқарасын анықтайтын ең қомақты да салмақты үғымдардың бірі болып табылады. Әйел адамның сұлулык қасиеті дүниедегі толып жатқан заттармен, құбылыстармен ассоциацияланып, сонын нәтижесінде сұлулық ұғымы нақтыланып, көркем әйелдің көрікті суреті жасалады. Ол қазақ ұғымындағы әсемдік әлемінің шамшырағы іспетті.
Ғалым Б.Қалиев: «Сөз мағынасы таным кағидасымен (теориясымен) тікелей байланысты. Адам затты, құбылысты қаншалықты жақсы таныса, сол затты, құбылысты белгілейтін сөздердің мағыналарын соншалықты анық, айқын біледі», — деп сөз мағынасын таныммен байланыстырады. Халық дүниетанымында әйел адамның сұлулығы да әдемілігі, сұлулығы жөнінен әбден сыннан өткен, әр қырынан танылған заттармен, кұбылыстармен ассоциацияланады. Нәтижесінде сұлулық қазақ ұғымындағы ең қасиетті нәрселерге теңеліп, ең, сүйкімді нәрселермен салыстырылады. Осындай ассоциациялық қабылдау негізінде қалыптасқан халық ұғымындағы сұлулықтың ең басты көрсеткіштерінің бірі — ақ түс. Себебі ақ — қазақ үғымындағы ең қасиетті, ең ардақты, ең сүйкімді, ең жұмсақ түстердің бірі. Сондықтан халқымыз қыз бетәлпетінін ақтырын сұлулықтың нышаны деп қабылдаған. Осыдан келіп ақ дидар; ақша жүз; ақ құба; ақ тамақ; ақ маңдай; ақ білек тіркестері қалыптасқан. Сұлулық концептін кескіндейтін «ақ» тілдік бірлігі әйел табиғатының бет-бейнесін, түр-әлпетін сипаттауға негіз болған. Мысалы, «Өңкей бір аққұба азанда жауған ақша қар секілді сұлу қыздардан қыз сүрінеді» (О. Бөкей).
Қазақ теңеулерін арнайы зерттеген ғалым Т.Қоңыров: «Ақ түсті сұлулар қазақ ұғымына етене жақын нәрселерге ақ түсті аңдар мен құстарға, ақ түсті та-биғат құбылыстары мен заттарға теңелген. Осының нәтижесінде оқырман көз алдынан ақ түсті заттар мен құбылыстар тізбектеліп өтіп жатады да, теңеулерге образ болып қолданылып, әйел сұлулығын жасауда ең қажетті бояуға айналады. Біздің көз алдымызға сұлу қыздың, ару келіншектің, жүрекке жылы тиіп, көңілді өсіретін жанды суреті, ақ бояумен өрнектелген бейнесі келеді. Жалпы, ақ бояу арқылы өрнектелген сұлулық мінсіз әдеміліктің шыны суреті болып есептеледі», — деп, «ақ тілдік бірлігіне әдемілік концептін кұрудағы маңыздылығын көрсетеді.
Бұл тілдік бірліктерде әйел адамының сұлулығы өздерінің әдемілігі жөнінен халықтың сан ғасырлық тәжірибесі арқылы жинақталған аялық білім негізінде сыннан өткен ақ түсті заттар мен құстарға, ақ түсті аңдар мен табиғат кұбылыстарына теңелген. Ақ марал, ақсұңкар, аққу, көгершін — қазақ ұғымында қасиетті ұғымдар. Сондықтан қазақ халқы ақ түсті әйел сұлулығын «керілген ақ маралға», «ақ сұңқарға», «аққудың көгілдіріне», «айдын көлге шомылып шыққан аққуға», «ақ қанатты көкаршынға», «аршыған жұмыртқаға», «наурыздық ақшақарын», «атқан таңға», «аппақ нұрға» т.б. теңейді. Халық дүниетанымында тәжірибе негізінде жоғарыдағыдай ақ түстерге қатысты аялық білім жинақталған. Тілдік бірліктер осы аялық білім негізінде «сүлулық» концептін құрайды.