«Қара» лексикалық атауы көз, қас, шаш соматикалық атауларымен тіркесіп, әдеміліктің эталоны ретінде жұмсалады. Алайда «қара» концепті үнемі жағымды мағынада жұмсала бермейді, ол жағымсыз мәндегі концепт жасауға да қатысады, Ол сұлулық, әдемілік концептіне қарама-қарсы оппозиция болатын көріксіздік концептін жасауға қатысады.
«Көріксіздік» концептінің семантикалык өрісі: ұсқынсыз, көзге қораш көріну, үрген шардай, беті безеудей, аузы апандай, жалмауыз кемпірдей, местей, мыртық, домбал, добал, денесі бөлек, салақ, мұрны қоңкиған, ерні дүрдиген, мандайын ат тепкендей, кем иек, пұшық мұрын, танауы делдиген, түр дейтін түрі жоқ, тұрпайы, қожбан қара, қара аюдай қорбиған, қатпа қара, қара өгіздей, қара қотыр бет, қара қожыр, қарала-торала, қаратүндей, көмір кқра, сіріңке қара, т.б. Семантикалық өрістен біздің тақырыбымызға қатыстылары қожбан қара, қара аюдай қорбиған, қатпа қара, қара өгіздей, қара қотыр бет, қара қожыр, қарала-торала, қара түндей, көмір қара, сіріңке қара, қап-қара тіркестері. Бұл тіркестер жалпы көріксіздік концепты құрады. Аталмыш концептіні құруға негіз болып отырған - «қара» лексикалық бірлігі. Мысалы, «Өзінің түрі анау қап-қара, бұжыр-бужыр» (С.Адамбеков). «Көріксіздік» концептінің семантикалык өрісін қүруға қатысқан сіріңке кара, қара аюдай қорбиған, қара өгіздей тіркестері адамның сыртқы пішінінің көріксіздігін эмоционалды-экспрессивтік мән бере отырып, бейнелі түрде кескіндейді. Ал қожбан қара, қара қотыр бет, қара кожыр, қарала-торала тілдік бірліктері адам бетінің таза еместігіне, қара түмдей, қатпа қара, көмір қара тілік құралдары адамның түр-әлпетінің түсіне негізделе отырып «көріксіздік» концептін құрып отыр.
Қара аюдай қорбиған деп семіз, ебедейсіз, жұмысқа икемі жоқ, көріксіз адамды айтады. Теңеуде адам аюға, ақ аюға емес, қара аюға теңелу арқылы көріксіздік концептін құрьш түр.
Қатпа қара адамның түр-әлпетіне байланысты жағымсыз мағынада жұмсалады. Сіріңке қара -арық, қатпа қара деген мағынаны білдіреді. Мысалы, «Даусы шыңылдап шығатын сіріңке қара осылай әмір берді де, ат үстінде қалшиып қатып қалды» (Қазақ әдебиеті).
«Ақ» пен «қара» тілдік бірліктері «әдемілік» -«көріксіздік» концептілерін кұруда бірде адамның түр-әлпетіне негізделсе, бірде адамның сыртқы пішініне негізделеді.
Тілімізде адам жасына қатысты «жастық» - «кәрілік» концептілері «ақ» — «қара» тілдік бірліктері арқылы көрінеді. «Ақ» лексикалык бірлігі кәрілік концептін бейнелейді. Э.В. Севортян «аға» мен «әке» туыстық атауларының негізі ак — ок (қартаю) етістігінен өрбіген деген пікір айтады. Егер «ақ» түбірініц көне түркі тілінде «қартаю» синкреттік мағынасы болса, онда тілек мағынасындағы «қосағыңмен қоса ағар» тіркесі құрамындағы «ағар» сөзі де жоғарыдағы «ақ» түбірімен төркіндес болуы мүмкін . Мысалы, «Ал Еріктің жары Айнаға Кап тауын асып кетсе де бәрібір, күйеуі қайда — бұл сонда, қосағымен қоса ағарудан өзге арман да, мақсат та жоқ» (О. Бөкей). «Ақ» — «қара» тілдік бірліктері «сақал»сөзімен тіркесу арқылы «жастық» — «кәрілік» оппозиция;) ық концептілерін құрады. Мысалы, «Ауылдың ақ сақал-қара сақалдары түгел жиналыпты» (Қазақ әдебиеті). Мысалдағы ақ сакал — қара сақал тілдік бірліктері ауылдың жастары да, кәрілері де жиналыпты деген мағынаны білдіреді. Кәріліктің «ақ тілдік бірлігі арқылы объективтенуІ қартайғанда шаштың, сақалдың ағаруына байланысты. Мысалы, ақ шаш, шашына ақтүсу, самайы ағару. Ал қара шаш тілдік бірлігі жастықты, қайраттылықты сипаттайды. Сонымен қатар адамның балалық шағы қара борбай, қара сирақ тілдік бірліктері арқылы көріністенеді. Мысалы, «Біреулер құм илеп, біреулер тас уатып, күйген қыш жонып, су тасып, кесек күйдіруге от жағып, оның үстіне қара май құйып, қойшы әйтеуір, кішкентай қара борбай балаларға дейін тоғай ішінен шөптер теріп кетті» (С. Лчамбекок).
«Ақ» тілдік бірлігінін кәрілік» концептін беруі әмбебаптылық сипатқа ие. Д.Заан Африкада қартайған адамдар денесін аққа бояйтынын айтады. Бұл енді олар өмір қиындықтарына,өлім қиналысына көңіл аудармаулары тиіс екендігін символдайды. «Ақ» арқылы жаңа туылған сәби де бейнеленеді. Хал-қымыз жаңатуылған сәбиді періште деп, ақбөпе. ақ сәби, ол жататын бесікті ақ бесік деп ардақтайды. Адамның дүниеге келу шағы мен дүниеден өтетін «кәрілік» шағының «ақ» арқылы бейнеленетінін Д.Заан арнайы атап көрсетеді.
Тіліміздегі «ақсақал» тілдік бірлігі. бір жағынан, «кәрілік» концептін сипаттаса, екінші жағынан, «қадірлілік», «ақылдылық», «кұрмсттеу» концептілерін білліреді. «Ақсақал» тілдік бірлігінің «қадірлілік», «ақылдылық», «құрметтілік» концептілеріне ие болуы түркі халықтарына ғана тән идиоэтникалык ерекшелік. «Ақсақал» тілдік бірлігінің бұл концептілерді иеленуі халық тарихымен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Ертеде ауылды, елді ақсақалдар басқаратын болған. «Ақсакал» тілдік бірлігінің «қадірлілік», «ақылдылық», «құрметтілік» концептіне ие болуы осындай тарихи жағдайға байланысты болса керек.