Контрастивті жүйеге енген «ақ» және «қара» атауларының тура мағынасында қалыптасқан жұп тіркестері. Қазақ тілінде контрастивті жүйеге өз мағынасында тұрып енген жұп тіркестер өте көп кездеседі және қолданыс аясы мен нысанды негіздері өте кең. Оның басты себебі: контрастивті жұптың екі сыңары да ортақ нысанға өзінің «ақ» не «қара»мағынасында бірдей қатыстылығына байланысты. Мысалы: ақ ауыз тіркестерінде «ақ» және «қара» атаулары екі түрлі хайуанның аузының «ақ» және «қара» түр - түсін тура езінің номинативті мағынасында көрсетіп тұр. Ал біздің жинақтаған материалдарымызда: ақ ауыз - «ылғи қуанышты, жаңалық хабар білдіруге икемді адамға» қатысты, қара уыз - «ылғи жағымсыз хабарды, өсек-аянды тоғытатын адамға» қатысты қарама – қарсы мағыналарды білдіретін жұптарда кездеседі. Бірақ бұл түр-түс атауларының ауыспалы мағынасынан туындаған жұптарға жатады.
Осы ерекшеліктеріне байланысты топтастырылған контрастивті жұп тіркестердің әр түрлі саладан 30-ға жуығы диссертацияда қарастырылып мағыналарына талдау жасалады. Олар: Ақ Ертіс >< Қара Ертіс, ақ киік >< қара киік, ақ аю >< қара аю, ақ жалау >< қара жалау, ақ от >< қара от.
Бұл жұптардың бәрінде де «ақ» және «қара» атауларының түр-түс мағыналық элементі сақталған .
Контрстивті жүйеге енген «ақ» және «қара» атауларының ауыспалы мағыналары арқылы қалыптасқан жұп тіркестер. Ортақ нысанға қатысты «ақ» және «қара» атауларының жұп тіркестері кейде олардың біреуі не екеуі бірдей ауыспалы мағынасында қолданылуы арқылы қалыптасады. Мұндай жағдайда түр-түстік ұғым-түсінік көлеңкеленіп, мүлде көрінбей қалуы, тіпті жоғалап кетуі де мүмкін. Бірақ кей жағдайда ондай жұп тіркестердің ауыспалы мағынасымен қатар тілде негізгі лексикалық мағынасы сақталуы да мүмкін. Мысалы: ақ танк><қара таяқ деген жұп тіркесті алып, талдап көрейік. «Ақ таяқ» - ата-баба кәсібінің (мал бағудың) символы, оның қасиетті, киелі «белгісі» деген мағынанада, «қара таяқ» - 1) «оқымаған, хат танымайтын сауатсыз адам» 2) «ұр да жық азбыр» мағыналарында қолданылып тұр. Бұл жұп тіркесте «ақ», «қара» » деген үғымдар жоқ болса да, олар бір нысанға (таяққа) қатысты контрастивті жұп құрап тұр. Ал, енді осы тіркестердің екінші бір вариант: ақ таяқ («ащы етіме ақ таяқ тиді» дегенде ол «ақ» түсті таяқты және қара таяқ (мысалы: оның қолында әдемі қара таяқ бар)) дегендегі қара түсті қара таяқты білдіріп тұр.
Демек, кейде «ақ» және «қара» өзінің номинативті мағыналарымен қатар ауыспалы мағыналары арқылы да бір нысанға қатысты екі түрлі мағыналық топқа бірдей жататынын көреміз. Бұл түр-түс атауларының ауыспалы мағыналары арқылы қалыптасқан жұп тұркестерде де тілде де өте көп кездеседі. Олар дипломдық жұмыста талданып, жасау мотивтері, мағыналары деректер негізінде айқындалды. Мысалы: ақ үй >< қара үй, ақ бет>< қара бет, ақ тұяқ қара құлақ, ақ адам >< қара адам, ақ пейіл қара пейіл, ақ жаңбыр >< қара жаңбыр, ақ балта >< қара болта, ақ бақыр >< қара бақыр, ақ жорға >< қара жорға, ақ құдық >< қара құдық т.б. Бұл тәрізді контрастивті жұп тіркестер қаншама болса, олардың тікелей қатысты нысандары да соншама көп. Демек бұл тәрізді жұп тіркестерді түсіну де және олардың қалыптасу мотивтері ғылыми тұрғыдан түсіндіру де ұлттық салт-дәстүр, әдет - ғұрыпты терең білуі талап етеді. Мәселен, ақ табан >< қара табан контрастивтік жұптардьң мәнін түсіндіру үшін олардың қарапайым мағынасын ғана емес, сонымен қатар ауыспалы мағьнасын да білуіміз қажет. Ол жұптың біреуі тарихи оқиғаға байланысты қалыптасқан «ақ табан шұбырынды» деген тұрақты тіркестегі «ақ табанның» (басқа мағыналарының ішінен) өзіндік мағынасын (1723ж. Жоңғар шапқыншылығына байланысты қазақ халқын басып, өз мекендерін тастап, шаң- топырақ болып, табанынан тозып, тентіреп кету оқиғасын) дәл айқындап білуге байланысты болса, оған жұп болып түрған қара табан тіркесінің «еңбегін сатып, күн көрген жарлы-жалшы, кедей бейнесін сипаттауын аңғарған жөн.
Демек, контрастивті жүйеге енген ауыспалы мағыналағы жұп тіркестердің баршасы бір - біріне түр-түс мағынасы түрғысынан қарама-қарсы болуы міндетті емес.
Түр-түс әлеміне тән белгілі атаулар мен солардан туындап, өрбіп дамыған, тіл қолданысында тұрақтанып, пайдалануға дайын тұрған және толастамай жаңа түрлерімен толығып жатқан тұрақты тіркестері (фразеологизмдер, теңеу - салыстыру модельдері, жұмбак, мақал-мәтел т.б.) тіліміздің ең бір құнарлы саласы мен көркемсөз қорының бейнелі де әсерлі байлығын құрайды. Сол байлықтың бел ортасынан біз «ақ» және «қара» түр-түс атауларының қатысуымен жасалып, қалыптасқан сан алуан тіркестерді көреміз.
Олардың этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру деген сөз - ең алдымен тілдегі реалды (шынайы) әрі байырғы құбылыс екенін танып- білу, мойындау. Ал, оны «ақ» және «қара» түр-түс атауларының мағына шеңберін, қолданыс аясын, тақырыптық топтарға жіктелуін, басқа тілдерге аударылуын т.б. ерекшеліктерін айқындау арқылы дәлелдеуге болады.