Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет101/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   163
СИПУНКУЛИДТЕР КЛАСЫ - SIPUNCUUDA
Теңіздерде, су түбін қазып немесе бос құбырларда, өзге жануарлардың қабыршағында тіршілік ететін құрт тәрізді жануарлар. Бұлар эхиуридтер тәрізді сегменттелмеген, целомды жануарлар. Денесінің алдыңғы бөлігі ішке қарай тартыла алатын тұмсыққа айналған, оның ұшында қысқа қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі орналасқан. Денесінің арқа жағында, тұмсықтың біршама артында аналь тесігі ашылады.
Сипункулидтер барлық теңіздерде кездеседі. 250 түрі бар. Олардың орташа мөлшері бірнеше сантиметр, ең ірілері 51 см-ге жетеді (Siphonomecus multicinctus).
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі тұмсық пен кеудеге бөлінген. Төрт бұлшықет - ретракторларының көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің ішіне қарай тартылады. Целом сұйықтығының қысымы және денесінің сақина тәрізді бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесінде тұмсығы сыртқа созылып шығады. Тығыз кутикуланың астында бір қабатты көп клеткалы бездері бар эпителий орналасқан. Тері-бұлшықет қапшығы сыртқы сақина тәрізді, ортаңғы қиғаш, ішкі ұзына бойы созылған бұлшықеттерден тұрады, одан тереңіректе целом қуысын астарлаған перитонеальды эпителий бар.
Ac қорыту жүйесі - эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектер, оның ұзындығы денесінен екі есе артық. Тұмсығының ұшында орналасқан ауыз тесігі жұтқыншаққа, одан ішекке жалғасады, ол толқын тәрізді иірімдер жасап артқа қарай бағытталып, денесінің соңғы бөліміне жеткесін тура осындай иірімді жолмен кері қайтады. Ішек өзін ұстап тұратын ерекше байламының төңірегінде оралып жатады. Аналь тесігі тұмсықтың арқа жағында ашылады.
Сипункулидтер теңіз лайын жұтып, одан органикалық қалдықтарын бөліп алады.
Зәр шығару жүйесі 1-3-ке дейін жететін нефромиксиялар. Олар дененің алдыңғы үштен бір бөлігінде кеңейген ұшымен целом қуысына, жіңішке жағымен сыртқа ашылады. Нефромиксиялар несеп заттарын шығарумен қатар негізгі қызметі - жыныс клеткаларын шығару.
Тыныс алу жүйесі дамымаған, бүкіл денесі арқылы тыныс алады.
Қан айналу жүйёсі - лакуналар, синустар және целом қуысы. Синус, лакуналар ішектің қабырғасында саңылаулар түрінде кездеседі және оның сұйықтығында тек амебоидты клеткалары болады. Целом қуысының сұйықтығы қызғылт түсті, ішінде әр түрлі клеткалар жүзіп жүреді. Алдымен амебоидты, содан кейін ішіне қарай қабыстырылған домалақ қызғылт түсті клеткалар. Бұлардың түсі - құрамыңда темірлі заты бар, гемоглобинге ұқсас гемиәритриннің болуына байланысты. Сондықтан бұл клеткаларды омыртқалылардың қызыл қан түйіршіктеріне теңестіруге болады.
Целомның құрамында екі клеткадан тұратын денешіктер болады. Олардың бір клеткасы мөлдір күмбез тәрізді, екіншісі оған жабыса орналасқан шұңғыл тәрелке сияқты, көптеген ұсақ кірпікшелермен қапталған. Осы кірпікшелері арқылы олар сұйықтықта шапшаң қозғалып жүреді. Кірпікшелі клеткалар целомға жабысқақ затты бөліп шығарады, ал оған, бойына зат алмасудың соңғы қалдықтарын жинап алған сары түсті дәндер және амебоидты клеткалар жабысып, сары дене түрінде нефридия арқылы сыртқа шығарылады.
Денешіктерден басқа целомда 2-ден - 64-ке дейін көпбұрышты клеткалардан құралған мөлдір сопақша табақшалар жүзіп жүреді. Олар бұласыр (пластырь) сияқты ішектің жарақаттанған жеріне барып жабысады. Бұларды амебоцит клеткалары тасымалдайды. Ақырында, целомда жетілген жыныс клеткалары да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет