Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет138/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   163
ПАУРОПОДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - PAUROPODA

350-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1 -2 мм, өте ұсақ көпаяқтылар. Денесі 10 сегментті, жақсы дамыған 9 жұп жүру аяқтары бар, Соңғы сегменті аяқсыз. Мұртшасының (антеннасының) ұшы үш тармақты, ауыз аппараты екі жұп жақ тақтасынан тұрады: үстіңгі жақ - мандибула және жұпсыз гнатохилярий (бірігіп кеткен төменгі жақ). Бас бөлімінен кейінгі "мойын" сегменті - ол максилла II. Пауроподалардың денесі жұмсақ хитинді кутикуламен қапталынған, тыныс мүшесі дамымай, бүкіл денесімен тыныс алады. Тұлға бөлімінің арқа жағында, бүйірлерінде 5 жұп ұзын сезгіш қылтанаяқтары бар. Даму жолы анаморфоз. Жұмыртқаларын топыраққа топтастырып салады, 12-14 күннен кейін алты аяқты личинкалары шығады. Даму кезеңі 3-4 ай.


Пауроподалар ылғалды жерлерде кең тараған, көбінесе шіріген өсімдік қалдықтарының арасында, топырақта, жапырақтардың астында, шіріген ағаштардың ішінде. Ұсақ кенелерді және детритті қорек етеді. Негізгі туыстары: Pauropus, Eurypauropus. Pauropus туысының өкілдері ұзындау, жылдам қозғалады, ал Eurypauropus жалпақтау, өте жай қозғалады. Негізгі өкілі Pauropus silvaticus, ұзындығы 1 мм. Еуропада кең тараған .


ЕРІНАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CHILOPODA

3000-ға жуық түрі бар, ұзындығы 23 см-ге дейін ірі көпаяқтылар. Денесі дорзовентральді бағытта жалпайып ұзарған. Мұртшалары (антенналары) жіп тәрізді, ұзын, көпбуынды. Мұртшаларының түбінде қарапайым көзшелер шоғырланған, кейбіреулерінде көздері жоқ. Ауыз аппараты үстіңгі жақ - мандибуладан және екі жұп астыңғы жақтан (максилла I, максилла II) құрылған. Тұлға бөлімінің бірінші жұп аяқтары ауызаяғына айналған (класс тармағының аты да осыдан), оларды жақаяқтары деп те атайды. Жақаяқтары алты буынды болып, ұштары сүйірленіп, өткір тырнаққа айналған. Бұлардың негізгі буыны өзінің жұбымен түйісіп тақтаны құрайды, олардың алдыңғы жағында тістері бар. Жақаяқтарының тырнақ ұшына улы бездерінің өзектері ашылған.


Тұлға бөлімі сегменттелген, әрбір сегментінде жұп жүргіш аяқтары бар. Соңғы жұп аяқтары басқасынан ұзын, артқа қарай бағытталып дәм сезу, иіс сезу, қорғаныш, ұстағыш қызметін атқарады. Соңғы жұп аяқтың түбінде орналасқан коксальды бездері өрмек жіпті бөледі, оны жемтігін орау үшін қолданады, ал ұрықтанғанда оған сперматофораларын салады. Даму жолы анаморфоз. Көбінесе тропикалық және субтропикалық елдерде тараған, түнде белсенді өмір сүретін жыртқыштар, топырақта, ағаштардың, жапырақтардың, тастардың астында тығылып жатады.
Ерінаяқтылар класс тармағы төрт отрядқа бөлінеді: геофилалар - Geophilo-morpha, сколопендралар - Scolopendromorpha, костянкалар - Lithobiomorpha, скутигералар - Scutigeromorpha.
Геофилалар топырақтың әр түрлі жарықшақтарында, қуыстарында мекендейді, сондықтан денелері ұзын, жіңішке, лента тәрізді. Жүру аяқтарының саны 31-ден 177-ге дейін. Мұртшаларының буыны - 14, көздері жоқ, соңғы жұп аяқтары құрылысымен, атқаратын қызметімен мұртшаларға ұқсас. Геофилалар жыртқыштар, насекомдармен қоректенеді, кейде жауын құртына шабуыл жасайды. Өсімдік қоректілері де бар. Ұрықтану кезінде аталықтары топырақтың жарықшақтарына өрмек жіптерін керіп, соған сперматофораларын жапсырады. Аналықтары гоноподия аяқтарымен сперматофораларды іліп алып, жыныс тесігіне енгізіп, жұмыртқаларын ұрықтандырады. Шығарған жұмыртқаларын денесімен орап алып, ұрықтары шыққанша қоректенбей жатады. Негізгі өкілдері: Escaryus retusidens, Pachymerium ferrugineum, Mixophilus indicus. Орталық Азияда геофилалардың ұсақ (3-4 см-ге дейін) түрлері жиі кездеседі (Geophilus туысынан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет