ҚАРМАЛАУЫШТАР (TENTEKULATA) ТИПІНЕ ҚОСЫМША КЛАСС ІШҚЫЛАУЛАТҚЫШТЫЛАР (ЕНТОПРОКТАРЛАР) КЛАСЫ - ENTOPROСTA НЕМЕСЕ KAMPTOZOA Негізінде теңіздерде, тіркеліп тіршілік ететін, 60 қа жуық түрі бар, шағын топты құрайтын жануарлар. Жақын араға дейін бұлар мшанкалар – bryozoa класына жатқызылып келген, ішқылаулатқыш мшанкалар деп аталған. Қазіргі авторлар бұл топтың жүйедегі орны анық емес деп есептейді. Сондықтан да бұларды әзірше қармалаушылар – TENTEKULATA типіне қосымша класс ретінде кіргізіп отыр.
Entoproсta – ұсақ жануарлар, ұзындығы 1 мм ден аспайды. Денесі тостағанша тәрізді, мұнда барлық мүшелері орналасқан, бір жақ полюсінде тербелмелі қармалаушылардың шоғыры аузын және аналь тесігін (қылаулатқышын) қоршап тұрса, екінші полюсі қысқарып, жиырылып тұратын сабақшаға (талшыққа) жалғасқан, оның ұзына бойында ұзынша бұлшық еттері бар.
Ас қорыту жүйесі таға тәрізді, ауыз тесігі өңеш және көлемді қарынға жалғасады, одан артқы ішегі жоғары қарай бағытталып, қармалауыштар шоғырының ішкі жағында аналь тесігімен (қылаулатқышпен) бітеді (кластың ішқылаулатқыштылар деп аталатыны да осыдан). Ауызбен қылаулатқыштың арасында нерв түйіні орналасқан. Жұп протонефридилері бар. Тыныс алу және қан айналу жүйелері дамымаған.
ENTOPROСTA – лар не дара жыныстылар, не гермофродиттер, жұп жыныс бездері қапшық тәрізді. Нағыз целомы жоқ, ішкі мүшелерінің арасы паренхимамен толған. ENTOPROKTA-лар жынысты және жыныссыз жолмен – бүршіктену арқылы да көбейеді. Денесінде пайда болатын бүршіктер көпшілік жағдайда аналығынан үзілмей, бірте – бірте ENTOPROKTA-лар колония құрайды. LOXOSOMA туысының өкілдеріколония құрмайды, олардың бүршігі аналық денеден бөлініп өз бетінше тіршілік етуге көшеді. Жынысты жолмен көбеюде, бұрандалы түрде бөлшектенудің нәтижесінде кірпікшелері және айдары бар личинкасы пайда болады,олар мшанкалардың личинкаларына ұқсас,екінші жағынан личинкатрохофораға да ұқсас.Личинканың мезодермасы 4d бластомерадан құралады.Негізгі туыстар: Pedicellina.Loxosoma,Urnatella. Соңғы туысының өкілдері Солтүстік Американың тұщы суларында кездеседі.