Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет20/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   163
МИКРОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - MICROSPOmDIA
Бұл типке 300-ге жуық түрлер жатады. Олар клетканың ішінде тіршілік ететін паразиттер. Көпшілігі насекомдардың және басқа омыртқасыз жануарлардың паразиті, аз ғана түрі балықтарда кездеседі.
Микроспоридиялар типіне бір отряд жатады: микроспоридия - Microsporidia отряды. Мөлшері 4-6 мкм, өте сирек 10 мкм-ліктері де кездеседі.
Микроспоридиялардың спорасы бір клеткалы қатты қабықшамен қапталынған, ішінде бір ядролы немесе екі ядролы ұрық - спороплазма және бұранда сияқталып оралған атқыш жіпшесі орналасқан. Спора өз иесіне түскеннен кейін атпа жіпшесі атылып, ішектің эпителиіне енеді. Жіпшенің ұзындығы спораның ұзындығынан он есе немесе одан да көп ұзын болады.
Жіпшемен бірге спорадан амеба тәрізді ұрық - спороплазма да шығады. Спороплазманың спорадан шығу әдісі әлі толық зерттелмеген. Кейбір зерттеушілер спо­роплазма жіпшенің ұшына жабысып тұрады деп есептейді, ал басқа зертгеушілердің айтуы бойынша жіпше түтікше тәрізді, спороплазма сол түтікше арқылы шығады.
Иесінің клеткасына түскен ұрық - спороплазма тез көбейе бастайды, соның нәтижесінде тізбек сияқты тізіліп көп ядролы плазмодиялар пайда болады. Соңында бір клеткалы споралар құралады .
Микроспоридиялардың спораларында атпа жіпшелерінің болуына байланысты бұларды миксоспоридиялармен бірге книдоспоридия типіне жатқызған. Бірақ кейін электронды микроскоппен зерттеу нәтижесінде бұл белгі тек сыртқы ұқсастық екені анықталды.
Микроспоридиялардың миксоспоридиялардан айырмашылығы: спораларының құрылысы онша күрделі емес, атқыш капсуласы болмайды, споралары бір клеткалы, бұлар клетка ішінде болатын паразиттер.
Кейбір микроспоридиялар қауіпті паразиттер. Мысалы Nosema bombycis тұт жібек көбелегінің жұлдыз құртында болатын "пебрина" деген ауруды қоздырады. N. apis - бал арасында болатын "іш өтуі" деген ауруды қоздырушы. Микроспоридиялардың бірнеше түрлері балықтарда кездеседі, бірак оларға көп зиян келтірмейді.
Өзіндік сұрақтар:
1.Споралылардың даму кезеңiндегi негiзгi сатыларын атаңыздар.
2.Шизогония дегенiмiз не ?
3.Гаметогонияның мәнi неде ?
4.Спорогония дегенiмiз не ?
5.Грегарина мен безгек паразитiнiң даму кезеңiндегi қандай айырмашылықтар бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет