Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет38/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   163
Көбеюі және дамуы. Маржан полиптері жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Кейбір жеке тіршілік ететін актиниялар ұзына бойы бөліну, ал колониялы формалары бүршіктену арқылы көбейеді.
Көпшілігі дара жыныстылар. Жыныс клеткалары септаның энтодерма мен мезоглея аралығында дамиды. Аталық клеткалары эпителий қабатын тесіп, гастраль қуысына өтіп, одан ауыз тесігі арқылы су ортасына шығады да, сумей бірге аналық особьтарына өтіп жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Жұмыртқаның алдыңғы даму кезеңі гастраль қуысында өтеді. Зигота толық және біркелкі бөлшектеніп, бластула, гаструла ұрығын түзеп, одан кірпікшелі планула личинкасы пайда болады. Ол анасының ішінен ауыз тесігі арқылы су ортасына шығып, кірпікшелерінің көмегімен суда жүзіп жүреді де, денесінің кеңейген алдыңғы бөлігімен субстратқа бекініп жас полипке айналады. Кейде планула анасының ішінде жас полип деңгейіне дейін дамып, содан кейін сыртқа шығады.
Коралл (маржан) рифтері және олардың жер қыртысын қалыптастырудағы маңызы. Маржан полиптердің көпшілігі қаңқасы жақсы дамыған колониялы формалар болып келеді. Осьтардың арасында кең тараған, мықты біртұтас құрылысты ізбесті қаңқасы бар тобы - мадрепоралы немесе тасты маржандар. Қаңқасының күшті жетілуіне байланысты олар рифтер мен аралдарды құрап, жер қыртысының қалыптасуына қатысады.
Дене формасы бұтақты ағаш тәрізді немесе дөңгелек шомбал құрылысты, кейбіреулері өте ірі, мысалы Асгорога туысы бұтағының ұзындығы 4 м-ге дейін жетеді.
Рифтерді құрушы мадрепоралы маржандардың негізгі ерекшеліктері - оларға теңіз суының 3,5% тұздылығы, температурасы 20°С-дан төмен түспейтіндігі, таза, оттегіне бай су аймақтары қажет және 50 м-ден аспайтын тереңдікте ғана тіршілік ете алады. Терендік шамасының осылайша шектелуі олардың денесінде жарық сүйгіш бір клеткалы симбионтты (селбесу) балдырлар - зооксантеллалардың болуына байланысты. Осылардың көмегімен мадрепоралардың қаңқасы түзіледі деген жорамал пікір бар. Егер зооксантеллаларды денеден алып тастаса, онда қаңқаның құрылуы да тоқталады.
Осы ерекшеліктеріне байланысты мадрепоралы маржандар жылы теңіздерде, Атлант, Үнді, Тынык. мұхиттарының тропикалық аймағында, Австралия, Океания және Индонезия аралдарында кең тараған. Олар әр түрлі көркем түсті болып келеді және арасында сол рифтің түсіндей әсем түсті көп түрлі жануарлар (балықтар, тікентерілілер, моллюскалар, шаянтәрізділер, көпқылтанды құрттар) және бал­дырлар тіршілік етіп, өзгеше рифтік биоценозын құрайды. Бір организмдер рифті жауынан жасырыну немесе қоректену ретінде қолданады, басқалары рифтің түзілуіне қатысады.
Рифтер негізінен - жағалық, бөгеттік (барьерлік) және атолл болып қалыптасады. Жағалық рифтер судың жиегінде, барьерлік - жағалауларға параллель, бірақ едәуір қашықтықта су ішінде орналасады. Австралияның шығыс жағындағы барьерлік рифтің ұзындығы 1400 км-ге созылады. Рифтер негізінен тірі және өлі полиптердің қаңқаларынан түзіледі.
Атолл - сақина пішінді маржанды арал, теңіз бетінен аздап көтерілген дөңгелек төбешік, ортасында теңіз суына толы айдыны (лагуна) болады. Оның беткі қабаттарында көп жағдайда су толқынымен және желмен әкелінген өсімдік тұқымдары өніп гүлді аралға айналады.
Барьерлі рифтердің және атоллдардың қалыптасуы жөнінде көптеген жорамалдар бар. Солардың ішінде - Чарльз Дарвиннің теориясы. Ч. Дарвин "Бигль" кемесінде жасаған өзінің әйгілі саяхаты кезінде рифтерге бақылаулар жүргізіп, сол жөнінде көп материалдар жинап, мынадай нәтижеге келген: "Жағалық рифтер орналасқан аралдың теңіз түбі, жер қыртысының құбылыстарына байланысты, біртіндеп төмен кете бастаған сайын, оның мөлшері де кішірейеді, сонымен қатар жағалық мар­жандар да аралмен бірге судың астына батады, ал оны құрайтын полиптер тереңдікке шыдай алмай өліп, орнына, жаңа жас полиптерді бере бастайды. Өлген полиптердің қаңқасы жас полиптерге бекінетін субстрат болады. Арал суға түгел батқан кезде оның орнына атолл түзіледі" .
Сөйтіп, теңіз түбінің біртіндеп шөгуінің салдарынан жағалық рифтер бірте-бірте барьерлік рифтерге, одан ортасы теңіз суына толы айдыны (лагуна) бар атоллға айналады. Осы жорамалды Ч. Дарвин 1842 жылы шыққан "Коралл рифтерінің құрылысы және таралуы" деген кітабында толық жазып көрсетті.
Ал, Агассиц пен оны жақтаушыларының теориясы бойынша барьерлік риф­тер және атоллдар су астына кеткен таулар мен жартастардың төбесінде орналасып дамыған. Бұл теория бойынша таулар мен жартастар бұрын мұхиттың ортасынан шығып тұрған, содан кейін не теңіз түбінің төмен шөгу салдарынан, не бұзылуы нәтижесінде олар су астына біртіндеп батып кеткен. Кейін зерттеушілер атоллдардың бірқатарын өте терең жерден бұрғылап, олардың ірге тасы өлген полиптердің қаңқаларынан тұратындығын анықтап, бұл теорияны жоққа шығарды.
1880 жылы Джон Мэррей осы жөнінде өз теориясын ұсынды. Оның ойынша, атоллдардың ішкі айдынындағы (лагуна) өзінің тіршілік әрекетінен бөлініп шыққан жоғары концентрациялы көмір қышқыл газының еріткіш әрекетінің нәтижесінде маржан құрылысының ішкі жағы біртіндеп бұзыла береді де, ал бүған керісінше сыртқы қабаты теңіз суында өте көп мөлшерде болатын кальций карбонатының есебінен өсіп тұрады. Бірақ теңіз суын гидрохимиялық зерттеулердің нәтижесінде жоғары температура жағдайында көмір қышқыл газының ізбестерді ерітіп жібере алмайтыны анықталды. Сөйтіп бүл теория да рифтердің түзілуіне дәлел бола алмай қалды.
Барлық теориялардың ішінде Ч. Дарвиннің теориясын дұрыс деуге болады. Осыған сәйкес ағылшын ғалымы Вильям Рисе төрт атоллдардың құрылысын және олардың қалыптасуын зерттеп, 1962 жылы Ч. Дарвиннің жорамалдары дәлелденді деп хабарлады.
Коралл рифтерін түзуші полиптердің қалдықтары өте ерте геологиялық дәуірлерде табылған. Палеозой эрасында рифтерді қалыптастыруға қатысқан өліп кеткен Rugosa және Tabulata класс тармағының өкілдері, ал Мезозой мен Кайнозойда казіргі риф түзуші полиптерге ұқсас түрлері қатысқан.
Маржан полиптердін қаңқасы құрылыс, өңдеу материалдары ретінде пайдаланылады.
Маржан полиптер класы бес класс тармағына бөлінеді, оның үшеуі құрып кеткен, екеуі ғана бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет