Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет35/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Экологиясы. Сифонофоралар тропиктік және жылы теңіздерде көп кездеседі. Пневматофора мен нектофораларының көмегімен бүкіл колония судың ішіңде қалқып жүзіп жүреді.
Physalia physalis - "португаль кемешігінің" пневматофорасының ұзындығы 20-30 см, желкен тәрізді, судың бетіне шығып тұрады да, колонияны суға батырмай жылжытады.
Дене мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ге дейін - Diphyes туыстарында, Apolemia өкілдерінің ұзындығы 2-3 м-ге дейін, ал Physalia physalis-тың ұзындығы 1 м, қармалауыштары 10 м, пневматофораның биіктігі 20-30 см. Көпшілігі мөлдір түсті болып келеді, бірақ кейбір бөлімдері қанық түске боялған, мысалы, "португаль кемешігінің" пневматофорасы қызғылт немесе көгілдір.
Филогениясы. Сифонофоралардың құрылыс ерекшеліктеріне қарап ғалымдар екі көзқарасты ұсынды: біріншісі - сифонофоралар полиморфты колониальды жануарлар; екіншісі - жеке күрделі организмдер, зооидтар олардың мүшелері деп дәледделген.
Ғалымдардың көпшілігі бірінші ұсынысты қолдап, сифонофоралар колониальды гидроидтылардан пайда болып, жеке жүзіп тіршілік етуге бейімделген колониальды жануарлар деп есептейді. Бұған дәлел болатыны - сифонофоралардың даму тарихы және колониядағы пневматофора, нектофоралары, гонозоидтары - медузалық формалары болса, ал гастрозоид пен пальпондары (цистозоидтар) түрі өзгерген полиптер болып табылады.


9 лекция
Сифонофоралар класс тармары – SIphonophora
1. Сцифомедузалар класы - Scyphozoa
2.Маржан полиптер класы – Anthozoa
3.Сегіз сәулелі маржаңдар класс тармағы - Оctocorallia
4. Алты сәулелі маржандар класс тармағы - Hеxacorallia
5.Ішекқуыстылар (Сoelenterata) типінің филогениясы
СЦИФОМЕДУЗАЛАР КЛАСЫ - SCYPHOZOA
Бұл кластың тек теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлері белгілі. Құрылысы жағынан гидроидты медузаларға ұқсас, айырмашылығы - олардан ірі және желкенсіз болады.
Құрылысы мен физиологиясы. Сцифомедузалардың өкілі ретінде аурелия ауританы (Aurelia aurita) алуға болады. Аурелияның шатыр пішінді денесінің астыңғы (төменгі) ойыс жағында төрт бұрышты ауыз тесігі болады, оны қорегін ұстап алатын төрт қалақша өскін қоршаған. Ауызы жұтқыншақ арқылы қарын қуысымен жалғасып тұрады. Қарынның жиегінде, сөл шығарып тұратын төрт гастральды жіпшелері бар. Гастроваскулярлы жүйесінің кезектесіп отыратын тармақты және тармақсыз радиальды түтікшелері қарынның жиегінен басталып, әрқайсысы шатыр жиегін бойлай тұйықталған сақина тәрізді түтікшемен байланысқан. Аурелия планктонды организмдермен қоректенеді. Қорек заттары қарында қорытылып, түтікшелері арқылы денеге тарап, қорытылмаған қалдығы ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.
Шатырдың айнала жиегіндегі қысқа қармалауыштарының кейбіреулері жуандап, шеткі денешіктерге немесе ропалилерге айналады. Олар тармақты радиальды түтікшелердің түбінде орналасады, саны сол түтікшелердің санына сай келеді. Ропалидің ішінде тепе-теңдікті сақтау мүшесі - статоцист және әр түрлі құрылысты көзшелері болады. Қарапайым көзшелері эктодермальды пигментгі және сезгіш ретинальды клеткаларынан құралған, ал күрделі көздері көз шұңқыршағы эпителий астына батып тұрған көз көпіршігі түрінде болады. Оның түбі мен бүйірі пигментті және ретинальды клеткаларынан құралған, үстіңгі қабырғасы қалыңдап қасаң қабық пен көз жанарына айналып, қалған бос кеңістік көз көпіршігі бөліп шығарған шыны тәрізді затқа толы. Осындай күрделі құрылысына қарамастан көздері тек жарықтың өзгерістерін ғана ажырата алады.
Нерв жүйесі күрделіленіп шатырша жиегінде яғни ропалилердің жанында нерв клеткаларының түйіні - ганглиялар түрінде дамыған.
Көбеюі және дамуы. Сцифомедузалар - дара жыныстылар. Жыныс бездері қарын қалталарьшда қалыптасып, жетілген жыныс клеткалары ауыз тесігінен сыртқы су ортасына шығып ұрықтанады.
Зигота толық біркелкі бөлшектеніп бластула және гаструла ұрығын түзеп, одан кірпікше түкпен жабылған личинка - планула пайда болады. Ол кірпікшесінің көмегімен суда біраз уақыт жүзіп жүреді де денесінің алдыңғы бөлігімен субстратқа бекініп, гидраға ұқсас сцифистома деп аталатын полипоид кезеңіне өтеді .
Сцифистома өсіп, оның денесі бірқатар көлденең бунақталып, бір-біріне қабаттаса орналасқан диск тәрізді жас медузалар пайда бола бастайды. Осындай көлденең бүршіктенуді стробиляция, ал осы сатыдағы полипты стробила деп атайды.
Стробиляция нәтижесінде пайда болған жас медузалар бірте-бірте сцифистомадан бөлініп шығып, еркін тіршілік ете бастайды. Олардың шатырша шеті терең ойықталған, ішкі жүйелері толық дамымаған. Бұл - эфира деп аталатын личинкалық сатысы. Эфиралардың шатырша шеті тегістеліп, гастроваскулярлы жүйесі толық қалыптасып, жыныс клеткалары жетіліп ересек медуза пайда болады.
Сцифистома мен медузоидты ұрпақтарының алмасуы нағыз метагенездің белгісі. Сцифистома бекініп тіршілік ететін, тек қана жыныссыз стробиляция жолымен көбейіп медузаларды қалыптастыратын формалары және тез өтіп кететін, нашар білінетін сатысы. Медузалар - еркін тіршілік ететін, тек қана жынысты жолмен көбейіп сцифистомаларды қалыптастыратын формалар, оның кезеңі әлде қайда басымырақ болып келеді. Сөйтіп аурелия аурита ұрпақ алмасуы - метагенез жолымен, яғни жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет