Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет36/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   163
Экологиясы. Сцифомедузалар теңіздерде кең тараған, әсіресе аурелия аурита барлық қоңыржай және тропикалық теңіздерде мекендейді, арктикалық аймақтарда да кездеседі. Балтық, Ақ, Баренц, Қара, Азов, Жапон теңіздерінде көп көлемде таралған.
Дене түсі мөлдір, себебі мезоглеясындағы судың мөлшері - 97,5%. Шатыры жалпақ болып келетін медузаларды - дискомедуза деп атайды, мысалы аурелия аурита, ал шатыры биік - кубомедузалар (Chiropsalmus туысы).
Дене көлемі де әр түрлі. Аурелия ауританың шатырының диаметрі 40 см, қармалауыштары қысқа, ал цианеа арктиканың (Cyanea arctica) шатырының диаметрі 2 м-ден артық, қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге жетеді. Қармалауыштарының және шатырының көмегімен суда қалқып, шарықтап немесе реактивті түрінде жылжиды. Шатыры минутына 100-140 рет жиырылып жазылады. Тіркелмелі тіршілік ететін медузалар да кездеседі. Олар солтүстік теңіздерде көп кездесетін, қоңыр түсті, биіктігі 2-3 см - Haliclystus және ақшыл түсті, биіктігі 12 см-ге дейін жететін Lucernaria туысының өкілдері. Олар шатырының жоғарғы жағындағы сабақшасымен субстратка бекінеді. Шатырша шеті терең ойысталған, түйреуіш тәрізді қармалауыштарының арасыңда түрі өзгерген безді клеткаларға толы - ропалиялары орналасқан.
Сцифомедузалар - жыртқыштар, планктондық организмдермен, балық шабақтарымен де қоректенеді, ал тамырауызды медузалардың Rhyzostoma pulmo өкілінің ауыз тесігі бітеліп, ауыз айналасындағы қалақша өскінділері бірігіп қатпарланып, тек кана ұсақ планктонды организмдерді сүзетін елекке айналған.
Классификациясы. Сцифомедузалар класы бес отрядқа бөлінеді: стауромедузалар - Stauromedusae, кубомедузалар - Cubomedusae, короната - Coronata, семаеостомеа - Semaeostomeae, тамырауыздылар - Rhizostomida.
Стауромедузалар отряды - Stauromedusae
Тіркелмелі тіршілік ететін медузалар. Ұрпақ алмасу жолы болмайды. Планула личинкасы бірден медузаға айналады. Бұларға 30-дай түрі жатады. Негізгі туысы: Lucernaria және Haliclystus.
Кубомедузалар отряды - Cubomedusae
Жылы теңіздердің таяз жерлерінде тіршілік ететін медузалар. Шатыршасы төрт қырлы, биік, онда төрт ропалия мен төрт қармалауышы орналасқан. Австра­лия, Океания, Индонезия теніз жағалауларында Chiropsalmus туысының өкілдері кең тараған. Олардың атқыш клеткаларының күйдіргіш күші барынша дамыған, улы сұйықтығы адамға да күшті әсер етеді.
Короната отряды - Coronata
Теңіздің терең қабаттарыңда мекендейтін медузалар. Шатыры сақина тәрізді белдеуленіп, орталық дискі және шеткі тәжге - "коронаға" бөлінеді. Қармалауыштары мен ропалиялары қоймалжың келген тұғырда орналасқан.
Негізгі туыстары: Atolla және Poriphylla.
Семаеостомеа отряды - Semaeostomeae
Әлемдік мұхиттың суларыңда кең тараған медузалар. Дене шатыршасы жалпайған, диск немесе табақша тәрізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет