Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет43/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Экологиясы. Ескектілер барлық теңіздерде кездеседі, бірақ қоңыржай және жылы теңіздерде көп тараған. Денесі нәзік, мезоглеясы жақсы дамыған, медузалардікі сияқты мөлдір түссіз немесе қызғылт түсті, тек ескек тақталары кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрады. Көбінесе судың үстіңгі қабатыңца тіршілік етеді, ал теңіз қатты толқынданып, нәзік денесіне қауіп төнген кезде су түбіне шөгіп кетеді.
Дене мөлшері 5 мм-ден (Pleurobrachia pilens) 12-20 см-ге дейін (Bolinopsis infundibulim, Beroe cucumis), ал шолпан белдігінің - Cestus veneris-тің ұзындығы 1,5 метр.
Классификациясы. Ескектілер класы екі класс тармағына бөлінеді: қармалауышсыздар - Atentaculata және қармалауыштылар - Tentaculata.
ҚАРМАЛАУЫШСЫЗДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ATENTACULATA
Бұларда бір ғана - Beroidea - отряды бар. Тіршілігінің барлық, кезеңінде қармалауыштары болмайды, қорек заттарын кең ашылатын ауызымен ұстап қоректенеді. Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздерінде Beroe cucumis түрі кең тараған. Денесі қап тәрізді. Жыртқыштар, басқа ескектілермен қоректенеді.
ҚАРМАЛАУЫШТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - TENTACUIATA
Бес отряды бар, тіршілігінің барлық кезеңінде, ал кейде дамуының алғашқы сатысында ғана қармалауыштары болады. Тіршілік жағдайына бейімделуіне байланысты көптеген өзгерістерге ұшыраған.
Cestidea отряды өкілдерінің денесі көлденеңінен созылған ұзын лента тәрізді. Басты өкілі - Cestus veneris. Жерорта теңізінде мекен етеді. Кемпірқосақтың түсіндей құбылады.
Cydippea отряды өкілдерінің денесі шар немесе жұмыртқа тәрізді, қармалауыштары жақсы дамып тармақталған, денесінен ұзын .
Bolinopsidea отряды өкілдерінің денесі жұмыртқа тәрізді, оральды полюсінде екі жүзгіш қалағы жақсы дамыған. Негізгі туыстары: Belinopsis, Osyropsis, Deiopea.
Tjalfiellidea отрядының Арктика жағалауында кездесетін жалғыз ғана түрі -Tjalfiella tristome - бекініп тіршілік етуге бейімделген. Бұлардың жаңа дамыған формалары кәдімгі ескектілер сияқты ескек тақталары арқылы суда еркін жүзіп, кейін ауыз жағымен субстратқа бекінеді. Ауызының екі шеткі бөлігі жоғары қарай созылып, ауыз тесігінен қорек затты ұстауға бейімделген екі қармалауышы шығып тұрады .
Platyctenea отряды мүлде ерекше, өкілдері тек жүзіп қана қоймай, сонымен қатар субстратта жорғалап тіршілік етуге бейімделген. Бұларға 20-ға жуық түрлері жатады, негізгі туыстары: Ctenoplana және Coeloplana.
Көрнекті ғалым А. О. Ковалевский 1880 жылы Қызыл теңізден жалпақ пішінді жорғалап тіршілік ететін түрді тауып, оны зерттеп Coeloplana metschnikowi деп атады. А. А. Коротнев 1886 жылы Кіші Архипелагтың жағалауларынан Coeloplana-ға ұқсас жорғалауыш ескектіні тауып, оны Ctenoplana kowalevski деп атады.
Жорғалауыш ескектілердің денесі басты ось бағытына жалпайған (жоғарыдан төменге қарай), астыңғы жағында ауыз тесігі, оральды жорғалауыш табаны, ал жоғарғы жағында абораль мүшесі және қос қармалауыштары орналасқан. Денелері екі жақты симметриялы, мезодерма бастама клеткалары айқын дамыған. Бұларда ескектілердің де, кірпікшелі жалпақ құрттардың да (ТшЪеІІагіа) белгілері байқалады.
Ctenoplana-ның сегіз қатарлы ескекті тақталарының болуына байланысты, олар жүзе де, жорғалап та жылжи алады.
Coeloplana-ның ескекті тақталары жойылған, сол себептен олар тек жорғалайды. Бұлардың жас формаларында ескек тақталары болып, даму процесінде жойылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет