Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - PLATHELMINTHES НЕМЕСЕ PIATODES



бет45/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - PLATHELMINTHES НЕМЕСЕ PIATODES
Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметрия жазықтығын жүргізуге болатын екі жақты симметриялы /билатеральды/ жануарлар жатады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес, үш ұрық жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабат түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы /жапырақ, тақта, таспа тәріздес/.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі - терібұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып /сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза-вентральды, қиғаш/эпителий астында жануардың денесін қаптайды. Plathelminthes типінің "құрт тәріздес" қозғалуы тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықет талшықтарының жиырылуы арқасында жүреді.
Жалпақ құрттардың бәрі де - қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі мүшелері арасындағы кеңістікті мезодермадан пайда болған дәнекер тканьдер немесе көптеген клеткалары бар паренхима толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Паренхима мүшелер аралығындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.
Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және ерекше аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы /зәр шығарушы/ саңылаулармен байланысады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады.
Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар (Turbellaria), дигенетикалық сорғыштар немесе трематодтар (Trematoda), моногенетикалық сорғыштар (Monogenoidea), таспа құрттар (Cestoda) және цестодатәрізділер (Cestodaria). Соңғы 4 класс өкілдері - нағыз паразиттер.
КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA

  • Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela

  • Макростомидтер отряды - Macrostomida

  • Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida

  • Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida

  • Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Tricladida

  • Тік ішектілер отряды - Rhabdocoela

  • Темноцефалида отряды - Themnocephalida

  • Удонеллидтер отряды - Udonellida

  • СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - TREMATODA

  • Дигенетикалық сорғыштар класс тармағы - Digenea

  • Аспидогастерлер класс тармағы - Aspidogastraea

  • МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - MONOGENOIDEA

  • Төменгі сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Polyonchoinea

  • Жоғарғы сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Olygonchoinea

  • ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA

  • Солитерлер немесе цепеньдер отряды - Cyclophyllidea

  • Таспа құрттар отряды - Pseudophyllidea

  • Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea

  • Тетрафилидеа отряды - TetraphyUidea

  • Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea

  • ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA

  • Гирокотилида отряды - Gyrocotylidea

  • Амфилинида отряды - Amphilinidea



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет