Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela



бет50/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   163
Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela
Өте ұсақ теңіз формалары, оларға ішектің болмауы, оның рөлін ас қорыту паренхимасының атқаруы, протонефридияның болмауы, нерв талшықтарының денеге беткейі орналасуы, жыныс жүйесінің қарапайымдылық ерекшелігі тән. Статоцистасы бар. Кейбір Acoela паренхимасында симбиоздық тіршілік ететін бір клеткалы балдырлар, зоохлореллалар болады.
Өкілі: Convoluta convoluta теңіз жағалауының кәдімгі формасы, көптеген зерттеулер объектісі.
Макростомидтер отряды - Macrostomida. Тұщы су және теңіздің ұсақ турбелляриялары. Қалта тәрізді ішегі болады. Жыныс жүйесі қарапайым. Өзінен үлкен жемтікті жұта алатын жыртқыштар. Негізгі туыстары: Macrostomum және Microstomum. Microstomum lineare тізбек түзу арқылы жыныссыз көбейеді.
Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida. Теңіз жағалауындағы құмда тіршілік етеді. Қапшық тәрізді ішегі және жұтқыншакта орналасқан жұп хитинді жақтары бар. Отрядтың ерекшелігі - тері эпителиясында кірпікше емес, талшықтары бар. Қарапайым түрлерінде нерв жүйесі беткейі орналасқан, протонефридия және біріккен сарыуыз бездері болмайды. Өкілі: Gnathostomula paradoxa.
Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida. Теңізде тіршілік ететін, жапырақ тәрізді, кейде ірілері 15 см-ге дейін жететін турбеллярилер. Олардың ірілігі ішектің тарамдылығы мен жыныс бездерінің көп болуынан. Поликладидалардың құрылысыңца қарапайымдық белгілері де кездеседі: сарыуыз бездерінің, жыныс жолдарының болмауы. Поликладидалардың тропикалық өкілдері, әсіресе коралл рифтерінде тіршілік етушілері ашық және тарғыл түсті болады. Біздің солтүстік теңіздерде - Leptoplana alcinoi жиі кездеседі. Дамуы метаморфоз (личинка) арқылы өтеді.
Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Tricladida. Денесі жапырақ немесе тақта тәрізді. Жыныс жүйесіне көптеген аталық тұқым бездерінің, екі жұмыртқа безі мен көптеген сарыуыз таратқыштарының болуы тән. Ішегі үш тарамды. Көбіне тұщы су формалары. Өкілдері Dendrocoelum lacteum, Euplanaria genocephala, Polycelis nigra. Кейбір Tricladida-лар теңіздерде өмір сүреді. Тропикалық түрлері, мысалы Bipalium stimpsoni су өсімдіктер жапырақтарының астында, ылғалды жерлерде кездеседі. Құрлықта кездесетін Tricladida-лар кейде 30 см-ге дейін жете алады. Әсіресе үш тармақты ішекті турбеллярилерге Байкал көлі бай. Сондағы трикладидалардың мөлшері үлкен болады және олар бірнеше жүз метрге дейінгі тереңдікте кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет