Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет78/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   163
КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA
Теңіз түбіндегі құмдарда немесе балдырларда тіршілік ететін, ұсақ құрт пішінді жануарлар. Ұзындығы 0,8-1 мм. 100-ге жуық түрлері бар.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі кішірек бас бөлімінен, қысқа мойын және ұзын дене бөлімінен тұрады. Денесі қалың хитинді тақталармен қапталған. Олар біріне-бірі тығыз үй шатыры (черепица) сияқты жанасып орналасуының нәтижесінде, құрттың денесі буынды сияқты болады.
Тақталар құрт денесін 13 буынға бөліп тұрады: бірінші - бас буыны, екіншісі - плакида деп аталатын мойын, қалғандары зонит деп аталатын - дене буындары. Киноринхалардың буындарын, буылтық құрттардағы буындармен шатастыруға болмайды, өйткені киноринхалардың сыртқы буындарының ішкі мүшелерге қатысы жоқ.
Сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетка қабатынан тұрады. Денесінің басындағы кутикулярлы өсінділер ұзынша тікенек, ал қалғандары майда қылтаншалар түрде түзілген.
Киноринхалардың бұлшықеттері бөлек-бөлек түйіндерге бөлініп, тұтас тері -бұлшықет қапшығын жасамайды. Бұлшықеттері көлденең салалы жолақ. Киноринхалар барлық төменгі сатыдағы құрттардан осы белгісімен ерекше. Дене қуысы - схизоцель.
Ac қорыту жүйесі түтік түрінде ауыз тесігінен басталып, артқы жағында анальтесігімен аяқталады.
Зәр шығару жүйесі, құрсақ кірпікшелілердікі сияқты протонефридиальды. Жұп түтіктері қысқа, ұштары жұлдызша клеткамен аяқталады.
Нерв жүйесі жұтқыншақ айналасындағы нерв сақинасынан және құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Денесінің буынына сәйкес, әрбір зонитта да ганглия клеткаларының жиынтығы байқалады. Сезім мүшелері қылшықтардан және жұптасқан қарапайым көзшелерден тұрады.
Киноринхалар дара жынысты. Жыныс бездері жұп, жыныс жолдары дененің артқы бөлімінде ашылады. Жұмыртқаларынан личинкалар шығып, бірнеше рет түлеп, ересек түрлеріне айналады. Түлеген уақытта денесіндегі тақталары жаңадан түзіледі.
Киноринхалардың шығу тегі толық зерттелмеген. Денесінің құрылысына қарап оларды жұмыр құрттар типіне жатқызады. Кутикуланың болуы, личинкаларының түлеу арқылы өсуі, дара жыныстылығы оларды нематодтармен, ал протонефридияның құрылысы - құрсақ кірпікшелілермен жақындастырады. Кейбір ғалымдар киноринхаларды скребнилерге және түкті құрттардың личинкаларына ұқсатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет