Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет84/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Кейбір түрлерінде ғана дамыған. Мысалы, алып скребнилерде (Macracanthorhynchus hirudinaceus) ұштарында колба тәрізді кірпікшелі клеткалары бар тарамдалған түтікшелер екі негізгі жинағыш түтікке өтеді де, олар жыныс жүйесінің тұқым шығару жолына ашылады. Сонымен скребнилердің ерекшелігі - зәр шығару мен тұқым шығару жолдары қосылған.
Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады.
Нерв жүйесі қарапайым құрылысты. Ми ганглиясы тұмсық қынабына еніп жатады, одан жұқа нерв талшықтары алға тұмсыққа карай және екі бүйір нерв бағанасы дененің артқы бөліміне қарай бағытталған.
Сезім мүшелерінен тек екі кішкене сезгіш бүртіктері бар, олар тұмсықтың ұшында және жыныс тесігінің жанында орналасқан.
Скребнилер дара жынысты. Жыныс мүшелері жұп, олардың түзілуі ерекше жалғастырушы буынымен немесе лигаментпен байланысты. Лигамент жануардың тұмсық қынабынан басталып дененің артқы ұшына бағытталып, дене қуысында жатады.
Аталық жүйесі екі сопақша келген тұқым бездерінен және ұрық жолдарынан тұрады. Екеуі бірігіп тұқым шығаратын түтікке айналады. Түтіктің ұшы сүйірленіп шағылыс мүшемен аяқталады. Ол шағылыс қалтасының ішінде орналасқан. Тұқым шығаратын түтікке арнайы цемент бездері ашылады .
Аналық жыныс жүйесіндегі екі аналық безі лигаменттің ішкі жағында орналасып, жұмыртқа түйірлеріне бөлінеді. Бұлар лигамештен дене қуысына түсіп, жұмыртқаларды шығара бастайды. Олар дене қуысының сұйық затында жүзіп жүріп, жетіліп, ұрықтанады. Ұрықтанған және бөлшектене бастаған жұмыртқаларының пішіні сопақтау немесе ұршық тәрізді, жіңішке және ұсақ болады. Жұмыртқа сыртқа шығуы үшін аналық жолына түсуі қажет. Аналық жолының құрылысы ерекше. Ол дене қуысына воронка немесе қоңырау тәрізді кеңейген ұшымен ашылады және оның артқы жағында екі жіңішке және бір кеңдеу саңылауы болады. Кеңейген ұшының қозғалысы әсерінен оның ішіне жұмыртқалар келіп түседі. Ұрықтанып, бөлшектене бастаған жұмыртқалар түтіктің жіңішке тесіктері арқылы аналық жолына, одан жатын және қынап арқылы сыртқа шығарылады, ал ұрықтанбаған ірі жұмырткалар аналық жолына өте алмай, қоңырау тәрізді кеңейген тесігінен дене қуысына қайтадан түседі. Сөйтіп, аналық жолы -жұмыртқаларды іріктеу қызметін атқарады.
Скребнилердің даму циклы әдетте метаморфозбен және иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері балықтардың, құстардың немесе сүткоректілердің ащы ішегінде тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, одан ары даму үшін аралық иесінің денесіне түсуі керек. Скребнилердің аралық иесі көбінесе шаянтәрізділер немесе насекомдар (зауза және кола қоңыздың личинкалары). Аралық иесінің ішегіне түскен жұмыртқадан тұмсығында ілмешектері бар личинка дамиды. Ол ішекті тесіп, дене қуысына өтеді де, осы жерде өсіп, жыныс жүйесі ғана дамымаған ересек түріне айналады. Осындай метаморфоздан кейін скребнидің тұмсығы тұмсық қынабына тартылып, денесі дөңгелектеніп, сырты қабыршақпен оранып капсулаға айналады. Осы күйінде көп жылдар бойы өмір cүpe алады.
Негізгі иесінің ішегіне түскен капсула кезеңіндегі скребнилер өзінің капсуласынан босап, тұмсығының жәрдемімен ішекке бекініп жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, жоғарыдағы айтылған даму циклі қайталанады.
Кейбір түрлерінде даму циклі екі аралық иесі қатысуымен өтеді. Мысалы, Corynosoma strumosum - тюленнің (итбалыктың) ішегінде паразитгік тіршілік ететін құрттың бірінші аралық иесі - шаянтәрізділер (Pontoporeia туысынан), екіншісі - балықтар.
Скребнилер мал, балық және құс шаруашылығына үлкен зиян келтіріп, олардың өнімділігін азайтады. Мысалы, Pomphorhynchus laevis, Neorhynchus rutili, Echinorhynchus gadi, Acanthocephalus anguillae балықтардың паразиттері. Қаяз балықтың ішегінде Pomphorhynchus laevis-тың 300-ге жуық особьтары табылған. Polymorphic туысының өкілдері үйректердің, Prosthorhynchus - құстардың паразиттері. Алып скребни (Macracanthorhynchus hirudinaceus) шошқаның паразиті.
Скребнилер класы екі отрядқа бөлінеді: Palaeacanthocephala және Archiacanthocephala. Бірінші отрядтың өкілдері балықтардың, екіншісі - құстар мен сүтқоректілердің паразиттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет