Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет92/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ – CLITELIATA
1.Азқылтандылар класы - oligochaeta
2. Сүліктер класы – Hirudinea
3. Классификациясы.
Бұл тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, гермафродита, жыныс сегменттеріңнде белдеу аймағы (clitellum) бар, личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа бөлінеді: азқылтандылар - Oligochaeta және сүліктер - Hirudinea.
АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA
Олигохеттердің 3400-ге жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін гермафродит буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы сегменттерінде жинақталған.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 мм-ден 3 метрге дейін (Megascolides australis-та). Сегменттері біркелкі (гомономды), саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 болады. Бас қалақшасында - простомиумда көздері, антенналары, пальпалары дамымаған. Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек сирек орналасқан қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтандылар деп атайды. Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі - пигидиум орналасқан. Жіңішке созылмалы кутикуланы түзетін тері эпителиясы кілегейлі без клеткаларына бай. Бұлар әсіресе белдеу төңірегінде көбірек. Эпителидің астында жақсы жетілген сырты сақина тәрізді, іші - тығыз орналасқан ұзына бойы бұлшықеттерден құралған тері-бұлшықет қапшығы жатады. Кең, жақсы дамыған целом қуысы диссепиментпен және құрсақ мезентериімен бөлінген. Аркд мезентериясы жоқ. Іш қуысы целотелимен астарланған.
Ас қорыту жүйесі дененің простомиум сегментінде орналасқан ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, өңештен (кейде жемсаудан), бұлшық етті қарыннан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь тесігінен тұрады. Жауын құртының (Lumbricus terrestris) өңешіне үш жұп ерекше ізбесті бездер (моррен бездері) ашылады. Олар қан тамырларымен тығыз байланысты және қандағы жиналған карбонаттарды шығару қызметін атқарады. Ізбест безінің сұйығынан өңешке өтеді де, гумин кышқылдарының әсерін әлсіретеді (нейтрализациялайды).
Ортаңғы ішектің арқа жақ қабырғасында ішегіне терең енген тифлозоль деп аталатын қатпарлар ұзына бойлай орналасқан. Олар ішектің бетін ұлғайтып, қорек сіңіргіш қызметін жақсартады. Олигохеттердің негізгі қорегі өсімдік қалдықтары және детрит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет