Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


СКРЕБНИЛЕР КЛАСЫ - ACANTHOCEPHALA



бет83/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   163
СКРЕБНИЛЕР КЛАСЫ - ACANTHOCEPHALA.
Скребнилер цилиндр немесе ұршық тәрізді, ұзындығы 1,5 мм-ден 40 мм-ге дейін, ал алып скребнидің (Macracanthorhynchus hirudinaceus) аталығының ұзындығы 70-150 мм, аналығы - 300-650 мм.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі тұмсық пен тұлға бөлімдерге бөлінген. Тұмсығы бірнеше қатар, артқа қарай қайырылған кутикулярлы ілмешектермен қаруланған. Ілмешектері сүйір болып радиальды қатармен (Palaeacanthocephala отрядында) немесе спиральды (Archiacanthocephala отрядында) орналасқан. Осы ілмешектерімен иесінің ішегіне қадалып бекінеді. Сондықтан скребнилердің тұмсығы - арнайы бекіну мүшесі. Тұмсығы дөңгелектенген (Filicollis туысында) немесе ұзарған цилиндр (Rhadinorhynchus туысында) пішінді, іші қуыс.
Бұлшықет - ретракторларының көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің алдыңғы ұшында орналасқан тұмсық қынабы ішіне қарай тартылады. Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсық теріс аударылған қолғап саусағы сияқты сыртқа созылып шығады.
Денесі жұқа кутикуламен қапталған, оның астында синцитий түріндегі - гипо­дерма қабаты болады. Гиподерманы тесіп өтетін түтікшелер немесе лакуналар жүйесі болады. Гиподерманың қалың жерлерінде ірі ядролары бар және бұл жерде скребнилердің негізгі энергия көзі болып табылатын гликогеннің қоры жиналады.
Тұлға мен тұмсықтың біріккен жерінде гиподермадан пайда болған лемнискалар деп аталатын, лента тәрізді өсінділер тұмсық қынабының екі жағында орналасқан. Лемнискалардың атқаратын қызметі толық анықталмаған. Болжам бойынша тұмсықтың қынап қуысына тартылып және сыртқа созылып шығуына қатысатын болуы керек.
Тері-бұлшықет қапшығы сыртқы сақина тәрізді және ішкі ұзына бойы созылған бұлшықет талшықтарынан құралған. Алғашқы дене қуысы (схизоцель) жақсы дамыған.
Иесінің ішегінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Қорытылған қорек затты паразит дене жабыны арқылы сіңіреді. Бұған қосымша гиподерманы тесіп өтетін түтікшелер немесе лакуналар жүйесі де қорытылған заттарды өткізіп маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет